Accessibility links

Украина күштері ресейлік "Василий Бех" кемесін жойғанын мәлімдеді


Ресей күштері басып алған Украинаның Змеиный аралы.
Ресей күштері басып алған Украинаның Змеиный аралы.

Украина әскери-теңіз күштері Қара теңізде Ресейдің "Василий Бек" атты сүйреуші кемесін жойғанын мәлімдеді. Украина жағының хабарлауынша, кеме Ресей басып алған украиналық Змеиный аралына сарбаздарды, қару-жарақ пен оқ-дәрі тасыған.

Қаза тапқандар мен жараланғандар туралы әзірге нақты мәлімет жоқ. Алдын ала болжам бойынша, кеме экипажының кемінде 70 пайызы зардап шеккен болуы мүмкін.

Кейбір басылымдар "Василий Бек" кемесіне "Тор" зенит кешені орнатылған, алайда ол украин күштерінің Harpoon зымыранымен жасаған шабуылына тосқауыл бола алмаған деп жазды.

Қолданушылар әлеуметтік желілерде видео жариялап, ресейлік кемеге кемінде екі зымыран дөп түскен деп айтып жатыр.

Соғыс жағдайында бұл мәліметтерді басқа тараптардан нақтылау мүмкін болмай отыр.

Ресей тарабы "Василий Бек" кемесінің жойылғаны туралы ақпарат жайлы әзірге ешқандай комментарий берген жоқ.

Бұған дейін Украина ресейлік әскерилер Змеиный аралына орнатқан зенит кешені мен дүркіндете ататын реактивті қару жүйесі Одесса облысының оңтүстік аудандарындағы нысаналарға дейін соққы бере алады деп мәлімдеген.

Ресейдің Қара теңіздегі әскери күштері сайтында экипажы 26 адамнан тұратын "Василий Бех" құтқарушы кемесі жайлы ақпарат бар. Кеме Ресейдің Қара теңіз флоты құрамына 2017 жылы қабылданған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG