Ресейдің Ұлыбританиядағы елшілігі 29 шілдеде Twitter'де "Азов" полкінің жауынгерлерін "жәй өлтіру жеткіліксіз, оларды дарға асқан дұрыс" деп жазды. Бір күн бұрын Донецк облысы Еленовкадағы колонияда ондаған украин тұтқыны, арасында "Азов" полкінің де жауынгерлері да бар, опат болған. Киев қанды оқиғаға Ресей әскерін кінәлады. Ресей елшілігінің жазбасы осы оқиғадан кейін бірнеше сағаттан соң пайда болды.
"Азов" содырлары өлімге лайық, бірақ оларды оқпен атып емес, дарға асу керек, себебі олар нағыз жауынгер емес. Олар абыройсыз өлімге лайық" деп жазылған Ресейдің Лондондағы елшілігінің парақшасында.
Жазбада елшіліктің Youtube арнасында жарияланған видеоға сілтеме бар. Ол видеода өздерін Мариуполь тұрғындары деп таныстырған ер адам мен әйел адам украин әскерінің өздеріне "Азовсталь" зауыты аумағынан оқ атқанын айтады. Видеода дарға асу жөнінде сюжетте сөйлегендердің бірі айтады, алайда Ресей елшілігі жазбада оның цитата екенін атап көрсетпеген. Видеоның астына комментарий жазғандар сюжетте сөйлеген адамдардың шынайы жайтты айтып отырғанына күмән келтіреді.
Әлеуметтік желі Ресей елшігінің жазбасын өшірмеген. Онда аталған жазба өшпенділікті қоздыруы ықтимал деген ескерту бар, алайда жазба ашық тұр.
- "Азов" полкі 2014 жылы еріктілерден құрылған батальон. Оны "әсіреоңшыл белсенділер" құрған деп айтылады. Бірақ "Азовтің" көптеген жауынгері өздерінің "неонацист" емес екенін айтады. Полк Украина қарулы күштерінің құрамына енген. "Азов" жауынгерлері 2022 жылы көктемде Мариупольді қорғауға қатысты, жүздеген өкілі ресейлік тұтқындармен алмастырылды. Ресей пропагандасы "Азовті" Украинада пайда болған нацизмнің айқын көрінісі деп атайды.
- Сепаратистер бақылауындағы "Донецк халық республикасында" ресми түрде өлім жазасы бар. Сепаратистік құрылымның "тәуелсіздігін" мойындаған Ресей сепаратистердің сотталушыларды дарға асу құқығын да мойындайды. Соңғы мәлімет бойынша, Украина қарулы күштерінің құрамында соғысқан үш шетел азаматы өлім жазасына кесілген. Екеуі – Ұлыбритания азаматы. "Донецк халық республикасының" қылмыстық-атқару кодексі деп аталатын құжат бойынша өлім жазасы адамды ату арқылы жүзеге асырылады. Әзірге өлім жазасының орындалғаны жайлы ақпарат жоқ.
-
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Украинада Ресей жағында соғысып жүрген неонацистер деген кімдер?Ресей қорғаныс министрлігі "Азовсталь" зауытын толық бақылауға алғанын мәлімдеді"Азовсталь" аумағына бекінгендер әлем елдері жетекшілерінен жәрдем сұрайдыДонецкіде күшті жарылыс болды