Сәуірдің 29-ы күні Қазақстан парламентінің мәжілісі интернетті реттеу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Ал сол сәтте Алматыда интернеттегі еркіндікті жақтаушы қоғамдық ұйым өкілдері даулы заң жобасына қарсылық шарасын өткізді.
Сәрсенбі күні таңертеңгі сағат 11 кезінде Алматыдағы «Казпошта» мекемесіне келген бір топ адам Астанаға, Қазақстан парламенті мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджановқа шынжырмен оралған клавиатураны сәлемдеме ретінде жолдады.
Олар осылайша парламенттің қарауында жатқан интернетті реттеу туралы заң жобасына өз наразылықтарын білдірді.
– Бұл заң жобасына байланысты біз осыған дейін көптеген шара өткіздік: ұсыныс та айттық, талдау да жасадық. Бірақ, ешқандай нәтиже жоқ. Менің ойымша, депутаттардың көбісі аталмыш заң жобасын оқымаған да болар. Енді, ең болмағанда, заң жобасы қабылданса не болатынын көздерімен көрсін, – деді акцияны өткізушілердің бірі, «Әділ сөз» қорының президенті Тамара Калеева Азаттық тілшісіне.
Даулы заң жобасы Қазақстанда билік тарапынан интернетке толық бақылау орнатуды көздейді, дейді бүгінгі наразылық шарасын өткізуге мұрындық болған «Еркін интернет үшін» бастамашыл тобының мүшесі Асхат Ақынбеков:
– Бір таңқаларлығы, заң жобасында интернетте жеке парақшасы бар адамдар, блогшылар да ақпарат құралына жатқызылады. Осылайша, біз әлемде ақпарат құралының саны ең көп ел атанайын деп отырмыз. Тиісінше, олардың әрққайсысы журналист ретінде жауапқа тартылатын болады. Мұндай қарқынмен жүретін болсақ, онда жақын арада әрбір интернет-клубты құқық органдарының өкілі күзететін болады. Қытай немесе Орта Азия елдеріндегідей, әрбір компьютердің жанында кітапша қойылып, оған әрбір азамат қандай сайтқа кіргені туралы жазуы тиіс болады.
Ал бұл кезде Астанада заң жобасын талқылаған Қазақстан парламентінің мәжілісі оны бірінші оқылымда мақұлдады.
Жобаны дайындаған Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы Қуанышбек Есикеев, депутаттар алдында сөйлеген сөзінде, бұл жоба интернеттегі ақпарат кеңістігін бақылау мен азаматтардың құқығын қорғауға бағытталған құжат деп атады.
Оның айтуынша, заң жобасында «веб-сайт» ұғымын интернет-ресурс ұғымына ауыстыру туралы өзгертулер бар. Оның себебін заң жобасының авторлары – веб-сайт ұғымының ескіргенін, заман талабына сәйкес келмейтіндігімен түсіндірді. Заң жобасы, сондай-ақ, бас прокуратураға ақпарат құралдарының жұмысын тоқтатуға өкілеттілік береді.
«Мұндай жағдайда прокурор (ақпарат құралының) жұмысын тоқтату туралы шешім қабылдағаннан кейін үш күн ішінде ақпаратты ҚР-ның заңнамасына қайшы келетіні туралы өтінішпен сотқа баруға міндетті», – деді Қуанышбек Есикеев.
Интернетті реттеу туралы заң жобасы парламентке осы жылдың қаңтар айында түскен сәттен бастап Қазақстан қоғамында құқыққорғаушылардың қатты сынына ілікті. Ал өткен аптада Алматыда өткізілген Еуразия медиа-форумында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының сөз бостандығы жөніндегі өкілі Миклош Харасти аталмыш жобаның демократиялық принциптерге сай еместігін, тіпті журналистерге қауіпті екенін ескерткен болатын.
Құқыққорғаушылар мен елдегі блогшыларды алаңдатып отырған нәрсе – заң жобасындағы кез келген интернет-ресурсты ақпарат құралына жатқызу туралы бап.
Бұған қатысты Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Азаттыққа берген жазбаша жауабында былай делінген:
«Заң жобасында, кез келген басылым мен ақпаратты таратудың басқа формасын ақпарат құралына жатқызуға болмайтыны секілді, барлық интернет-ресурстарды ақпарат құралдарына жатқызу көзделмеген. Заң жобасы авторларына «БАҚ туралы» заңда ақпарат құралына берілген анықтама негіз болып отыр. Егер интернет-ресурста жарық көрген ақпарат қалың бұқараға арналса, онда ресурс ақпарат құралы болып есептеледі».
Заң жобасында сондай ақ, ақпаратты таратушылардың құқықтары мен міндеттерін заңнамалық тұрғыда бекіту жағы қарастырылған. Жоба авторларының айтуынша, бұл - интернет-ресурстарда ақпаратты таратудың құқықтық жағын қалыптастыруға мүмкіндік бермек.
Алайда, елдегі журналистік ұйымдар мен блогшылар қауымы мұны интернетке цензура енгізу әрекеті деп бағалап отыр.