Accessibility links

Қазақстандық әскерилер Ауғанстанға қайтадан жіберілмек


Кеңес әскері Ауғанстаннан шығарылғаннан кейін жиырма жыл өткен соң Астана әскери қызметкерлерін қайтадан осы бір соғыс ошағына жібермекші. Бұл жолы қазақстандық әскерилер НАТО басқаратын қорғанысты қамтамасыз етуші күштердің көмегімен бармақ.

«Қазақстан Ауғанстандағы бейбітшілікті қолдауға өз күштерін бағыттау мүмкіндіктерін қарастыруда, бұл 1980-жылдардағы Кеңес-Ауған соғысынан кейінгі Орталық Азиядан әскер орналастырудың алғашқысы болып отыр, — деп жазады Гонконгта орналасқан Asia Times сараптамалық онлайн басылымы.

Бұл шешім қазақстандық бітімгершілер Ирактан шығарылғаннан кейін екі айдан соң қабылданды, 2003 жылдан бері ол аумақта тазарту жұмыстары жасалды. Материал авторы Роджер МакДермотт Қазақстан үкіметінің қорғанысты қамтамасыз етуші күштердің көмегімен Ауғанстанға бітімгершіл күштерін бағыттау мүмкіндігін қарастыру туралы ниеті барын ҚР Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаевтың айтқанын жазады.

«20-қарашада Валенсияда өткен НАТО-ның Парламенттік ассамблеясының отырысында Саудабаев Астананың Ауғанстанға әскери қызметкерлерін жіберу арқылы ондағы бейбітшілікті қолдау әрекетін ұлғайта түскісі келетінін айтты. Бұл Кабулдағы әскери госпитальдар мен қорғанысты қамтамасыз етуші күштердің бейбітшілікті қолдау үшін қазақстандық күштерден құрған батальонының бөлімі («Қазбат») болуы мүмкін. Саудабаев НАТО-мен өзара тиімді және сындарлы ынтымақтастық — Қазақстанның сыртқы саясаттағы басты басымдылығы екенін атап көрсетті».
Астананың мұндай мүмкіндіктерінің тағы бір белгісі ретінде 2008 жылдың 2-желтоқсанында қол қойылған Ауғанстандағы операцияларды қолдауды жүзеге асыру үшін АҚШ пен НАТО ұшақтарына төтенше жағдайлар орын алғанда Алматы әуежайына қонуға рұқсат беру туралы келісімді айтуға болады.
Роджер МакДермотт ҚР Қорғаныс министрлігіндегі дерек көздеріне сүйене отырып, Вашингтон мен Лондонның Ауғанстанға бейбітшіл күштерін жіберуге көндіру үшін Астанаға соңғы айларда қысымды күшейткенін айтады. Сонымен бірге мемлекеттің ішінде соғыс ошағына кезекті аттануға деген қатты қарсылық орын алған. Мұндай шешімге наразылардың арасында Қазақстан парламентіндегі пацифистер (бірақ бұл жерде дәл қай депутатты меңзеп отырғаны түсініксіз) мен Кеңес-Ауған соғысының ардагерлері бар.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа бұл қарсылықты ескеруге тура келді, сондықтан да оған қазақстандық күштердің Иракқа жіберілуіне байланысты тиімділік пен әскери операцияларға «Қазбатты» қатыстырмау мүмкіндігінің арасынан жол табу керек болды.
Сондықтан да «Қазбатты» қорғанысты қамтамасыз етуші күштердің штабы мен медициналық қызмет көрсету үшін Ауғанстанға жіберу шығынға ұшырау қөзқарасы тұрғысынан алғанда өте қатерлі әрекет болып отыр. Бұл 2005 жылдың қаңтарында снаряд түсіру кезінде Иракта «Қазбаттың» капитаны қайтыс болғалы бері қазақстандық үкімет үшін өте нәзік мәселе болып отыр. Оның қазасы мемлекеттің Ирактағы тұңғыш әрі жалғыз шығыны болды.
«Назарбаев Қазақстан қарулы күштерінің шетелдердегі жағымды бейнесін дамытуда «терроризммен күрес» аясындағы міндеттемені орындау мен Астананың «көпвекторлы» сыртқы саясатын ұстау арқылы бітімгершілік картасын епті пайдалана білді. Елдің имиджін басты санайтын режим үшін халықаралық мойындаулар атрибуттарына толық сай болу маңызды», — делінген материалда.
Asia Times сайты авторының айтуынша, Иракта «Қазбаттың» жайылуының арқасында Назарбаев «бітімгершілік күштердің азғантай бөлімін қосымша міндеттемелерді орындауға жіберу қауіпті азайтқанымен үлкен пайдадан айыруы мүмкін екенін түсінді».
XS
SM
MD
LG