Шілденің 1-інде кешке қазақстандық 27 азамат Ақтөбеге оралды. Олардың бәрі «айыппұлды төлеймін» деп қолхат жазғаннан кейін ғана Нүкістегі уақытша тергеу абақтысынан босатылды.
Сәрсенбі күні Астана уақытымен сағат 14.30-да Қандыағаш станциясына жеткен қазақстандық азаматтар туған-туыстарының көліктерімен Ақтөбеге сағат 19.30-да жетті.
«130 МЫҢ ТЕҢГЕГЕ ЖАЛДАНЫП 5 АЙ АБАҚТЫДА ОТЫРДЫМ»
54 жастағы Батырбек Әбілов отыз жылдан аса жүргізуші болып еңбек етеді. Соңғы жылдары жүк тасымалдауды кәсіп еткен, ақтөбелік бір кәсіпкер облыс аумағындағы Бозой елдімекенінен бірнеше шақырым жерде жатқан магистральды трубаларды алып келуді өтінген соң биылғы жылы ақпанда кезекті тапсырыспен жолға шыққанын айтады.
Батырбек Әбілов айтылған жерге барған кезде өзі сияқты жалданған 30-дан аса азаматтарды көргендігін айтады.
«Біз бәріміз сол жерде таныстық: біріміз Иван, біріміз Мишка деп таныстық та жұмысқа кірістік. Біраз уақыт өткеннен кейін түстеніп алайық деп қазан асып, от жағып тамақ пісіруге кірістік. Сол кезде бізге әскери формадағы 4 жауынгер келді. Біз алдымен оларды аңшылар немесе қазақстандық шекарашылар екен деп ойладық. Алайда олар өзара өзбекше сөйлесіп, кейін бізге: «Өзбекстан территориясына заңсыз кіріп кеттіңдер» дегенді айтты», – деп еске алады Батырбек Әбілов.
Өзбекстандық шекарашылар ұсталғандардың құжаттарын тексеріп жатқанда он шақты жұмысшы істің мән-жайын түсініп қашып үлгерген. Алайда, қалған 27-сі ұсталып, қосымша күштер шақыртылып, жүргізушілерді екі автобуспен Нүкіске алып кеткен. Аол олардың автокөлік, техникасын айдап апарған.
«Біз шекараны кесіп өтейін деген жоқпыз. Сол жерде екі елдің шекара белгілері болған жоқ, мүмкін біз оларды байқамаған болармыз. Өйткені дәл сол күндері қатты суық болып, күн бұлттанып, қатты аяз тұрды. Біздің айтқан уәждерімізге құлақ асатын ешкім болмады», – дейді Батырбек Әбілов.
ҚАЗАҚСТАН ӨЗ АЗАМАТТАРЫНЫҢ ӨЗГЕ ЕЛДЕ ҰСТАЛҒАНДЫҒЫН ТЕК 2 АЙДАН КЕЙІН ҒАНА БІЛДІ
Батырбек Әбіловтың әйелі Набат өз күйеуінің біреуге жалданып жол жүріп кеткендігін ғана білгенін айтады. Ал нақты кімдердің тапсырысы, қайда кеткендігінен әйелі бейхабар болыпты.
Жоғалып кеткен күйеуін іздеу барысында өзі сияқты бірқатар әйелдерді жолықтырған Набат естіп-білген ақпаратты саралай отырып, жоғалған жүргізушілердің ізі Өзбекстанға жетелейтіндігін анықтаған.
Бір жарым ай өткеннен кейін ғана жоғалғандардың жақын-туыстары Қазақстанның Ташкендегі консулы Бабур Дәуренбекке шығып, ұсталған жүргізушілердің Нүкісте абақтыда жатқандығын естіп-білген.
Батырбек Әбілов алғашында қамаудағы қазақстандық азаматтарға консул келгеннен кейін көңілі көтеріліп, жуық арада елге қайтамыз деп үміттенгендігін айтады. Алайда ол үміті ұзаққа бармаған екен.
«Консул мырза біздің іске сол кезден бастап араласты. Мен қазір ойлаймын, егер сол кісі болмағанда біздің жағдайымыз басқалай болар ма еді... Дегенмен, біз Қазақстанның азаматтарымыз ғой. Бізді неге мемлекеттік органдар, ресми Астана іздемеді? Біз 27-іміз ұрлықшы емеспіз, өз күнімізді өзіміздің адал еңбегімізбен көріп жүрген азаматтармыз», – дейді өкпесін жасырмаған сұхбаттасымыз.
Бұған дейін, баспасөзге берген сұхбатында, Қазақстан сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Нұртай Әбіқаев Нүкісте қамауда отырған қазақстандықтардың барлығы өзбек шекарасын заңсыз кесіп өткенін және ұрлық жасағанын мойындады деген болатын.
Ұсталғандардың түсініктемесі бойынша, олардың мақсаты істен шыққан құбырларды ұрлау болған, оларды жалдаған азаматтар қазір ұсталып, оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды деген еді Нұртай Әбіқаев.
Кейін жүргізушілердің туыстары бұл пікірге өз наразылықтарын білдірген болатын.
СОТТАЛҒАНДАР ӨЗБЕК ТАРАПЫНАН АВТОКӨЛІКТЕРІН ДАУЛАМАҚ
27 азаматтың ісі Қарақалпақ Республикасының Жоғарғы сотында қаралған болатын. Сотта шекараны заңсыз кесіп өтті деген айыппен Нүкіс абақтысына қамалған жүргізушілерді босату жөнінде шешім қабылданды.
Бірақ Өзбек билігі бұл үшін жаңа талаптар қойып отыр. Бостандыққа шығу үшін Қазақстан азаматтарының әрқайсысы 16 млн 840 мың өзбек сомын, яғни 11 мың АҚШ доллары көлемінде өтемақы төлеуі тиіс. Сондай-ақ оларға тиесілі КАМАЗ маркалы жүк көліктері тәркіленеді.
«Мен өзімнің кінәлі емес екенімді білемін, сол сияқты менімен бірге болған жүргізушілер де кінәлі емес. Ал екі ортада біз көліктен айырылып, жұмыссыз қалдық. Оның үстіне 11 мың долларды тауып беруіміз керек. Бұл барып тұрған заңсыздық, әділетсіздік! Мен бұл ақшаны қайдан аламын, айтыңызшы?» – дейді Батырбек Әбілов.
Бұл істің басы-қасында жүрген айыпталушылар туыстарының бастамашыл тобының жетекшісі Айдос Садықов ақтөбелік жүргізушілердің көліктерінің иелеріне қайтарылып, айыппұлдан да құтылуға аздаған болсын үміттің бар екендігін айтады.
«Нүкістегі адвокаттар дәл қазіргі таңда жоғарғы инстанцияға шағымданып, көліктерді кері қайтару туралы мәселені көтеріп жатыр. Одан өзге ешбір жүргізушінің әлеуметтік жағдайының мәз еместігін ескере отырып, айыппұлы азайтылып, немесе құтылып кетуі де мүмкін», – дейді Айдос Садықов.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, ақтөбелік 27 жүргізуші биылғы ақпан айының 26-күні Қазақстанның Өзбекстанмен шекаралас аймағында ұсталған болатын.
Өзбекстан прокуратурасы олардың барлығына «өзге республикаға заңсыз өту», «ұрлық» және «кеден заңдылығын бұзу» деген айыптар тағып, екеуін ұйымдастырушы ретінде 15 жылға, қалғандарын 13 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді.
Алайда Нүкіс соты жауапқа тартылғандарға айыппұл салумен шектелді.
«130 МЫҢ ТЕҢГЕГЕ ЖАЛДАНЫП 5 АЙ АБАҚТЫДА ОТЫРДЫМ»
54 жастағы Батырбек Әбілов отыз жылдан аса жүргізуші болып еңбек етеді. Соңғы жылдары жүк тасымалдауды кәсіп еткен, ақтөбелік бір кәсіпкер облыс аумағындағы Бозой елдімекенінен бірнеше шақырым жерде жатқан магистральды трубаларды алып келуді өтінген соң биылғы жылы ақпанда кезекті тапсырыспен жолға шыққанын айтады.
Нүкісте қамауда отырған қазақстандықтардың туыстары жәрдем сұрап ұлттық қауіпсіздік комитетіне келді. Ақтөбе, 17 сәуір 2009 ж.
Кәсіпкер Батырбекті жұмысқа жалдағаны үшін 170 мың теңге төлейтін болып екеуара келіскен. Жолға шықпас бұрын жанар-жағар майға деп 40 мың теңге берген. Ал қалған сома жүкті тиісті жерге жеткізгенде берілетін болған.Батырбек Әбілов айтылған жерге барған кезде өзі сияқты жалданған 30-дан аса азаматтарды көргендігін айтады.
«Біз бәріміз сол жерде таныстық: біріміз Иван, біріміз Мишка деп таныстық та жұмысқа кірістік. Біраз уақыт өткеннен кейін түстеніп алайық деп қазан асып, от жағып тамақ пісіруге кірістік. Сол кезде бізге әскери формадағы 4 жауынгер келді. Біз алдымен оларды аңшылар немесе қазақстандық шекарашылар екен деп ойладық. Алайда олар өзара өзбекше сөйлесіп, кейін бізге: «Өзбекстан территориясына заңсыз кіріп кеттіңдер» дегенді айтты», – деп еске алады Батырбек Әбілов.
Өзбекстандық шекарашылар ұсталғандардың құжаттарын тексеріп жатқанда он шақты жұмысшы істің мән-жайын түсініп қашып үлгерген. Алайда, қалған 27-сі ұсталып, қосымша күштер шақыртылып, жүргізушілерді екі автобуспен Нүкіске алып кеткен. Аол олардың автокөлік, техникасын айдап апарған.
«Біз шекараны кесіп өтейін деген жоқпыз. Сол жерде екі елдің шекара белгілері болған жоқ, мүмкін біз оларды байқамаған болармыз. Өйткені дәл сол күндері қатты суық болып, күн бұлттанып, қатты аяз тұрды. Біздің айтқан уәждерімізге құлақ асатын ешкім болмады», – дейді Батырбек Әбілов.
ҚАЗАҚСТАН ӨЗ АЗАМАТТАРЫНЫҢ ӨЗГЕ ЕЛДЕ ҰСТАЛҒАНДЫҒЫН ТЕК 2 АЙДАН КЕЙІН ҒАНА БІЛДІ
Батырбек Әбіловтың әйелі Набат өз күйеуінің біреуге жалданып жол жүріп кеткендігін ғана білгенін айтады. Ал нақты кімдердің тапсырысы, қайда кеткендігінен әйелі бейхабар болыпты.
Жоғалып кеткен күйеуін іздеу барысында өзі сияқты бірқатар әйелдерді жолықтырған Набат естіп-білген ақпаратты саралай отырып, жоғалған жүргізушілердің ізі Өзбекстанға жетелейтіндігін анықтаған.
Бір жарым ай өткеннен кейін ғана жоғалғандардың жақын-туыстары Қазақстанның Ташкендегі консулы Бабур Дәуренбекке шығып, ұсталған жүргізушілердің Нүкісте абақтыда жатқандығын естіп-білген.
Батырбек Әбілов алғашында қамаудағы қазақстандық азаматтарға консул келгеннен кейін көңілі көтеріліп, жуық арада елге қайтамыз деп үміттенгендігін айтады. Алайда ол үміті ұзаққа бармаған екен.
«Консул мырза біздің іске сол кезден бастап араласты. Мен қазір ойлаймын, егер сол кісі болмағанда біздің жағдайымыз басқалай болар ма еді... Дегенмен, біз Қазақстанның азаматтарымыз ғой. Бізді неге мемлекеттік органдар, ресми Астана іздемеді? Біз 27-іміз ұрлықшы емеспіз, өз күнімізді өзіміздің адал еңбегімізбен көріп жүрген азаматтармыз», – дейді өкпесін жасырмаған сұхбаттасымыз.
Бұған дейін, баспасөзге берген сұхбатында, Қазақстан сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Нұртай Әбіқаев Нүкісте қамауда отырған қазақстандықтардың барлығы өзбек шекарасын заңсыз кесіп өткенін және ұрлық жасағанын мойындады деген болатын.
Ұсталғандардың түсініктемесі бойынша, олардың мақсаты істен шыққан құбырларды ұрлау болған, оларды жалдаған азаматтар қазір ұсталып, оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды деген еді Нұртай Әбіқаев.
Кейін жүргізушілердің туыстары бұл пікірге өз наразылықтарын білдірген болатын.
СОТТАЛҒАНДАР ӨЗБЕК ТАРАПЫНАН АВТОКӨЛІКТЕРІН ДАУЛАМАҚ
27 азаматтың ісі Қарақалпақ Республикасының Жоғарғы сотында қаралған болатын. Сотта шекараны заңсыз кесіп өтті деген айыппен Нүкіс абақтысына қамалған жүргізушілерді босату жөнінде шешім қабылданды.
Бірақ Өзбек билігі бұл үшін жаңа талаптар қойып отыр. Бостандыққа шығу үшін Қазақстан азаматтарының әрқайсысы 16 млн 840 мың өзбек сомын, яғни 11 мың АҚШ доллары көлемінде өтемақы төлеуі тиіс. Сондай-ақ оларға тиесілі КАМАЗ маркалы жүк көліктері тәркіленеді.
Нүкіс соты Қазақстан азаматтарының иелегіндегі осы суреттегі секілді КАМАЗ маркалы жүк көліктерін тәркілеуге шешім шығарды.
Бес баланың әкесі Батырбек Әбілов КАМАЗ автокөлігін өз үйін кепілдікке қойып несиеге алыпты. Бүгінде сол көлік үшін ай сайын ақша төлеуі тиіс. Әрі жұмыссыз, әрі көліксіз қалған Батырбек енді бұл ақшаны қайдан табарын білмей отырғанын айтады.«Мен өзімнің кінәлі емес екенімді білемін, сол сияқты менімен бірге болған жүргізушілер де кінәлі емес. Ал екі ортада біз көліктен айырылып, жұмыссыз қалдық. Оның үстіне 11 мың долларды тауып беруіміз керек. Бұл барып тұрған заңсыздық, әділетсіздік! Мен бұл ақшаны қайдан аламын, айтыңызшы?» – дейді Батырбек Әбілов.