Өзбекстанда ресейлік компаниялар күрт көбейді

Тігін фабрикасы. Көрнекі сурет.

Өзбекстанда сәуір айында ғана ресейліктердің қатысуымен 103 компания құрылған. Бұл қаңтар айымен салыстырғанда төрт есеге көп.

Мемлекеттік статистика комитетінің есебіне қарағанда, 2022 жылғы қаңтар-сәуір айларында Өзбекстанда шетел азаматтарының қатысуымен 798 компания тіркелген.

Бірінші орында Ресей (210 компания), екінші орында Түркия (128), ал үшінші орында Қытай (74) тұр.

Өзбекстанда құрылған ресейлік компаниялар саны Мәскеудің Украинадағы "арнайы операциясы" басталғаннан соң күрт көбейген. Мәселен, Өзбекстанда қаңтар айында 23 ресейлік компания тіркелген, ал сәуір айында 103 компания жаңадан ашылған.

Бұған қоса Өзбекстанда сәуір айында ақпарат және байланыс саласына қатысты 45 компания шетел капиталының қатысуымен құрылған.

Өзбекстанда IT компаниялардың көбеюі Мәскеуге салынған санкциялармен байланысты. Ресейдегі ақпараттық технологияға қатысты компаниялар санкциялардан қашып, кеңселерін Орталық Азия елдеріне көшіре бастаған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Түркияның ОА-ға ықпалы арта ма? Ресей Қазақстанға көз алартса Анкара көмектесе ме? Сарапшымен сұхбат"Путин соғыста жеңсе, мұнымен тоқтап қалмайды". Ресей соғысы мен пропагандасын зерттеген ғалыммен сұхбат"Мен қарсымын, ал ол қолдайды". Украинадағы соғыс қазақстандықтарды жікке бөлді ме?Ресей Украинадағы соғыста кадр тапшылығы мәселесін шеше ала ма? Сарапшымен сұхбат Экспорт шектеудегі мүдделер қайшылығы. Қазақстан бидайы қай диірменге барады?