Тәжікстанның сан мыңдаған отағалары отбасын асырау үшін, Ресейге маусымдық жұмыстар іздеп, бірнеше жылдарға кетеді. Әкелерін бірнеше жылда бір көріп, балалар ержетіп жатыр. Ал бойжеткендер үшін жар сүю бақыты алыс армандай көріне бастаған.
Себебі Тәжікстанның, әсіресе шалғайдағы ауылдарында тіршілік етудің тым қиындығынан, отағалары отбасын асырамақ ниетпен Ресей құрылыстарына, зауыттарына, базарларына үздіксіз кетіп жатады.
Олардың біразы жыл сайын немесе екі жылда бір келіп, отбасын қуанышқа бөлеп кетеді. Қалған уақытта сағыныштарын қанат етіп байлап, әкесін іздеп, талпынған сәби жүрек зарығысты күй кешуде. Жұмыс іздеп кеткен әкелердің кейбірінің отбасына қайта оралмастан, барған жерінде қалып қоятындары да бар.
Мысалы Ғавосион ауылында жігіттер мен ересек ер азаматтарды көктем мен жаз айларында көру қиын-ақ. Ауылда тек мектеп жасындағы балалар мен ақсақалдар ғана қалады екен.
Ал әйелдер болса, бар баласын асырап, үйдегі қарияларға қарап, күйеуі жіберген азын-аулақ қаржыны тіршіліктеріне жеткізуге тырысып, үй-жайды күтіп, бақшаны баптап, ердің де, әйелдің де жұмыстарын қатар атқаруға мәжбүр болуда.
Үйді жөндеуден өткізу, сынған терезені салу, егін ору дегеніңіз бүгінгі тәжік әйелдеріне үйреншікті іс болып қалған.
Хожанд қаласының тұрғыны 35 жасар медбике Сурайо:
“Менің екі балам бізге енді әке керек емес. Себебі мамам барлық жұмысты өзі атқара алады дейді”,- деп отбасы проблемасымен бөліскен еді.
Душанбеде орналасқан “Шарық” ғылыми зерттеу орталығының социолог маманы Музафар Олимовтың айтуынша, Тәжікстанда тұтастай бір ұрпақ әкесіз өсіп келеді. Мектептерде ер ұстаздар саусақпен санарлық қана.
“Өкінішке қарай, әкесіз өсулері ол балалардың болмысына, ой-жүйесіне, үйленуге деген құлықтарына кері әсер ететін болады. Бұл жағдайдың бұлтартпас қорытындысын біз осы балалар ержететін алдағы аз ғана жылдар ішінде көретін боламыз”- деді Олимов.
Күйеулерін бір-екі жылда бір көретін Сурайо сияқты әйелдер өздерін бәрібір бақытты сезінеді екен. Сирек көріссе де күйеулері бар, өздеріне ақша салып тұратын асыраушылары бар.
Олай деп ойлайтын себептері елде қазір талай бойжеткен өз тең құрбысын табу үмітінен айрыла бастағандай. Сондықтан да олар бала-шағасы бар еркектерге екінші, үшінші әйел боп баруға келісіп жатады. Сурайоның сөзіне қарағанда бұлайша тұрмыс құруға бойжеткендердің өздері де, олардың әке-шешесі де қарсылық танытпайды. Себебі басқа амалдары жоқтай көрінеді.
"Қазір елде бір ер адамға 10 әйелден келетін сияқты”,-дейді Сурайо.
Тәжік заңы бойынша көп әйел алуға рұқсат етілмеген. Алайда іс жүзінде біраз жылдан бері шамасы келгендер көп әйел алуды ашық үдеріске айналдырып алғандай. Сондықтан отбасылық бұл жағдайды заңдастырудан басқа амал қалмағандай көрінеді.