Украина оңтүстікте қарымта шабуылға көшті. Шығыста орыс әскеріне жауынгерлер жетіспей жатыр

Ресей әскеріне қосымша ресурс жеткізуге қиындық келтіру үшін украин күштері Херсон облысындағы Антонов көпірін атқылаған.

Украина күштері оңтүстікте Ресей жаулап алған жерлерді қайтару үшін қарымта шабуылға көшті.

Бұл уақытта Ресей Украинаның орталық аймақтары мен астана маңындағы аудандарды атқылады. Дегенмен Мәскеуге шығыстағы ұрыстарда жауынгер жетпей жатқаны мәлім болды.

Украин әскерінің мәлімдеуінше, әуе күштері Ресейдің Херсон түбіндегі бес бекінісі мен қалаға жақын маңдағы тағы бір бекінісіне соққы жасаған. Ресей әскерін Херсон түбінде қоршауға алуды көздеген Киев соғыс басталғалы бері ең ірі қарымта шабуылын жүргізіп жатыр.

Кейінгі апталарда Украина Батыс жеткізген зымыран кешендерін қолданды. Соның көмегімен Днепрдегі үш көпірге соққы жасалып, өзеннің батыс жағындағы ресейлік әскерге көмек жеткізу қиындады.

Мәскеу аннексиялап алған Қырыммен шекаралас Херсон облысын Ресей күштері 24 ақпанда соғыс басталған кезде басып алған.

28 шілдеде Ресей Украинаның орталық бөлігіндегі Кировград облысын әуеден соққылады. Соның салдарынан Кропивницк қаласында бес адам опат болып, 26 адам жараланды. Киев түбіндегі әскери базада 15 адам зардап шекті. Украинаның солтүстік және оңтүстік аймақтары да әуеден атқыланды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

"ДХР" мен Украина Еленовкадағы колонияға шабуылға бір-бірін айыптады. Мұнда украиналық тұтқындар отырСоғыстың 155-күні. Украина қарымта шабуылға көшті Украина оңтүстікте оккупацияланған жерлерін қайтара ала ма?"40 мың жауынгерінен айырылған" Ресей, Донбасстағы шайқас. Украинадағы соғыс не болып жатыр?HIMARS қаруы Украинаға соғыста бетбұрыс жасап, қарымта шабуылға шығуға көмектесе ме?