Совет әскерінің Ауғанстанға басып кіргеніне 30 жыл толды. Сол армияның қатарында осы соғысқа Қазақстаннан қатысқан 22 мың адамның 900-ден астамы жат елде қаза тапқан еді.
АУҒАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ «ПАРТИЗАНДАР»
Алматы қаласының тұрғыны Құрбанжан Зулияров осыдан тура отыз жыл бұрын, 1979 жылы желтоқсанның 25-күні, Совет армиясының жиынына шақырылып, екі күннен соң Ауғанстан жеріндегі оқ пен оттың ортасынан бір-ақ шыққан еді.
Содан бір жыл бұрын ғана – 1978 жылы Совет армиясы қатарында екі жылдық міндетті әскери борышын өтеп туған қаласына келген 21
Cовет армиясы қатарында Ауғанстандағы соғысқа қатысқан қазақстандықтар. «Партизандар» деректі фильмінен.
жастағы Құрбанжан ұнатқан бойжеткенмен сөз байласып, үйлену тойына дайындалып жатқан кезде Совет армиясы қатарына әскери жиынға шақырту келген.Сол заманда жұрт арасында осындай шақыртумен ел ішіндегі әскери жиын-жаттығуларға баратындарды «партизан» деп атайтын.
27 желтоқсанда үйлену тойым болады деп айтсам, «ештеңе етпейді бауырым, борышыңды өте, қалыңдығың қаттырақ сүйетін болады» деп әзілдеді...
– Таңғы сағат төртте әскерге шақыртқан қызыл қағаз келді. Жиынға барып енді екі күннен соң, яғни 27 желтоқсанда үйлену тойым болады деп айтсам, «ештеңе етпейді бауырым, борышыңды өте, қалыңдығың қаттырақ сүйетін болады» деп әзілдеді. Жүктерімізді тиеп, сапарға аттанар алдында үйімізге соғып кетуге мүмкіндік берді. Сосын, партизан формасын киіп, қалыңдығыма бардым. Ол анасы екеуі той көйлегін тігіп отыр екен, мен оған әскери жиынға кететінімді айтып едім, ол хабарым қалыңдығыма төбеден жай түскендей әсер етті. Менің қаперімде ештеңе жоқ, әдетте ел баратын жиынға мен де барамын да келемін деп ойладым. Сөйтіп, желтоқсан айының 24-інен 25-іне қараған түні аттанып кеттім, – деп 30 жыл бұрынғыны еске алады Құрбанжан Зулияров.
ЖАРИЯСЫЗ СОҒЫС
Желтоқсанның 27-күні оларды Ауғанстанға әкеледі. Онда келген күннен бастап Құрбанжан нағыз ұрыстың ортасында жүреді. Әскери басшылар оларға елдегі отбасына қайда жүргендерін айтпауды ескертеді.
– Бізге үйге хат жазғанда Ауғанстанда емес, Қазақстанда жүрміз деп жазыңдар деп, ондай хаттың үлгісін де көрсетті, – дейді Құрбанжан.
Ол Ауғанстанда совет жаяу әскерінің арнайы машинасын (БМП) басқарады. От пен оқтың ортасында жүрген қарулас серіктерінің қатары күн сайын сиреп, ажалмен әр күні бетпе-бет кездескен сәттер болғандығын бүгінде тебірене еске алады Құрбанжан Зулияров:
Бізге үйге хат жазғанда Ауғанстанда емес, Қазақстанда жүрміз деп жазыңдар деп, ондай хаттың үлгісін де көрсетті.
– Ол кезде былай еді. Бүгін 11 адам отырып тамақтанса, осынша адамға әзірленген тамақ әкеледі. Ертесінде, белгілі бір жауынгерлік әрекеттен кейін тамақтануға отырсаң, тағы да 11 адамға тағам әкеледі. Алайда, ол кезде біз 11 емес 8 адам отырамыз. Сөйтіп, ортамыздан мәңгілікке кеткен 3 адамның тамағын қалғандарымыз бөліп ішетінбіз.
Құрбанжан Зулияров Ауғанстаннан туған еліне 1980 жылғы көктемде бір-ақ оралған.
Ал оның сол кезде үйде қалған қалыңдығы, қазіргі жары Рамиля Зулиярова соғыстан келгенде күйеу жігітті тіпті танымай қалған екен.
– Ол кеткен соң бас кезінде расында да әскери жиынға кеткен екен деп жүрдім, сосын, кейін бәрін түсіне бастадым ғой. Оның өмірі үшін қатты қорқып, бұл оттан аман сақтай гөр, деп күнде құдайға жалбарынатынмын. Оның соғыстан келген кезі дәл қазіргідей есімде. Ол
Ауған азаматтары Отандарына қайтып бара жатқан совет жауынгерлеріне жол болсын айтып тұр. 14 қазан 1986 жыл.
1980 жылдың 4 наурызы болатын. Жұмыста отырсам, келіп тұр. Жүзі қап-қара болып тотыққан, жүдеп кеткен, маған қарап жымиып тұр. Құрбанжанды сол жымиысынан таныдым. Әйтпесе адам танымайтындай болып өзгеріп кеткен екен, – дейді Рамиля Зулиярова Азаттық радиосына берген сұхбатында.Отбасында бір ұл, бір қыз тәрбилеп өсіріп олардан 3 немере сүйіп отырған Құрбанжан Зулияров қазір Алматы әуежайында жұмыс істейді. Ауған соғысының ардагері ретінде мемлекет оған ай сайын 9 мың теңге (қазіргі бағаммен 60 доллар) жәрдемақы төлейді.
«ПАРТИЗАНДАР» ТУРАЛЫ ТҰҢҒЫШ ФИЛЬМ
Ауғанстанға совет әскерінің басып кіргеніне 30 жыл толу қарсаңында, биылғы желтоқсанның 22-күні, Алматыда «Партизан» деректі фильмінің премьерасы өтті.
Бұл фильмде кезінде Совет армиясы қатарында ауған жеріндегі соғысқа қатысқан Құрбанжан Зулияров секілді «партизандар» туралы
Совет армиясы қатарында Ауғанстандағы соғысқа қатысқан Құрбанжан Зулияров «Партизандар» деректі фильмінде. Алматы, 22 желтоқсан 2009 жыл.
алғаш рет айтылады. Фильмге қазірде Қазақстанда тұратын 29 «партизан» түскен. Олардың көпшілігі әскерге шақырылмай тұрғанда отбасын құрып, балалы-шағалы болып үлгерген еді.Кино қазіргі қаланың көрінісінен басталады. «Көшеде ерсілі-қарсылы өтіп жатқан адамдар мен машиналар. Біреулер қыдырып жүр, енді біреу әлдекімді күтіп тұр, тағы біреу әлде қайда асығып барады. Күнделікті күйбең тіршіліктің көрінісі. Осыдан дәл 30 жыл бұрын да осылай еді. Аяқ астынан сұрапыл соғыс басталып, мыңдаған қазақстандық азаматтар жақындарынан айырылады деп ешкім ойламаған», – деп келіп, фильм маңызды бөлігіне көшеді.
30 минуттық деректі фильмде ауған соғысы куәгерлері өз басынан өткен оқиғаларды еске алады, қан майданнан түсірілген видео және фотомұрағаттар соғыстың шынайы өмірінен хабар береді.
Ауған соғысы «партизандарының» бастамасы бойынша қолға алынған бұл деректі фильм 2 айдың ішінде түсіріліп шыққан. Ардагерлер «Партизан» фильміне соғыстың әкелетін жойқын зардабы мен қасіретін айтып, бүгінгі ұрпақ соғыс тауқыметін көрмесін, бейбіт ғұмыр кешсін деген тілекпен түскендерін жеткізді. Соғысқа қатысқандар үшін майдан тауқыметін еске түсіріп, өз бастарынан кешкендерін деректі фильмде баяндап берудің өзі қиынға соққан көрінеді.
Солардың бірі Александр Скоропадский фильмнің дүниеге келу тарихы туралы былай дейді:
– Бізде қанша жыл өтсе де әлі күнге шейін Ауғанстанда әскери борышын өтеген «партизандар» жайында ешкім айтпайтындығы туралы мәселені жігіттермен бас қосқанда талқылап, осы фильмді түсіруді шештік. Өйткені, «партизандардың» көбі отбасын құрған, балалары бар
Бізді ештеңе айтып, ескертпестен шақырып алып, соғыстың күйіп тұрған отына тастай салды.
Бүгінде Қазақстанда совет армиясының құрамында ауған соғысына қатысқандардың мәртебесі екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне теңестірілген. Дегенмен, ауған соғысына қатысқандардың үкіметке айтар өкпе-назы да бар. Олар мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік көмектерге де көңілдері толмайтындығын жеткізді.
Ресми деректер бойынша, сол соғысқа Қазақстаннан 22 мың азамат қатысып, оның 924-і қаза тауып, 21 адам хабар-ошарсыз жоғалып кетті. Ал 1015 жауынгер соғыстан мүгедек болып оралды.