Қазақстанның Мұсылмандар одағы мен АҚШ-тың «Global Business Corporation» компаниясы арасындағы әріптестік негізінде құрылған ұйым дағдарыс кезінде елдегі шағын және орта бизнес саласына несиелендіру арқылы көмек көрсетпекші. Бірақ, аталмыш ұйымның құятын қаржы көлемі әзірге белгісіз.
«Қазақстан мұсылмандары тек елдің рухани өміріне ғана емес, экономикалық өміріне де белсенді араласуы керек». Жобаның мақсатын осылайша түсіндірген Қазақстанның Мұсылмандар одағы аталмыш ұйым бөлімшелерінің Алматы мен АҚШ-тағы Атланта қалаларында ашылып үлгергенін мәлімдеді. Одақтың төрағасы Мұрат Телібеков жаңадан құрылған ұйымның әсіресе, шағын және орта бизнеске Америкадан инвестиция тарту мәселесіне баса назар аударып жатқанын жеткізді.
- Қазіргі уақытта біздің әріптестеріміз халал өндірісін дамытуға ерекше көңіл бөліп жатыр. Елімізде мал фермалары желісін ашу үшін американдық тарап несие бөлуге даяр. Бұл қаражаттарды американдық «Эксимбанкі» бөледі. Оның Қазақстандағы банктермен арада келісімі бар. Ол бойынша біздің фермерлер кепілсіз несиелер ала алады.
Мамандардың айтуынша, қазіргі кезде халал өнімдеріне деген сұраныс барған сайын артып келеді. Дегенмен, ол сұранысты толығымен қамтамасыз ететін Қазақстанда өндіруші де жоқ. Оның үстіне «Халал» деген атауы бар өнімдердің барлығы да шын мәнінде «халал» емес дейді мамандар. Мұсылман қағидаларына сай дайындалуы тиіс бұл азық түрлерін шығарумен айналысатын зауыттарда ол үшін жағдай жасалмаған. Ал аталмыш саланың монополиялануы жағдайды тіптен қиындата түседі. Осы себепті Қазақстан Мұсылмандар одағының мүшелері қаржыны аталмыш салаға құюды жоспарлап отырғандарын айтады.
- Қазір Қазақстанда халал өндірісі ойдағыдай дамымай отыр. Тіпті, 1,5 млн халқы бар Алматыны да қамтамасыз етуге өндірушілердің шамасы жетпей жатыр. Қазір халал өнімдерін тек мұсылмандар ғана пайдаланбайды. Таңертең дүкендерге түскен халал өнімдері кешке жетпей бітіп кетеді. Осы жағдайлардың бәрін ескеріп, біз осы салаға инвестиция тартып отырмыз, - дейді Сәкен Өзбекұлы.
Алайда Мұсылман одағының мүшелері фермерлер үшін ұсынылатын несиенің пайыздық көрсеткішін нақты айта алмай отыр.
- Бір білетініміз, пайыздық көрсеткіші Қазақстандағы банктерден әлдеқайда төмен болады. Біз пайыздық жағын әлі келіскен жоқпыз. Бірақ, қалай болғанда да, ең төмен көрсеткіш болады. Оған шағын және орта бизнес азаматтарының көптеп тартылатынына сенімдіміз, – дейді Сәкен Өзбекұлы.
Қазіргі таңда Қазақстанның орта және шағын бизнес саласы қаржыға зәру болып отыр. Сауда-өнеркәсіптік палатасының мәліметі бойынша, әлемдік дағдарыстың салдарынан Қазақстанда шағын және орта бизнестің 70 пайызы банкроттықтың алдында тұр. Елдегі жұмыс орындарының 60 пайызын беріп отырған аталмыш саланы дағдарыс кезінде қолдау үшін Ұлттық қордан 4 млрд теңге бөлінген болатын. Бұған дейін елдегі кәсіпкерлер қауымдастығы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры арқылы жүзеге асатын қаржылай көмекті тездетуді сұраған еді.
Ал ақпанның 24-інде «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов кәсіпкерлердің дәл осы күннен бастап елдегі банктерге несие алу туралы өтініш бере алатындығы жөнінде мәлімдеді. Жергілікті ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, бір апта бұрын осы мақсатта «Даму» қорына 120 млрд теңге аударылыпты.
Ол ақпанның 16-сы мен 20-сы аралығында елдегі банктердің есеп-шотына түскен көрінеді. Кәсіпкерлерге ұсынылып отырған несиені өтеу мерзімінің ұзақтығы - 7 жыл, пайыздық көрсеткіші – 12,2 пайыз болмақ.