Өткен аптада Ұлыбритания астанасы Лондонда Еуропадағы қазақтардың дәстүрлі кіші құрылтайы болып өтті. Еуропаның 12 елінде шамамен 10 мыңға жуық қазақ тұрады. Жыл сайын Еуропаның бір қаласында Кіші құрылтай өткізу дәстүрге айналған.
Осы құрылтайлар қазақтарға ана тілі мен салт-санасын жаңғыртуда қандай роль атқаратындығы жайында Еуропадағы қазақ қоғамдары федерациясының төрағасы Абдулғайым Кесіжі және Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы Талғат Мамашев мырзалармен тілдескен едік.
БАСТЫ ОЙЫМЫЗ – ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫНЫҢ БАСЫН ҚОСУ
- Абдулғайым мырза, Еуропада өткізіліп жатқан құрылтайлар несімен маңызды?
- Құрылтайға әлемнің түкпір-түкпірінен қазақтар келіп, өзара дидарласып, сағыныштарын басып, бір жырғап қалды. Әсіресе, Еуропаның түкпір-түкпірінде жүрген қазақ жастарының басын қосуы – құрылтайдың ең үлкен маңызы болды. Сондай-ақ, мәдени бағдарлама өз деңгейінде өтті. Қазақтың ән-күйі шалқып, мың бұралған бишілердің өнерінің әсері өте ерекше еді.
Жастар үшін арнайы шеру ұйымдастырылды. 300-дей қазақ жасы Лондонның ең көрікті көшелерінде шеру жасап, қыдырып, таң атқанша сейіл құрды.
- Өткенде Азаттық радиосына сұхбат берген Лондон қазақ қоғамының төрағасы Исмаил Кесіжі құрылтайға Сингапурден де қазақ келгендігі жайында айтып еді. Алайда, форумда оған күмән келтірушілер табылып жатыр. Сіз осы ақпаратты анықтай аласыз ба?
- Құрылтайға бұған дейін қазағы болмаған өзге елдерден де қазақтар келіп қатысты. Олар Пәкістаннан, Иордания мен Сингапурден және Бельгиядан. Бұған күмәнданудың қажеті жоқ.
ҚҰРЫЛТАЙДА НАҚТЫ ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАНБАДЫ
- Абдулғайым мырза, Еуропа қазақтарының өзекті проблемалары ретінде қазақ жастарының ана тілін ұмытып бара жатқандығы, атамекенмен қарым-қатынас мәселесі жиі айтылады. Осы төңіректе қандай нақты шешімдер қабылданды?
- Бұл мәселе Еуропа қазақ қоғамдары федерациясының арнайы жиналысында әңгіме болды. Болашақта қандай шаралар мен қызметтер ұйымдастырылу мәселесі талқыланды. Бұдан кейін өткен арнайы дөңгелек үстелде де осы әңгіме қозғалды.
Негізгі қозғаған мәселелеріміз - Еуропадағы қазақ қоғамдарының Қазақстандағы тиісті жоғары оқу орындары мен құзырлы министрліктермен байланыс орнатып, мүмкіндік болса, жаз айларында жастарды Қазақстанға іс-тәжірибеден өткізуге қол жеткізу, жастардың тілін сындыру секілді толғақты дүниелер.
Бірақ, бұл мәселеде біз Қазақстандағы құзырлы органдармен әзірге нақты келісімге келе алған жоқпыз. Біздің дөңгелек үстелдегі әңгімелеріміз тек тілек, ұсыныс ретінде ғана айтылды.
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы өздерімен ала келген СD дискілері мен шетелдегі қазақтарға арналған кітаптарын таратып берді.
Дегенмен, аталған проблемалар төңірегінде нақты шешімдер қабылданған жоқ. Тек біздің тарапымыздан тілек-талаптар ортаға салынғаны болмаса, оны шешудің нақты қадамдары жасалынған жоқ.
БІЗ ӨЗ ПРОБЛЕМАМЫЗДЫ ӨЗІМІЗ ШЕШЕТІН БОЛАМЫЗ
- Ал, Еуропадағы қазақтар проблемасын енді қалай шешпек?
- Біз өз проблемамызды өзіміз шешуді қолға алып жатырмыз. Биыл сәуір айында Мюнхенде Еуропа қазақ диаспорасы жастарының І конференциясын өткіздік. Бұл жиынға Қазақстандағы Білім және ғылым министрлігінен, Қазақстан халқы ассамблеясынан, бірнеше жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтарынан өкілдер келді.
Бұл конференцияны – «Тіл, идентификация және интеграция» деп атадық. Онда жастардың осы проблемаларға байланысты өз ойын айтқызып, оны шешудің жолдарын бірлесе іздеуді мақсат еттік. Дәл осындай конференцияны Швецияның Вестерос қаласында күзде өткізуді жоспарлап отырмыз.
ҚҰРЫЛТАЙ ӨЗ ДЕҢГЕЙІНДЕ ӨТТІ
- Талғат Асылұлы, Лондондағы құрылтайда шетелдегі қазақтар негізінен қандай мәселелерге көбірек маңыз берді?
- Лондонда 45 қазақ отбасы өмір сүреді. Бірақ, Құрылтайға Еуропаның 10 елінен 600-дей адам келді. Құрылтай, меніңше, ойдағыдай өтті. Біздің делегациямыз шағын болса да, дайындығымыз мығым болды.
Біріншіден, президенттің Жолдауын түркі тіліне аударып апарып таратып, насихаттадық.
Екіншіден, қазақ тілін үйренудің жетілдірілген компьютерлік жаңа бағдарламасын жасағанбыз. Оның 200 данасын алып барып, әрбір қоғамға 10-15-тен таратып бердік. Енді үйіңдегі компьютерге салып қой да, қажет болса көбейтіп тарат. Балаңды қазақша үйретудің жолы осы дедік.
Үшіншіден, Қазақстанда шыққан жаңа кітаптардың жаңа көрмесін апардық. Оның ішінде, балаларға арналған кітаптар көбірек болды. Кітаптарды елшілік пен қазақ қоғамдарының кітапханасына тапсырдық. Елшіліктердің жанында қазақ тілін үйрететін курстар бар.
Еуропадағы қазақтардың басты проблемасы – тіл ғой. Осыған байланысты, көптеген мәселені талқыладық. Дегенмен, қазақ қоғамдары қолдағы мүмкіндікті дұрыс пайдалана білуі керек. Мәселен, әр елшіліктің жанынан қазақ тілін үйрету курстары ашылып жатыр, біздің дайындап берген дискілеріміздің өзі неге тұрады!
- Талғат Асылұлы, осы құрылтай жайында Азаттық радиосының интернеттегі форумында Қазақстанда болсын, басқа елде болсын өтетін құрылтайға делегаттар қалай, қандай жолмен іріктеледі, неге Қазақстанда өтетін құрылтайға қалталылар барады, неге шеттегі қоғамдармен таңдап жұмыс жасайды деген пікірлер айтылды. Бұған сіз не дейсіз?.
- Бұл Еуропадағы қазақтардың құрылтайы. Құрылтайға кімді шақырғысы келеді, бұл олардың өз еркі. Биыл Құрылтайға тұңғыш рет Моңғолиядан 5 қазақ келіп қатысыпты. Бұл жолы Тоғызқұмалақ федерациясынан адамдар шақырыпты, «Жаңанұр» деген туристік фирма қазақтың ұлттық киімдерінің сән үлгілерін көрсетті.
Кейбіреулер өздері интернеттен оқып-біліп, өз бетінше баруға талап қылыпты. Біз ешкімді бөле-жарып отырған жоқпыз.
- Әңгімеңізге рахмет!