Кремль: АҚШ-тың Ресейде үш жылдан артық жүрген дипломаттары кетуге тиіс

АҚШ-тың Мәскеудегі елшілігі.

АҚШ-тың Ресейдегі елшілігінде үш жылдан артық жұмыс істейтін АҚШ азаматтары 2022 жылдың 31-қаңтарына дейін Ресейден кетуге тиіс. Бұл жөнінде СІМ ресми өкілі Мария Захарова хабарлады.

Мәскеудің бұл шешімі Ресей дипломаттардың АҚШ-тағы мерзімін шектеген Вашингтонға жауабы болып тұр.

Захарованың сөзінше, бұл Ресейдің таңдауы емес – "мұндай ойынды АҚШ-тың өзі таңып отыр".

Осыған дейін Вашингтон АҚШ-тағы Ресей елшілігінің 27 қызметкерін 2022 жылдың 30 қаңтарына дейін кетуді талап еткен.

Американың Мәскеудегі елшілігі әзірге пікір білдірмеді.

2020 жылы АҚШ мемлекеттік департаменті Вашингтон, Нью-Йорк және Хюстондағы Ресей дипломаттарының жұмыс мерзіміне үш жылдан аспайтын шектеу қойған.

"Келер жылдың 1 шілдесіне дейін Вашингтон үш жылдық шектеуден бас тартпаса, АҚШ дипломаттары тағы шығарылады", – деп ескертеді Ресей сыртқы істер министрлігі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

"Коммерсантъ": Ресей АҚШ елшілігінің баспасөз хатшысын еліне қайтарадыАҚШ Ресейді қамауға алынған Қырым татарларын босатуға шақырдыАҚШ-тың Ресейдегі елшілігі жергілікті қызметкерлерін жұмыстан босаттыАҚШ-тың Мәскеудегі елшілігі ресейліктерге виза беру шектелгенін хабарладыМәскеу АҚШ сенаторы Рон Джонсонды Ресейге кіргізбеді