Ресей басқыншылығы: Ақпаннан бері Украинада 437 бала опат болған

Ресей Украинаға басып кіргелі бері 437 бала опат болды, 837-ден астам бала түрлі дәрежеде жараланған. Украина бас прокуроры кеңсесі осындай мәлімет жариялады.

Зардап шеккен балалардың басым бөлігі Донецк, Харьков және Киев облыстарында тұрады немесе тұрған. Бомбалау мен атқылаудың салдарынан 2 719 оқу ғимараты бүлінген, 332-сі толық қираған.

"Бұл сандар тағы толығуы мүмкін, себебі қазір соғыс жүріп жатқан, уақытша басып алынған және азат етілген аймақтарда анықтау жұмыстары жалғасып жатыр" деп жазылған кеңсе хабарламасында.

БҰҰ-ның 13 қараша күнгі мәліметінше, Ресей басқыншылығы салдарынан 6557 бейбіт тұрғын опат болған, 408-і – бала. Ұйым өкілдері қаза болғандар әлдеқайда көп, себебі соғыс жүріп жатқан орындардан ақпарат кеш түседі, көбін растау қажет болатынын айтады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Ресей Украинаның 12 аймағын және Киевті ракетамен атқыладыЗеленский: Украинадағы соғыс әділетті аяқталуға тиіс Азат етілген Херсон және алдағы қыс айлары. Енді соғыс қалай өрбиді?Зеленский Херсонға барып, украин жауынгерлеріне алғыс айтты Киев пен Мәскеу келіссөзі 2023 жылдың екінші жартысында жалғасуы мүмкін