China Power Қырғызстанда ірі Күн электр станциясын салуға ынта білдірді

Қытайдың China Power International Development компаниясы Ыстықкөлде қуаты 1000 мВт болатын Күн электр станциясының құрылысына инвестиция құюға даяр. Бұл жөнінде Қырғызстан министрлер кабинеті хабарлады.

8 сәуірде елде "Қырғыз республикасының энергетика секторының трансформациясы" атты форум өтіп, сол кезде тараптар арасында инвестициялық келісімге қол қойылған. China Power бұл жобаны China Railway 20 Bureau Group Corporation (CR20G) ұйымымен бірігіп жүзеге асырмақ.

Әзірге инвестиция көлемі, жүзеге асыру мерзімі, Күн электр станцияларының орны және өзге де жоба детальдары толық айтылған жоқ.

Министрлер кабинетінің хабарлауынша, China Power International Development Limited әлем бойынша Күн сәулесінен қуат өндіретін ірі кәсіпорындардың бірі және Пәкістан, Вьетнам, Қазақстан, Германия, Австралия, Бразилия, Чили және Мексика елдерінде жобалары бар. Компанияда 12 мыңнан астам адам жұмыс істейді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Қазақстанда АЭС салуға 5 миллиард доллар жұмсалуы мүмкінВице-министр: АЭС құрылысы бойынша шешім жыл соңына дейін жариялануы мүмкінҚырғызстанда белсенділер АЭС салуға қарсы қол жинай бастадыCAN: "Росатомның" Орталық Азия елдерінде АЭС салуының саяси сипаты басымНазарбаев Қазақстанда АЭС салынатынын, Ресейдің қатты ықылас білдіріп отырғанын айтты