Америкалық Maxar Technologies компаниясы спутниктен түсірген суреттерде Украина қарулы күштерінің атқылағаннан кейін Қара теңіздегі Змеиный аралында өрт болғаны, қираған мұнараның қалдықтары байқалады. Ресей 24 ақпанда басып алған Украинаның Змеиный аралына әскері мен қару-жарағын орналастырған.
Maxar Technologies 17 маусымда және 21 маусымда спутниктен түсірген суреттерді Азаттықтың Украин қызметі өзінің сайтында жариялады.
Суреттерден аралдың солтүстік бөлігінде өрт болған жерді, ал оңтүстік бөлігінде орналасқан мұнараның қирағанын көруге болады.
21 маусымда Ресей қорғаныс министрлігі Змейный аралына жасалған шабуылдың бетін тойтарып, украиналық оннан астам дронның барлығы жойылды, ал украиндар атқан снарядтардың ешбірі нысанаға жеткен жоқ деп мәлімдеген еді. Ал Украина күштері Змеиный аралында орналасқан ресейлік "Панцир" зенит-ракета кешенін, радиолокация станциясы мен автокөлік құралдарын жойғанын хабарлаған.
Мамыр айында Ресей әскери министрлігі Змеиный аралын алмақшы болған украин десантының көзі жойылды деп хабарлаған. Украина жағы аралдың маңында бірнеше ресейлік кемені атқылап, істен шығардық деп айтқан.
17 маусымда Украина әскери-теңіз күштері ресейлік "Василий Бех" сүйрегіш кемесін атып, теңізге батырғанын мәлімдеген. Киевтің дерегінше, ол кеме аралға қару-жарақ, оқ-дәрі, әскерилерді тасып бара жатқан кезде шабуылға тап болған.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Украина күштері ресейлік "Василий Бех" кемесін жойғанын мәлімдедіПентагон: Ресейлік "Москва" крейсерін украиналық зымырандар батырғанНАТО министрлері Украинаны қолдауды жалғастыруға және өз қорғанысын нығайтуға уағдаластыАҚШ Украинаға тағы бір миллиард доллардың қару-жарағын беретінін айттыАҚШ Украинаға реактивті қарумен соққы беруге қажет барлау мәліметтерін бермек