Алматыда шахмат бойынша әлем чемпионатына хиджабсыз қатысып жатқан шахматист қыз Сара Хадем жарысқа Иран атынан барған жоқ. Иран шахмат федерациясының жетекшісі Хасан Тамини осылай деп мәлімдеді. Бұл жөнінде Arab News басылымы хабарлады.
"Бұл шахматист турнирге [жарнасын] өзі төлеп қатысты. Хадем аш-Шарие жарысқа федерация арқылы барған жоқ, өз бетімен барып, қатысқан" деді федерация жетекшісі.
Ирандық гроссмейстер Сара Хадем Алматыдағы блиц және жылдам шахмат турниріне хиджабсыз шыққан. Иранда әйелдерге хиджаб кию заңмен міндеттелген. Бұл жаңалыққа Иран және халықаралық жаңалық агенттіктері назар аударды.
Ирандық Khabarvarzeshi және Etemad сайттарының турнирден жариялаған суреттерінде Хадемнің орамал тақпағаны көрінеді. Khabarvarzeshi оның орамалмен түскен суретін де жариялады, алайда суреттің қайда түсірілгені белгісіз.
25 жастағы Сара Хадем аш-Шарие – чемпионатқа қатысып жатқан жалғыз ирандық деп жазды Азаттықтың Иран қызметі - Фарда радиосы. Сара Хадем – 18 жасында әйелдер арасында гроссмейстер атағына ие болған.
Сара Хадем Иранда орамалға қатысты наразылық өтіп жатқан тұста халықаралық турнирге хиджабсыз қатысып отыр. Наразылық қыркүйек ортасынан бері құқық қорғаушы Махса Әминидің өлімінен кейін басталған. Оны "әдеп полициясы" хиджаб кию нормасын сақтамағаны үшін ұстаған. Көп ұзамай құқық қорғаушы жұмбақ жағдайда көз жұмды.
- Иранда бірнеше айға созылған наразылық кезінде жүздеген адам қаза болған, 15 мыңға жуық адам ұсталған. Полицияның наразылықты күшпен басып-жаныштағаны, полицияның қару қолданғаны хабарланды. Бірақ халық толқуы басылмады.
- Желтоқсанда Иранда Әминидің өлімінен кейін басталған үкіметке қарсы наразылыққа қатысқан екінші адам дарға асылды.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Иран билігі "әдеп полициясын" таратты, хиджаб кию заңын қайта қарауға уәде еттіИранда аятолла Хаменеидің жиенін қамауға алдыИран футболшылары әлем чемпионатында өз елінің әнұранын шырқаудан бас тарттыМахса Әмини өлтірілген соң Еуропа одағы Иранға санкция салды