Қазақстанда бір күнде үш мыңнан астам адамнан коронавирус анықталды

Маска таққан адам. Көрнекі сурет.

27 шілдеде Қазақстанда 3175 адамнан коронавирус анықталды. 1409 адам жазылып шықты. Бұл жөнінде үкімет жанындағы коронавируспен күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.

Өткен тәулікте ең көп көрсеткіш Нұр-Сұлтан (915), Алматы (767) және Қарағанды облысында (355) тіркелген. Шымкентте – 127, Жетісу облысында – 123, Ақмола облысында 104 адамның ПТР тесті оң шыққан. Қалған облыстарда ондаған науқас тіркелген.

Пандемия басталғалы бері коронавируспен ауырғандар 1 341 265 адамға жетті.

Қазір 22 748 адам коронавирустан емделіп жатыр. 1371-і стационарда жатыр. Қалғаны амбулаториялық деңгейде емделіп жатыр. 25 адамның жағдайы ауыр, 14 пациенттің халі мүшкіл. 7 науқас жасанды тыныс аппаратымен тыныс алып жатыр.

Қазір Нұр-Сұлтан қаласы "сары аймақта" тұр. Қалған қалалар "жасыл аймақта"тұр. Бұған дейін министрлік аймақтарды "жасыл", "сары", "қызылға" бөлу критерийлері өзгергенін хабарлаған.

Шілде ортасында денсаулық сақтау министрлігі тамыз айында коронавирус күш алып, тек тамыздың соңы мен қыркүйектің басында ғана бәсеңдеуі мүмкін деген.

Қазақстанда коронавирустың қайтадан күшейе бастағаны маусым айының басында байқалған. Ол кезде наурыз айынан бері алғаш рет 100 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталған және Қазақстан үкіметі маска тағу режимі қайта оралуы мүмкін екенін мәлімдеген. 14 шілдеден бастап күніне коронавирусқа шалдыққан мыңнан астам адам, 21 шілдеде екі мыңнан астам адам тіркеле бастаған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Қазақстанда бір күнде 2684 адамнан коронавирус анықталды"Сары аймаққа" кірген астанада карантин талаптары күшейедіҚазақстанда бір күнде 2 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталдыКоронавирус: Денсаулық сақтау министрлігі күніне 4 мың науқас тіркелуі мүмкін деп болжайды Қазақстанда бір күнде 1257 адамнан коронавирус анықталды