Қытайдың Шыңжаң ұйғыр автономиялы районының Іле қазақ облысы Іле қаласында тұратын Қонақбай Нәдірұлы сондағы қазақ көркем-өнер театрында актер. Ол қытайлар түсірген «Тянь-Шаньдағы жарық ай» фильмінде Оспан батырдың рөлін сомдаған тұңғыш қазақ.
Қонақбай Нәдірұлы Іле аймағындағы «Үйсін тауы» деген жерде дүниеге келіпті. Алматыға арнайы сапармен келген Қонақбай Нәдірұлы Азаттық тілшісіне сұхбат берген еді.
– Бала күнімнен өнерге жақын болдым. Әкем әнші еді. Сондай-ақ, Хамит Ысқақұлы деген әнші ағамыз болды. Ылғи жаңа әндерді айтатын. Сол кісінің салған әндерінің барлығын мектепте айтатынмын. Мектеп бітірісімен, Шапшал аудандық көркем-өнер театрына өнерпаз ретінде қабылдандым. Көп өтпей, Іле қазақ облыстық театрына қызметке ауыстым. Бұл ондағы ең ірі қазақ театрларының бірі, - дейді Қонақбай Нәдірұлы.
Іле облыстық көркем-өнер театрында жұмыс істей жүріп, «Айдаһар қаласы» деген қытай операсын қазақшаға аударып сахналайды. Бүкіл шыңжаңдық байқауға қатысып, бас жүлдені жеңіп алған сол опера Бейжіңде де жоғары бағаланады. Осы операда Қонақбай Нәдірұлы бас рөлді ойнайды.
Осы жолғы сапарында бұл труппа Ішкі Моңғолияның «Апанға кіріп жолбарысты соғу» атты операсын сахналайды. Бұнда да Қонақбай тағы да бас рөлді сомдайды. Іле қаласына қайта оралғаннан кейін «Салиха-Сәмен» трагедиясында жас ақын мен кәрі ақынның рөлін ойнап, тағы да көзге түседі.
Бұдан кейін Қонақбай Нәдірұлының өнер жолы киноға ауысады. Бұл салада ол кісі «Таңжарық» және «Ақбоз ат» фильмдеріне түседі. «Таңжарық» фильміндегі шабарман рөлі мамандар тарапынан жоғары бағаланады.
Арнайы актерлік мамандығы болмаса да, тума талант Қонақбайды оңтүстік кореялық кинорежиссерлер де киносынаудан өткізіп, «Сайыскер» атты тарихи фильмге түсуге шақырады. Бұл фильмде Қонақбай Нәдірұлы саудагердің рөлін сомдаған.
– «Бұл саудагер өте бір ашушаң, долы адам болуы тиіс», деді маған кореялық режиссер. Соның айтуымен рөлге кіре бастап едім, ол күліп жіберді. Мен ыңғайсызданып қалдым. Ол мені шақырып алып «жарайсың» дегендей бас бармағын көрсетті де, қандай өнер институтын бітіргенімді сұрады. Мен ауылдағы актерлікті бітірдім дедім. Ол кісі күлді де, өздеріндегі атақты бір актерді шақырып алып, «мына кісі де сіз сияқты арнайы кәсіби білім алмаған екен. Бірақ, сіз секілді өте тамаша ойнайды екен. Табиғи таланты ерекше адам екен. Табиғи талант кәсіби білімнен жоғары тұрады» деді.
Сондай-ақ, Қонақбай Нәдірұлы қытайлар түсірген 28 сериялы «Шыңғысхан» телефильміне де шақырылады. «Шыңғысхан» фильмін түсіріп жатқан кезде басқа фильмде жұмыс істеп жатқандықтан, фильмнің түсірілуі аяқталып қалған кезде келген оған хорезмдік екі сардардың бірінің рөлі бұйырады.
Актердің айтуына қарағанда, ол кісі оннан астам фильмге қатысқан. Оның екеуінде көмекші режиссер болып қызмет етсе, қалғандарында басты рөлдерді сомдаған. Соның бірі - Гонконгта түсірілген «Тянь-Шань тауынан түскен 4 қаһарман» атты фильм. Бұнда ол көмекші режиссер болады. Бұл фильмге ол көптеген қазақ азаматтарын шақырып, олардың ойнауына мүмкіндік береді.
Қонақбай өзі ойнаған рөлдерінің ішіндегі шоқтықтысы және өзіне де ұнайтыны ретінде «Тянь-Шаньдағы жарық ай» атты 18 сериялы телефильмдегі Оспан батыр Сіләмұлының рөлін атады:
– Режиссер осы фильмде Оспан батырдың рөлін ойнайтын адамды Алтай, Іле, Тарбағатайдан іздей келіп, маған тоқтады. Сол кезде мен «Оспанды қай тұрғыдан көрсетемін?» деп сұрадым. «Сценарийде қалай жазылады, солай ойна» деді. Сосын сценариймен танысып шықтым. Онда Оспан батырдың тұлғасын сол заманғы бір батыр ретінде ғана көрсеткен екен. Бұрын Оспанды банды деп суреттеуші еді. Бұл жолғы сценарийде олай демепті. Сосын ойнауға келісім бердім. Сөйтіп, Оспанды сол дәуірдің батыры ретінде сомдадым, - дейді Қонақбай Нәдірұлы.
Ол кісінің айтуы бойынша, бұл фильмде Оспан мен гоминдаң арасындағы соғыстар ғана сипатталады.
– Бұл фильмнің идеясына қарасаң, астарында Оспанды ақтау мақсаты бар секілді. Фильмнің соңында Оспан батыр Ақбоз атымен төбенің үстінде тұрады. Ханьзулар «Оспан кетті, қашты» дейді. Солай мен де жоқ болам. Оспанның басын алу, оны байлап алу, ұрып-соғу секілді көріністер жоқ, – дейді ол.
Бұл фильм Үрімжідегі Ланьсан тауында, Тұрпан, Пішән және Ақсай өңірлерінде түсірілген екен.
Бүгінде құрметті демалысқа шыққан Қонақбай Нәдірұлы 2 жылдан бері Іле қазақ көркем-өнер театрында Үйсін мемлекетінің тарихына байланысты Қытай ханшасының Үйсін еліне ұзатылып келуі жайлы драманы сахналап көрерменге ұсынып келеді. Бұл қойылым жаз айларында Нарат саяжайында ойналады. Күніне 1500-дей көрермен келіп тамашалайды. Қонақбай Нәдірұлының айтуынша, бұл драма Қытайдың 24 өлкесіне қойылған екен.