Ақ үй: Кремль Украинаның жартысын басып алуға дайындалып жатыр

АҚШ президенті жанындағы Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі Джон Кирби.

Ресей Украина аумағының басым бөлігін аннексиялауға дайындалып жатыр деп мәлімдеді АҚШ президенті жанындағы Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі Джон Кирби.

Кирби Америка барлауына сүйене отырып, "Кремль Херсон, Запорожье және Донбасты толығымен Ресейдің бір бөлігі деп жарияламақшы" деді.

"Ресей өз бақылауына алған Украинаның бір бөлігіне өз адамдарын тағайындап жатыр. Ең бірінші олар басып алған жерлерге шартты түрде референдум өткізеді", - деді Кирби.

Ақ үй өкілінің сөзінше, Ресейдің Украинаға шабуыл жасаудағы ниеті барлау қызметінің болжамдарымен сәйкес келіп отыр.

"Ресейдің Украина аумағының жартысын аннексиялау әрекеті БҰҰ жарлығын өрескел бұзған болып есептеледі әрі бұл әрекеті үшін жазаға тартылмай қоймайды", - деп ескертті Кирби.

Ол Кремльге қарсы жаңадан өте қатал санкциялар енгізіледі деді.

АҚШ таяу күндері Украинаға HIMARS жүйелерін тағы жіберетінін мәлімдемек.

Кирби АҚШ Кремльдің барлық жоспарын әшкерелейді деп ескертті.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Зеленский: 60-тан астам прокурор мен судья Ресей жаулаған жерде қалып, Украинаға қарсы жұмыс істеп жүрБритан барлау қызметі: Ресей оңтүстікте Украина күштерінің шабуылынан қауіптенеді Запорожье облысындағы ресейлік билік аймақты Ресейге қосу үшін референдум өткізбекРесей Донецк облысына шабуылдамақ. Украина жау қоймасын атқылап, бұған кедергі келтіріп жатыр Украина оңтүстіктегі жерлерін қайтару үшін қарымта шабуылға шықпақ