Өзбекстанда прокурорлар былтыр жаздағы үкіметке қарсы наразылықтан кейін "конституциялық құрылысқа нұқсан келтірді" деп айыпталған белсенділерді 18 жылға дейін соттауды сұрады.
Бұқарада өтіп жатқан сотта белсенді Дәулетмұрат Тәжімұратов пен Makan.uz сайтының негізін қалаушы Лолагүл Қаллыхановаға прокурорлар 18 және 11 жыл түрме жазасын беруді өтінді. Бұл жөнінде Азаттықтың Өзбек сайты хабарлады. Қалған 20 айыпталушыға одан аз түрме жазасын сұраған, екі айыпталушының бостандығын шектеуді өтінген.
Өзбекстан билігінің мәлімдеуінше, Ташкенттің Конституцияны өзгерту туралы бастамасына қарсы шыққан Қарақалпақстандағы наразылық кезінде 21 адам қаза болған. Ұсынылған өзгертулер арасында республиканы Өзбекстан құрамынан шығу құқығын айыратын пунктер де бар. Халық толқуынан соң Ташкент даулы өзгерістерден бас тартатынын мәлімдеді.
Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Өзбекстанды оқиғаны тәуелсіз зерттеуге, күштік құрылым өкілдерінің халыққа күш қолдануын да тексеруге үндеген. Human Rights Watch (HRW) мәліметінше, күштік құрылым өкілдері "қаруды негізсіз қолданған".
Күзде Қазақстанда кемінде бес қарақалпақ белсендісі ұсталған. Қазан ортасында HRW Астананы ұсталған қарақалпақ белсенділерін Өзбекстанға экстрадияламауға үндеген. Құқық қорғау ұйымы олардың өз елінде қудаланып, азапталуы мүмкін екенін ескерткен. Штаб-пәтері Нью-Йоркте шоғырланған ұйым Қазақстан билігін ұсталған белсенділерге "қысқа мерзім аралығында" саяси пана іздеуші тұлға мәртебесін беруге шақырған.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Нүкіс оқиғасынан соң Ақтөбеде қамалған қарақалпақ белсендісінің қамау мерзімі бір жылға ұзартылдыАтыраудағы сот Қарақалпақстан жайлы посты үшін сотталған белсендінің үкімін өзгертпедіБірнеше ұйым Тоқаевқа хат жазып, қарақалпақ белсенділеріне босқын мәртебесін сұрадыӨзбекстанның Бұхара қаласында Нүкіс оқиғасына байланысты айыпталған 22 адамның соты басталады"Қарумен жаншуға негіз болмады". Халықаралық ұйым Қарақалпақстан наразылығы жайлы зерттеуін шығарды