Өлеңдерін жатқа оқитын жетпіс жастан асқан Жанкүміс Әбішевадан ауылдағы әкім-қаралардың өзі сескенеді. Жанкүміс әжейдің билікті сынап жазған кейбір жырларын жұрт жаттап алып, ел арасында қанатты сөздерге айналып кеткен.
"ЕЛ ІШІ -ӨНЕР КЕНІШІ"
Сарыкөл ауданындағы Күнтимес елді мекеніндегі Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектептің директоры Берік Игіліков жасы жетпістен асқан Жанкүміс Әбішеваны «бұл әжей біздің ауылдың ақыны» – деп таныстырды. Қарияны облыс, аудан жұртшылығы көп біле қоймайды, алайда, ауылдастары біздің ақынымыз деп құрметтейді.
Қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлихановтың кіндік қаны тамған қасиетті ауылға келін болып түскен әжей кенже баласы мен келінінің қолында тұрады. Құдай қосқан қосағы осыдан біраз жыл бұрын ол дүниелік болып кеткен. Жанкүміс әжейдің ұлы Жолболсын осы ауылда клуб меңгерушісі, келіні Айман мұғалім болып қызмет атқарады.
Бізді қатты таң қалдырған жайт, хат танымайтын әжей өлең шығарып, оларды жатқа соғады екен. Жатқа болғанда да құр тақпақтап оқымайды, шығарма өлеңдерін баяғы халық ауыз әдебиеті үлгілері секілді белгілі мақамға салып, әнге қосып айтады.
«Бұл кісінің хат танымай қалуына жасында көзінің нашар көруі себеп болды ма, әлде жастай келін болып түсіп, күнделікті шаруа күйбеңінен қолы тимеді ме, ол жағын кесіп айту қиын. Бірақ, жадына барлығымыз таң қаламыз. Осыдан көп жыл бұрын айтылған, ел аузында қалған Ықылас бидің «Күнтимес, күндік жерден көрінесің, балқытып тұла бойды жібересің» деп басталатын өлеңін ең алғаш осы кісінің аузынан естіп едік. Әсіресе, «Күнтиместей жер қайда-ай, керей-уақтай ел қайда-ай!» деген қайырмасын айтқанда, елдің бәрі жылайтын» – дейді мұғалім Үмітжан Сәбитқызы.
«Бұл кісі орысша да жақсы сөйлейді. Анда-санда ауылға келген кезімде «сен әкіммін деп шіренбе. Әкім болсаң, халыққа жақын бол! Біздерге анау керек, мынау керек!» – деп екі аяғымды бір етікке тығады» – дейді селолық округтың әкімі Николай Иванович Козюмский.
АҚЫН АНА КӨЗІ КӨРГЕН КЕМШІЛІКТЕРДІ ҚАЛТ ЖІБЕРМЕЙДІ
Қостанай облысының Ұзынкөл ауданында туып-өскен әжей төркініне барғанда ауылда мешіт салғызып, көпшілікті намазға жыққан Есенгелді имамға ырза болып: «Есенкелді қарағым, алдыңнан жансын шырағың, бала-шағаң аман боп, Балықты болсын тұрағың» – деп өлеңмен батасын берген.
Ал осы ауылдағы келеңсіз көріністерді көзі шалғанда ыза болып:
«Алтын бесік – ел іші»
Деп айтады бабалар.
Сол бесікте тербелген
Адасып жүр балалар.
Көтере алмай тойғанын,
Біреулер жүр семіріп.
Қатқан нанның қалдығын
Біреулер жүр кеміріп» – деп қапа болған. Ақын әженің бұл өлеңін жергілікті мектептің мұғалімдері компьютерге түсіріп, көбейтіп,елге таратыпты.
Күнтиместегі зиратты бұзып, кірпішін алған, кейін көзінен айырылған адамның оқиғасына байланысты ақын ана толғау шығарған. Толғау «зират бұзған уәкіл өз жазасын алыпты, жанарынан айырылып, көзі көрмей қалыпты» деген жолдармен аяқталады. Ал оның өзінің сөздерімен айтсақ, «жаз жайлауын жайлаған, қыс қыстауын қыстаған, суы бал, жері май» Күнтимес туралы ақын әже былайша толғанған:
Шоқан туған ел қандай,
Жайқалып тұрған бел қандай,
Аруақ қонып, нар шөккен,
Күнтиместей жер қайда-ай?!
Күнтимес – алтын бесігім,
Келін боп аштым есігін.
Осы өлеңді шығарған
Жанкүміс менің есімім.
Ауылды көзден таса қылған әкімқараларға Жанкүміс әже қара қазандай өкпесін де жасырмайды. «Күнтимес – елім ардақты, егін салып, мал бақты, қандай әкім келсе де, көрмей жүр ғой ел жақты» дейді.
Жанкүміс әжейге газет-журналдар мен кітаптарды немерелері оқып берсе, өзі радио тыңдап, теледидар көргенді ұнатады. Сондықтан да елде болып жатқан жаңалықтарды қалт жібермейді. «Ара-тұра Азаттық радиосын тыңдаймын. Алайда, байланыстың нашарлығынан күріл мен сырыл көбейіп кетіп, көбінесе сөздерін аңғару қиын болатын жайлар бар» – дейді ол.