Маусымның 6-сында Freedom House («Фридом Хауз») ұйымы бұрынғы советтік мемлекеттердің демократиялық ахуалы туралы жылдық баяндамасын жариялады.
«Nations in Transit 2012» («Даму жолындағы елдер 2012») деп аталатын есепке қарағанда, 2003 жылдан бері «Қатып қалған авторитарлық режимдер» деп аталатын категорияға енгізілген Қазақстан өткен жылы да демократиядан алшақтай түскен.
Азаттық радиосы жаңа баяндамаға байланысты Freedom House сарапшысы Кэтрин Махалекпен сұхбат өткізді.
– Freedom House ұйымының есебінде Қазақстанға 6,54 деген баға берілген. Бұл көрсеткіш нені білдіреді?
– «Nations in Transit 2012» есебіндегі 6,54 деген көрсеткіш - Қазақстанның демократия жағдайына қатысты алған бағасы. Баяндамада қамтылған мемлекеттердің демократия ахуалын бағалаудағы көрсеткіш 1-ден 7-ге дейінгі ұпаймен есептеледі: яғни 1 – ең мықты, ал 7 – ең нашар ахуалды білдіреді. Онда елдегі ұлттық демократиялық басқару, сайлау процесі, азаматтық қоғам, тәуелсіз
бұқаралық ақпарат құралдары, жергілікті демократиялық басқару, сот жүйесі мен тәуелсіздік және жемқорлық жағдайы зерттелген.
Қазақстан баяндамада «Демократия жағдайы нашар» делінген Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан сияқты «Қатып қалған авторитарлық режимдер» категориясына енгізілген.
Freedom House саяси бәселекелестік пен плюрализмге жол бермейтін, негізгі саяси, азаматтық және адам құқықтарын жиі бұзатын диктаторлары бар жабық қоғамдарды «Қатып қалған авторитарлық режимдер» деп сипаттайды.
– Өткен жылдармен салыстырғанда Қазақстанда қандай да бір алға басу болды ма?
– Қазақстан 2003 жылдан бері «Қатып қалған авторитарлық режимдер» категориясына енгізіліп келеді. 2012 жылғы баяндамада 2011 жылғы оқиғалар зерттелген. Қазақстанда азаматтық қоғам, жергілікті демократиялық басқару және сот жүйесі мен тәуелсіздік категориясы бойынша жағдай нашарлаған.
Бұған өткен жылы режимнің ереуілдеген мұнайшылардың мәселесімен айналысу тәсілі, әсіресе Жаңаөзен қаласындағы аяусыз атыстар кезіндегі әрекеттері,
сонымен қатар үкіметтің уәделеріне қарамастан Жаңаөзен оқиғасын тәуелсіз түрде тергей алмағандығы, сонымен қатар жұмыстан босатылған екі мыңға жуық мұнайшының құқығын қорғаған Наталья Соколованың «әлеуметтік жанжал тудырды» деген айыппен қамалуы да (6 жылға сотталған кәсіподақ заңгері Наталья Соколова биыл наурыз айында босатылып, оған 3 жыл шартты жаза ғана тағайындалған – ред.) себеп болған.
Оған қоса, жергілікті билік орындарының президент Нұрсұлтан Назарбаевтың биліктегі «Нұр Отан» партиясының қалауын орындаудан өзге бастамаларды көтермеуі «Жергілікті демократиялық басқару» категориясы бойынша бағаның төмендеуіне түрткі болды.
Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төраға болуына қарамастан, 2011 жылы елде демократиялық реформаға қатысты алға басу байқалмады. Демократия жағдайы одан сайын нашарлады.
– Қазақстан үкіметі демократиялық жағдайды қалай жақсарта алады?
– Қазақстан үкіметіне елдегі демократия ахуалын жақсартуы үшін көп мүмкіндік бар. Мәселен, билік орындары 2011 жылдың желтоқсан айында Жаңаөзендегі
қақтығыстарға қатысы бар деп айыпталып сотталған 34 мұнайшыға (дұрысы, 37 мұнайшының үстінен қылмыстық іс қозғалған - ред.) шығарылған сот үкімін жойып, Жаңаөзен оқиғасын мұқият зерттеу үшін тәуелсіз тергеушілерді шақыруы тиіс. Айыпталушыларға қарсы қолданылған дәлел-айғақтар қинап-азаптаулар арқылы алынған, сондықтан мұндай дәлелдер жойылуы керек.
Билік орындары елдің саяси процесіне нағыз оппозицияның қатысуына мүмкіндік беруі керек. Нағыз плюрализмнің дамуы үшін бұқаралық ақпарат құралдары мен азаматтық қоғам топтарына, оппозициялық партияларға қатысты шектеулерді жеңілдетуге бағытталған реформалар жүргізілуі тиіс. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы мен тағы басқа халықаралық ұйымдарына мүше Қазақстан халықаралық міндеттемелерін орындауға міндетті.
– Сұқбатыңызға рахмет.