Өзбекстанның Жемқорлықпен күрес агенттігі Еңбек кодексіндегі "Туыстардың мемлекеттік мекемелерде бірге жұмыс істеуіне шектеу" туралы заңға өзгеріс енгізетін заң жобасын әзірледі.
Оған сәйкес, туыстардың, құдалардың бір мемлекеттік мекемеде бір-біріне қарасты қызметтер істеуіне тыйым салынады. Осыған дейін шектеу тек жақын туыстары үшін ғана болған.
Ұсынылып жатқан өзгерістерге сәйкес, мемлекеттік қызметкер туысымен бір мекемеде істеп жатқанын білгеннен кейін 10 күн ішінде жетекшісіне мәлімет беруі тиіс. Бұл талап орындалмаса, 375-500 доллар көлемінде айыппұл салу қарастырылған.
Егер қызметкер бұл туралы мәлімет бергеннен кейін басшылық олардың біреуін басқа қызметке ауыстырмаса, оған 600-750 доллар көлемінде айыппұл салынады.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Мирзияев һәм Назарбаев-Тоқаев тандемі. Өзбекстан Қазақстан салған сүрлеуге түсті ме?"Жемқорлық радиациядан да қауіпті". Қазақстан мен Өзбекстан атом электр станциясын салуға дайын ба?Зерттеу: Өзбекстан әл-ауқат қорының миллиондаған ақшасы Мирзияевтің туысына берілгенЖаңа ханшайым? Өзбекстанда Мирзияев қызының ықпалы артып келедіКаримова активтері: Белсенділер Өзбекстанға қайтарылатын ақшаны қайта жымқыруға жол бермеуге шақырды