Ресей әскері Украинаға басып кіргеннен бері шамамен 20 мыңға жуық адамынан айырылған. Бұл туралы өз дереккөзіне сүйеніп британдық Guardian басылымы хабарлады. Бұған дейінгі есеп бойынша, мамыр айының екінші жартысында қаза болғандар саны 15 мың болған. Ресей әскері әсіресе Украинаның Луганск облысының батысындағы шабуылдарда көп шығынға ұшыраған.
Ал Украинаның есебінше, қаза болған ресейліктер саны - 31 мың адам. Украинаның өз шығыны нақты қанша адам екені белгісіз.
Украина қорғаныс министрлігіне сілтеме жасаған УНИАН агенттігінің хабарлауынша, елде күнделікті 100-ге жуық жауынгер көз жұмып, 500-ге жуығы түрлі жарақат алады. Бұл ақпараттарды соғыс жағдайында тексеру мүмкін болмай отыр.
The Guardian басылымына сұхбат берген дереккөздің атап өтуінше, көп ұзамай екі жақтың да әскері физикалық және психологиялық тұрғыдан болдыруы мүмкін. Ресейдің әскери резерві артық болғанымен, украин сарбаздарының әскери рухы мықты.
БҰҰ адам құқығы туралы жоғарғы комиссарының есебінше, Ресей Украинаға соғыс ашқалы бері 4302 бейбіт тұрғын мерт болған. Оның 272-і - бала. 5217 адам жараланған.
Көбіне ауыр артиллерия соққысынан қаза тауып, жараланған.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Зеленский "Северодонецк шайқасы Донбасстың тағдырын шешуі мүмкін" дейді. Соғыстың 106-күніПутин және трибунал. Украинадағы геноцид жөніндегі баяндаманы әзірлеген сарапшымен сұхбатУкраина Ягодное ауылындағы бейбіт адамдардың өліміне ресейлік тоғыз сарбазды айыптады"Ұрланған" камера Украинада жүрген орыс сарбаздарының күнделік өмірін көрсеттіУкраина әскеріндегі қазақ: Екі баламның бойында украин қаны бар, оларды қорғау – парызым