Мұхиттың арғы жағындағы АҚШ елінде тұрып жатқан қазақ ғалымы Ержан Жұмағали ондағы қазақтар және шетелдегі Қазақстан жайында Азаттық радиосына арнайы сұхбат берген еді.
Америкада ғылыми консультант болып қызмет атқаратын Ержан Жұмағалидың негізгі мамандығы биолог. Он жылға жуық АҚШ-та тұратын ғалым сондай-ақ, Астанадағы Лев Гумилев атындағы Еуразия университетінің Америка мен Канададағы өкілі.
МЕН «ҚАЗАҚПЫН». ӘРБІР ҚАЗАҚ ОСЫЛАЙ МАҚТАНУЫ КЕРЕК
– Ержан мырза, Америкаға қалай жолыңыз түсті?
– Түу баста Америкаға бару жоспарым да, ниетім де болмап еді. Жаздың бір жайма-шуақ күнінде америкалық «жасыл картаны» жеңіп алдым. Сөйтіп, Америкаға барудың сәті түсті.
Өздеріңізге белгілі «жасыл карта» – Америкада тұруға және жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бұл картаға қол жеткізген адам Америка азаматтарымен тең дәрежелі құқықтарға ие болады. Тек қана, сайлану және сайлау еркіне қол жеткізе алмайсың.
Бұл картаның иесі АҚШ елінде тұрақты мекен-жайға қол жеткізеді. «Жасыл картаның» уақыты – 10 жыл.
Бірақ, біз әлі күнге дейін бұдан кейінгі тағдырымызды қай елмен байланыстыратындығымызды шеше алмай отырмыз. Әзірге Қазақстан төлқұжатын Америка азаматтығына ауыстыра қойған жоқпыз.
Менің ойымша, мен қазір Америкада жүріп Қазақстан үшін пайдалы істер атқара аламын. Сол себепті де әзірге Қазақстанға оралу ойымда жоқ.
– Қазақстанды америкалықтар қандай деңгейде біледі?
– Америкалықтардың көпшілігі Қазақстанды біле бермейді. Тарихи оқулықтар мен мектептерде Қазақстан туралы ауқымды ақпарат жоқ деп айтуға болады.
Кейбір танымдық оқулықтарда қазақтар туралы «Қазақтар – түркі-моңғол тайпаларының одағы» деген ақпараттар кездеседі. Бұл біздің намысымызға тиеді. Кейбір Қазақстанда болған америкалықтар әдейі немесе қалжыңдап «қай рудансың?» деген сауал қойып жататыны болады. Мен оларға «қазақпын» деп жауап беремін.
Әрине, қазақтар өз тегін, жеті атасын білгені жөн. Бірақ, Батыс адамдары үшін бір халықтың өз ішінен руға бөлінуінің өзі түсініксіз жағдай. Сондықтан, біз, қазақтар – біртұтас халық ретінде мақтанғанымыз дұрыс.
Біз ешқандай тайпалардың одағы емеспіз. Америкада қонақта болған әрбір қазақ осыны түсінсе екен деймін. Өзін таныстырғанда, кеудесін қағып, «мен пәлен руданмын» демегенін қалар едім.
– Америка – эмигранттар елі деп жатады. Бірақ, ондағы ұлт өкілдері өздерін «американдықтар» деп атайды. Сіздіңше, көптеген ұлыс пен этнос өкілдері тұратын Қазақстан халқы болашақта біртұтас ұлтқа айналуы үшін не істеуі керек? «Қазақстандық» немесе «қазақ» халқы атануы керек пе?
– Төлқұжатта ұлтын анықтау әрбір этнос өкілінің өз еркі. Оларды «төлқұжатта ұлтыңның кім екенін жазба немесе қазақ деп жаз» деп мәжбүрлеуге болмайды. Бәлкім, уақыт өте келе бұның да кезі келер. Ұлт, мемлекет жайлы түсініктер де өзгерер.
– Сіз өмір сүріп жатқан Америкада немесе Франция мен Түркияда, Германия мен Англияда ондағы этнос өкілдерінің кім екені айтылмайды. Өркениетті елдерде азаматтығы арқылы ұлты анықталады ғой?
– Американы еуропалықтар ашты. Бірақ, күндер өте келе мұнда өмір сүретін ұлттар мен ұлыс өкілдері біртұтас ұлтқа айналып, «американдықтар» атанды.
Ал, «қазақстандық ұлт» немесе «қазақ ұлты» дегенге келетін болсақ, бұған әлі ерте. Егер, қоғамда бұл жайында қызу пікірталастар болып жатса, әркім көрпені өзіне қарай тартуға талаптанып жатса, демек бұның уақыты келмегені.
Меніңше, «қазақстандық ұлт» деген жоқ, ал «қазақ ұлты» деген бар. Қазақстанда тұратын барлық халық – қазақстандықтар.
ҚАЗАҚСТАН – АЛМАНЫҢ ОТАНЫ
– Қазақстанның Америкадағы имиджі, американдықтардың Қазақстан туралы түсінігі қандай?
– Англияда әртүрлі мемлекеттер жайында телевикторина жиі өткізіледі. Егер, сұрақтарға дұрыс жауап берілсе, ақшалай сыйлықтар беріледі. Біз оның бір бөлігін youtube сайты арқылы интернеттен көрдік.
Сонда «Алманың отаны қайда?» деген сауал болды. Бірақ, бұған ешкім жауап бере алмады. Жауап өте оңай еді. Бұл – Қазақстан. Яғни, бұл дегеніңіз Қазақстанның қалыптасқан имиджі. Өкінішке қарай, шеттегілер түгілі, бұны өзіміз де біле бермейміз.
Менің бір досым Вирджиния университетінің профессоры, селекционер бір адам жайында әңгімелеген еді. Оның айтуынша, әлгі адам алма жайында бір лекция оқыған екен.
Сонда «Әлемде ерекше керемет экожүйе бар. Ол Іле Алатауында орналасқан. Сол жердегі қаланың аты – Алматы, яғни, алманың атасы деген ұғымды білдіреді. Бұл жерде алма өзінен өзі өседі. Әрі бұл алмалардың дәмі өте ерекше. Оған арнайы күтімнің қажеті жоқ» делінген екен.
Яғни, Іле Алатауынан кезінде алманың 300 сорты Америкаға жеткізіліпті. Демек, әлемде Қазақстан – алманың елі деген атпен танылып отыр.
– Ал, Бораттың фильмі қандай әсер қалдырды?
– Әрине, Бораттың фильмі Америкада өте жоғары деңгейде насихатталды. Бірақ, бұл жерде фильмнен гөрі халықтың оны қалай қабылдағаны маңызды секілді.
Америка – 300 миллион халқы бар ірі держава. Ондағы халықтың білім деңгейі де әртүрлі. Демек, бұл фильмді қабылдау да әрқилы болды.
Мысалы, мен сол кезде америкалық бір ірі компанияда жұмыс істеп жүр едім. Фильмді көрген қызметтестерім Бораттың әзілкеш екендігіне баса мән беріп, оған аса назар аудармау қажеттігін айтып жатты.
Біздің халықтың басынан нелер өтпеді. Соның бірі – жүздеген ұлт өкілдерін геноцидтен сақтап қалуы. Олар жүздеп, мыңдап қана саналмайды, миллиондап саналады.
Мәселен, корейлер, немістер, чешендер, т.б. Сталиннің заманында қуғын көрген халықтың біразы Қазақстан даласын паналауға мәжбүр болған. Талайларды бауырына баса білген еліміз аштықтан,жалаңаштықтан азып-тозған бейбақтарды екі бөлмелі үйінің біріне енгізіп, адам етті.
Сөйтіп, біраз халықты аман алып қалды. Біз осы жайында айтуымыз керек. Бұл жайында кинолар түсіріп, бүкіл әлемге тарату керек. Бұл біздің халқымыздың имиджін қалыптастырар жақсы құрал болар еді.
Қазір Қазақстанға депортацияланған халықтың өкілдері, сол бір нәубетті кезеңді өз басынан өткізген адамдар арамызда баршылық. Олардың көрген-білгенін, қазақтың құшағын ашып қарсы алғанын, өзі аш-жалаңаш отырып, бір үзім нанды бөліп жегенін насихаттайтын кез жетті.
Бірде біз Америкадағы Корей қауымдастығының Совет одағы кезінде депортацияланған корейлер және олардың Қазақстанға жеткеннен кейінгі тағдыры жайында түсірген фильмін көрдік.
Фильмде қазақтарға деген аса бір құрмет, ізет байқалады. Өйткені, Сібірге кеткен корейлердің аман қалғаны аз екен, ал Қазақстандағы корейлер қазақтардың үлкен жүрегінің арқасында өсіп-өніп бүгінге жетіп отыр.
Осы фильмді ары қарай тарату ісі – Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің мойнында. Қазақстан жайында жақсы имидж қалыптастыру мақсатында жылына миллиондаған доллар қаржы бөлетіндігін білемін. Сол қаржыны осы мақсатта пайдаланса жақсы болар еді.
АМЕРИКАДАҒЫ ҚАЗАҚТАР САНЫ НАҚТЫ ЕМЕС
– Корей қауымдастығы жайында айтып отырсыз, ал Америкадағы қазақтардың қауымдастығы бар ма?
– Вирджиния штаты мен Мэриленд, Вашингтондағы қазақтардың басын қосатын бір қазақ қоғамы бар. Сондай-ақ, Нью-Йоркте осындай ұйымның бар екенін білемін.
Қазақ ұйымдары жыл сайын Наурыз мейрамын, қазақтың ұлттық мейрамдарын бірлесіп өткізіп тұрады.
Мәселен, былтыр біз Вашингтондағы елшіліктің жанынан сондағы қазақтар үшін концерт ұйымдастырдық. Онда жиналушылардың ішінде «болашақтықтар» да мол болды.
Менің ұлым «Анашым» әнін айта бастағанда, бүкіл зал толқып кетті. Ондағы жастардың барлығы алыстағы анасын сағынып, еске алған секілді, түрегеп тұрып әнге қосылды.
– Жалпы, Америкадағы қазақтардың санын айтып бере аласыз ба?
– Бұл жағын айту қиын. Бір кездері әртүрлі деректер айтылатын. Қазір Америкада «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқып жатқан студенттердің саны өте көп.
Американың азаматтығын алып, тұрақты тұрып қалғандар аз кездеседі. Уақытша тұрып жатқандардың саны олардан анағұрлым көп.
Техас штатында мұнайшы қазақтар көп тұрады. Мен тұратын Мэриленд, Вирджиния және Вашингтонда да біраз қазақтар бар.
Алайда, олардың нақты саны белгісіз. Дегенмен, ондағы қазақтар бірін-бірі біледі. Мейрамдарда бас қосып тұрамыз.
– Ал, Америкадағы қазақтар қазақ тілін қаншалықты біледі?
– Вашингтондағы лингвистикалық орталықта қазақ тілінің курсын оқуға болады. Сондай-ақ, қазақ қауымдастығының қазақ тілі курсын ұйымдастырғаны есімде. Бірақ, курстың құны қанша тұратынынан хабарым жоқ.
Ал, менің екі балам Қазақстанда қазақ мектебіне барған, қазақшаға судай. Америкаға келгеннен кейін, қазақ тілін ұмытпау мақсатында арнайы кітаптар оқып, өзара қазақша сөйлейді. Мұндай жастар көп.
– Қазақстанмен қалай байланыс жасайсыздар?
– Ең әуелі телефон байланысына жүгінеміз. Біз Америкаға келгенде, Алматыға хабарласудың 1 минуты 30 центтің айналасында еді. Қазір 3 центпен еркін сөйлесе аламыз.
Өйткені, Америкада бәсекелестік аса жоғары. Бұл сервистің құнын төмендетуге септігін тигізеді. Екіншіден, интернет арқылы байланысамыз.
– Ал бұқаралық ақпарат құралдарының хабары жете ме? Мысалы, Каспионет телеарнасын көресіздер ме?
– Жоқ. Бізде қазақстандық ешқандай телеарна көрсетпейді. Спутник арқылы да көру мүмкін емес.
ҚАЗАҚСТАНДА ҒЫЛЫМИ ҮРДІС ҮЗІЛІП ҚАЛҒАН
– Осы жолғы Қазақстанға келуіңіздің мақсаты жайлы айта кетсеңіз.
– Мен Америкадан екі үлкен жобамен келіп отырмын. Бұл жоба АҚШ-тағы денсаулық сақтау институтымен бірге жасалған. Қазір Қазақстан ғылымына орасан зор пайда келтірер ғылыми жобалармен айналысудамын. Ол Қазақстанның жоғары билігі деңгейінде талқылануда.
Бірақ, Америкада 1-1,5 жыл оқу аздық етеді. Ең аз дегенде 2 жыл, әйтпесе 4-6 жылдай оқып, лабораторияда өз біліміңді жетілдіруің керек.
Мен өз айналама отандастарымды жинап жатырмын. Олардың арасында – физик, химик, биолог, техник, инженерлер бар. Біз Америкадан Қазақстанға қалай көмектесу қажеттігін талқылаймыз.
Өйткені бұл адамдар ғылымда өз орнын тапқан, қай салада да сұранысқа ие адамдар.
– Қазақстан ғылымы жайында не айтасыз?
– Мұнда ғылыми орта жоқ. Өйткені, бұл үрдіс тоқтап қалған. Сондықтан бұл ортаны қайта қалыптастыру керек. Әрине, жекелеген ғалымдардың барлығы рас.
Алайда, олар не зейнет жасындағы адамдар, не өте жас балалар. Ал, ғылымға шындап еңбек ететін кезең – 25-50 жастағы адамдар ғылымнан қол үзіп кетті. Біреуі бизнеске, екіншілері шетел асып дегендей.
– «Болашақ» бағдарламасы өзін-өзі ақтай алды деп ойлайсыз ба?
– Әрине, «Болашақ» жүйесі дұрыс ойластырылған. Оған талас жоқ. Шетке келген әрбір талапкер өзге тілді үйренеді, өзге мәдениетті меңгереді. Көкірегі оянып, көзі ашылады.
Демек, бұның жақсылығы бар. Дегенмен, бұл бағдарламаны әлі де жетілдіре түсу керек. Шетелге өрімдей жастарды жіберердің алдында тағы да жақсылап ойлану керек.
Мен «болашақтықтармен» араласып тұрамын. Олардың арасында Америкаға кездейсоқ келіп қалғандары да кездеседі.
«Менің жолым бұл емес еді» дейтіндер көп. Бұған қазіргіден гөрі ерекше көңіл бөлген дұрыс. Талапкерлерді бір ай емес, бірнеше ай бойы сараптан өткізген жөн болар.
Біріншіден, оқуға үміткер қандай университетке барады. Бұл тек лекция оқып қана жіберетін университет болмауы керек.
Ол ғылыми-зерттеу лабораториялық жүйесі дамыған университет болуы тиіс. Ондай университеттің студенттері оқи жүріп, жұмыс істей алатын мүмкіндікке қол жеткізеді.
Ал, біздің «болашақтықтар» дипломға баса назар аударады. Бүгінгі күннің талабы «оқы, оқы және оқы» емес, «оқы, оқы және жұмыс істе». Онсыз Қазақстанды көгертем деу орынсыз.
Қазір «Болашақ» бағдарламасы бойынша бітіріп келгендердің көбі – сұранысқа ие емес. Қыруар қаржы шашып оқып келген жас түлектің сол қоғамға қажеті болмай қалуы нені білдіреді?
Бұл «Болашақ» бағдарламасын дұрыс жүйелей алмағандығымызды көрсетеді.
– Әңгімеңізге рахмет.
МЕН «ҚАЗАҚПЫН». ӘРБІР ҚАЗАҚ ОСЫЛАЙ МАҚТАНУЫ КЕРЕК
– Ержан мырза, Америкаға қалай жолыңыз түсті?
– Түу баста Америкаға бару жоспарым да, ниетім де болмап еді. Жаздың бір жайма-шуақ күнінде америкалық «жасыл картаны» жеңіп алдым. Сөйтіп, Америкаға барудың сәті түсті.
Өздеріңізге белгілі «жасыл карта» – Америкада тұруға және жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бұл картаға қол жеткізген адам Америка азаматтарымен тең дәрежелі құқықтарға ие болады. Тек қана, сайлану және сайлау еркіне қол жеткізе алмайсың.
Бұл картаның иесі АҚШ елінде тұрақты мекен-жайға қол жеткізеді. «Жасыл картаның» уақыты – 10 жыл.
Бірақ, біз әлі күнге дейін бұдан кейінгі тағдырымызды қай елмен байланыстыратындығымызды шеше алмай отырмыз. Әзірге Қазақстан төлқұжатын Америка азаматтығына ауыстыра қойған жоқпыз.
Менің ойымша, мен қазір Америкада жүріп Қазақстан үшін пайдалы істер атқара аламын. Сол себепті де әзірге Қазақстанға оралу ойымда жоқ.
– Қазақстанды америкалықтар қандай деңгейде біледі?
– Америкалықтардың көпшілігі Қазақстанды біле бермейді. Тарихи оқулықтар мен мектептерде Қазақстан туралы ауқымды ақпарат жоқ деп айтуға болады.
Батыс адамдары үшін бір халықтың өз ішінен руға бөлінуінің өзі түсініксіз жағдай. Сондықтан, біз, қазақтар – біртұтас халық ретінде мақтанғанымыз дұрыс.
Кейбір танымдық оқулықтарда қазақтар туралы «Қазақтар – түркі-моңғол тайпаларының одағы» деген ақпараттар кездеседі. Бұл біздің намысымызға тиеді. Кейбір Қазақстанда болған америкалықтар әдейі немесе қалжыңдап «қай рудансың?» деген сауал қойып жататыны болады. Мен оларға «қазақпын» деп жауап беремін.
Әрине, қазақтар өз тегін, жеті атасын білгені жөн. Бірақ, Батыс адамдары үшін бір халықтың өз ішінен руға бөлінуінің өзі түсініксіз жағдай. Сондықтан, біз, қазақтар – біртұтас халық ретінде мақтанғанымыз дұрыс.
Біз ешқандай тайпалардың одағы емеспіз. Америкада қонақта болған әрбір қазақ осыны түсінсе екен деймін. Өзін таныстырғанда, кеудесін қағып, «мен пәлен руданмын» демегенін қалар едім.
– Америка – эмигранттар елі деп жатады. Бірақ, ондағы ұлт өкілдері өздерін «американдықтар» деп атайды. Сіздіңше, көптеген ұлыс пен этнос өкілдері тұратын Қазақстан халқы болашақта біртұтас ұлтқа айналуы үшін не істеуі керек? «Қазақстандық» немесе «қазақ» халқы атануы керек пе?
– Төлқұжатта ұлтын анықтау әрбір этнос өкілінің өз еркі. Оларды «төлқұжатта ұлтыңның кім екенін жазба немесе қазақ деп жаз» деп мәжбүрлеуге болмайды. Бәлкім, уақыт өте келе бұның да кезі келер. Ұлт, мемлекет жайлы түсініктер де өзгерер.
– Сіз өмір сүріп жатқан Америкада немесе Франция мен Түркияда, Германия мен Англияда ондағы этнос өкілдерінің кім екені айтылмайды. Өркениетті елдерде азаматтығы арқылы ұлты анықталады ғой?
– Американы еуропалықтар ашты. Бірақ, күндер өте келе мұнда өмір сүретін ұлттар мен ұлыс өкілдері біртұтас ұлтқа айналып, «американдықтар» атанды.
Ал, «қазақстандық ұлт» немесе «қазақ ұлты» дегенге келетін болсақ, бұған әлі ерте. Егер, қоғамда бұл жайында қызу пікірталастар болып жатса, әркім көрпені өзіне қарай тартуға талаптанып жатса, демек бұның уақыты келмегені.
Меніңше, «қазақстандық ұлт» деген жоқ, ал «қазақ ұлты» деген бар. Қазақстанда тұратын барлық халық – қазақстандықтар.
ҚАЗАҚСТАН – АЛМАНЫҢ ОТАНЫ
– Қазақстанның Америкадағы имиджі, американдықтардың Қазақстан туралы түсінігі қандай?
– Англияда әртүрлі мемлекеттер жайында телевикторина жиі өткізіледі. Егер, сұрақтарға дұрыс жауап берілсе, ақшалай сыйлықтар беріледі. Біз оның бір бөлігін youtube сайты арқылы интернеттен көрдік.
Сонда «Алманың отаны қайда?» деген сауал болды. Бірақ, бұған ешкім жауап бере алмады. Жауап өте оңай еді. Бұл – Қазақстан. Яғни, бұл дегеніңіз Қазақстанның қалыптасқан имиджі. Өкінішке қарай, шеттегілер түгілі, бұны өзіміз де біле бермейміз.
Менің бір досым Вирджиния университетінің профессоры, селекционер бір адам жайында әңгімелеген еді. Оның айтуынша, әлгі адам алма жайында бір лекция оқыған екен.
Сонда «Әлемде ерекше керемет экожүйе бар. Ол Іле Алатауында орналасқан. Сол жердегі қаланың аты – Алматы, яғни, алманың атасы деген ұғымды білдіреді. Бұл жерде алма өзінен өзі өседі. Әрі бұл алмалардың дәмі өте ерекше. Оған арнайы күтімнің қажеті жоқ» делінген екен.
Яғни, Іле Алатауынан кезінде алманың 300 сорты Америкаға жеткізіліпті. Демек, әлемде Қазақстан – алманың елі деген атпен танылып отыр.
– Ал, Бораттың фильмі қандай әсер қалдырды?
– Әрине, Бораттың фильмі Америкада өте жоғары деңгейде насихатталды. Бірақ, бұл жерде фильмнен гөрі халықтың оны қалай қабылдағаны маңызды секілді.
Америка – 300 миллион халқы бар ірі держава. Ондағы халықтың білім деңгейі де әртүрлі. Демек, бұл фильмді қабылдау да әрқилы болды.
Мысалы, мен сол кезде америкалық бір ірі компанияда жұмыс істеп жүр едім. Фильмді көрген қызметтестерім Бораттың әзілкеш екендігіне баса мән беріп, оған аса назар аудармау қажеттігін айтып жатты.
Атышулы фильмде қазақ журналисі Борат Сағдиевті сомдаған британ комигі Саша Барон Коэн. Лиссабон, қараша, 2005 жыл.
Яғни, бұл да бір эпизод. Бір сайқымазақтың түсірген фильміне ондағы білімді топ аса мән берген жоқ. Ал, білім деңгейі төмен адамдар, бәлкім оны басқаша қабылдаған болар. Бірақ, бүгінде Боратты жұрт ұмытып та кетті.Біздің халықтың басынан нелер өтпеді. Соның бірі – жүздеген ұлт өкілдерін геноцидтен сақтап қалуы. Олар жүздеп, мыңдап қана саналмайды, миллиондап саналады.
Мәселен, корейлер, немістер, чешендер, т.б. Сталиннің заманында қуғын көрген халықтың біразы Қазақстан даласын паналауға мәжбүр болған. Талайларды бауырына баса білген еліміз аштықтан,
Бір сайқымазақтың түсірген фильміне ондағы білімді топ аса мән берген жоқ. Ал, білім деңгейі төмен адамдар, бәлкім оны басқаша қабылдаған болар. Бірақ, бүгінде Боратты жұрт ұмытып та кетті.
Сөйтіп, біраз халықты аман алып қалды. Біз осы жайында айтуымыз керек. Бұл жайында кинолар түсіріп, бүкіл әлемге тарату керек. Бұл біздің халқымыздың имиджін қалыптастырар жақсы құрал болар еді.
Қазір Қазақстанға депортацияланған халықтың өкілдері, сол бір нәубетті кезеңді өз басынан өткізген адамдар арамызда баршылық. Олардың көрген-білгенін, қазақтың құшағын ашып қарсы алғанын, өзі аш-жалаңаш отырып, бір үзім нанды бөліп жегенін насихаттайтын кез жетті.
Бірде біз Америкадағы Корей қауымдастығының Совет одағы кезінде депортацияланған корейлер және олардың Қазақстанға жеткеннен кейінгі тағдыры жайында түсірген фильмін көрдік.
Фильмде қазақтарға деген аса бір құрмет, ізет байқалады. Өйткені, Сібірге кеткен корейлердің аман қалғаны аз екен, ал Қазақстандағы корейлер қазақтардың үлкен жүрегінің арқасында өсіп-өніп бүгінге жетіп отыр.
Осы фильмді ары қарай тарату ісі – Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің мойнында. Қазақстан жайында жақсы имидж қалыптастыру мақсатында жылына миллиондаған доллар қаржы бөлетіндігін білемін. Сол қаржыны осы мақсатта пайдаланса жақсы болар еді.
АМЕРИКАДАҒЫ ҚАЗАҚТАР САНЫ НАҚТЫ ЕМЕС
– Корей қауымдастығы жайында айтып отырсыз, ал Америкадағы қазақтардың қауымдастығы бар ма?
– Вирджиния штаты мен Мэриленд, Вашингтондағы қазақтардың басын қосатын бір қазақ қоғамы бар. Сондай-ақ, Нью-Йоркте осындай ұйымның бар екенін білемін.
Қазақ ұйымдары жыл сайын Наурыз мейрамын, қазақтың ұлттық мейрамдарын бірлесіп өткізіп тұрады.
Мәселен, былтыр біз Вашингтондағы елшіліктің жанынан сондағы қазақтар үшін концерт ұйымдастырдық. Онда жиналушылардың ішінде «болашақтықтар» да мол болды.
Менің ұлым «Анашым» әнін айта бастағанда, бүкіл зал толқып кетті. Ондағы жастардың барлығы алыстағы анасын сағынып, еске алған секілді, түрегеп тұрып әнге қосылды.
– Жалпы, Америкадағы қазақтардың санын айтып бере аласыз ба?
– Бұл жағын айту қиын. Бір кездері әртүрлі деректер айтылатын. Қазір Америкада «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқып жатқан студенттердің саны өте көп.
Американың азаматтығын алып, тұрақты тұрып қалғандар аз кездеседі. Уақытша тұрып жатқандардың саны олардан анағұрлым көп.
Техас штатында мұнайшы қазақтар көп тұрады. Мен тұратын Мэриленд, Вирджиния және Вашингтонда да біраз қазақтар бар.
Алайда, олардың нақты саны белгісіз. Дегенмен, ондағы қазақтар бірін-бірі біледі. Мейрамдарда бас қосып тұрамыз.
– Ал, Америкадағы қазақтар қазақ тілін қаншалықты біледі?
– Вашингтондағы лингвистикалық орталықта қазақ тілінің курсын оқуға болады. Сондай-ақ, қазақ қауымдастығының қазақ тілі курсын ұйымдастырғаны есімде. Бірақ, курстың құны қанша тұратынынан хабарым жоқ.
Ал, менің екі балам Қазақстанда қазақ мектебіне барған, қазақшаға судай. Америкаға келгеннен кейін, қазақ тілін ұмытпау мақсатында арнайы кітаптар оқып, өзара қазақша сөйлейді. Мұндай жастар көп.
– Қазақстанмен қалай байланыс жасайсыздар?
– Ең әуелі телефон байланысына жүгінеміз. Біз Америкаға келгенде, Алматыға хабарласудың 1 минуты 30 центтің айналасында еді. Қазір 3 центпен еркін сөйлесе аламыз.
Өйткені, Америкада бәсекелестік аса жоғары. Бұл сервистің құнын төмендетуге септігін тигізеді. Екіншіден, интернет арқылы байланысамыз.
– Ал бұқаралық ақпарат құралдарының хабары жете ме? Мысалы, Каспионет телеарнасын көресіздер ме?
– Жоқ. Бізде қазақстандық ешқандай телеарна көрсетпейді. Спутник арқылы да көру мүмкін емес.
ҚАЗАҚСТАНДА ҒЫЛЫМИ ҮРДІС ҮЗІЛІП ҚАЛҒАН
– Осы жолғы Қазақстанға келуіңіздің мақсаты жайлы айта кетсеңіз.
– Мен Америкадан екі үлкен жобамен келіп отырмын. Бұл жоба АҚШ-тағы денсаулық сақтау институтымен бірге жасалған. Қазір Қазақстан ғылымына орасан зор пайда келтірер ғылыми жобалармен айналысудамын. Ол Қазақстанның жоғары билігі деңгейінде талқылануда.
АҚШ-тың Sirius FM-5 радио-спутнигі тиелген ресейлік Протон-М зымыран-тасығышы Қазақстанның Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшқан сәті. 1 шілде 2009 жыл.
Меніңше, дәл осы біріккен жобалар Қазақстанның ғылымын жандандыруға мүмкіндік береді. Ал ең мықты ғылым – Америкада екендігін тағы да мойындауымыз керек.Бірақ, Америкада 1-1,5 жыл оқу аздық етеді. Ең аз дегенде 2 жыл, әйтпесе 4-6 жылдай оқып, лабораторияда өз біліміңді жетілдіруің керек.
Мен өз айналама отандастарымды жинап жатырмын. Олардың арасында – физик, химик, биолог, техник, инженерлер бар. Біз Америкадан Қазақстанға қалай көмектесу қажеттігін талқылаймыз.
Өйткені бұл адамдар ғылымда өз орнын тапқан, қай салада да сұранысқа ие адамдар.
– Қазақстан ғылымы жайында не айтасыз?
– Мұнда ғылыми орта жоқ. Өйткені, бұл үрдіс тоқтап қалған. Сондықтан бұл ортаны қайта қалыптастыру керек. Әрине, жекелеген ғалымдардың барлығы рас.
Алайда, олар не зейнет жасындағы адамдар, не өте жас балалар. Ал, ғылымға шындап еңбек ететін кезең – 25-50 жастағы адамдар ғылымнан қол үзіп кетті. Біреуі бизнеске, екіншілері шетел асып дегендей.
– «Болашақ» бағдарламасы өзін-өзі ақтай алды деп ойлайсыз ба?
– Әрине, «Болашақ» жүйесі дұрыс ойластырылған. Оған талас жоқ. Шетке келген әрбір талапкер өзге тілді үйренеді, өзге мәдениетті меңгереді. Көкірегі оянып, көзі ашылады.
Болашақтықтармен араласып тұрамын. Олардың арасында Америкаға кездейсоқ келіп қалғандары да кездеседі. «Менің жолым бұл емес еді» дейтіндер көп. Бұған қазіргіден гөрі ерекше көңіл бөлген дұрыс. Талапкерлерді бір ай емес, бірнеше ай бойы сараптан өткізген жөн болар.