Кейінгі екі айда Украина әскері азат еткен Харьков, Донецк және Херсон облыстарынан 700-ден астам адамның денесі табылған. Бұл жөнінде Украина бас прокуроры Андрей Костин мәлімдеді.
Бас прокурордың сөзінше, өлтірілгендердің 90 пайыздан астамы Украинаның бейбіт адамдары. Ресей әскері Украин азаматтарын қамап, азаптайтын 20-дан астам орын табылған. Көпшілігі Харьков облысынан шыққан. Бұл аймақ Херсон облысынан бұрын азат етілген, Херсон облысында зерттеу енді ғана басталып жатыр. Костин адамдардың неден өлгенін нақтылаған жоқ.
Кейінгі мәліметтерге қарағанда, Украинада Ресей әскерінің соғыс қылмыстары жөнінде 45 мыңнан астам қылмыстық іс қозғалған. Әзірге тұтқынға түскен 12 әскери қызметкер ғана сотқа жеткізілген.
Украина бас прокуратрасының мәліметіне қарағанда, биыл ақпанда Ресей басқыншылығы басталғалы Украинада 8300 бейбіт адам, 437 сәби өлген. Әзірге Ресей бақылауында тұрған жерде құрбан болғандардың есебін шығару мүмкін емес. Адамдардың басым бөлігі Ресейдің ракетамен алыстан атқылауынан өлген.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Украина бас прокуроры кеңсесі: Херсон облысының азат етілген аудандарында тұрғындардың мәйіті табылдыОрыс әскерінен азат етілген Изюмде 436 мәйітке эксгумация жасалды, отызының денесінен азаптау іздері анықталдыБҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеген Зеленский Ресейді жазалауды талап еттіБоррель: Еуроодақ Ресейдің Украинадағы айуандығын айыптайдыУкраина Ягодное ауылындағы бейбіт адамдардың өліміне ресейлік тоғыз сарбазды айыптады