Ресей Федерациясының астанасы Мәскеуде бүгінде 20 мыңға жуық қазақ тұрады. Кезінде Совет Одағының құрамында бірге болған екі елдің бүгінгі қарым-қатынасы да ТМД-ның өзге мемлекеттерімен салыстырғанда анағұрлым жақсы. Алайда, Ресейдегі қазақтардың Қазақстанмен арадағы рухани қарым-қатынасқа көңілдері толмайды. Олар Қазақстан өзінің шеттегі диаспоралары үшін ешқандай көмек қолын созып отырған жоқ деген пікірде.
Ресей астанасында 1990 жылдан бері жұмыс істеп келген «Қазақ тілі» қоғамы қазір Мәскеудегі Қазақ мәдени орталығына айналған. Былтыр Самарада құрылған Ресей қазақтарының федералдық ұлттық мәдени автономиясының құрамына енген. Содан бері қоғам жұмысына сәл де болса тыныс бітіп, жандана бастағандай. Бұдан басқа биыл 20 жылдықтарын тойлағалы отырған Мәскеудің қазақ іскер жігіттері құрған «Мұрагер» қазақ мәдени орталығы бар екен.
Қоғам сол орталықпен бірлесіп 2006 жылдан бастап «Қазақ тілі» деген А-3 форматымен 8 беттік газетті айына бір рет шығарып келеді. Сондай-ақ, www.kazakh-tili.ru атты екі тілде хабар тарататын интернет парақшасы бар.
Осы газеттің бас редакторы Орынбасар Қуандықов – Шымкенттегі М.О. Әуезов атындағы институттың (қазіргі Оңтүстік Қазақстан университетінің) түлегі. Осыдан 17 жыл бұрын Мәскеуге аспирантураға оқуға барған ол Ресей астанасында қалыпты. Қазір Мәскеудегі «Федеральный институт развития образования» (ФГУ «ФИРО») федералдық мемлекеттік ғылыми мекемесінде аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істейді, педагогика ғылымдарының кандидаты деген атағы бар.
- «Қазақ тілі» газетін үш жылдан бері шығарып келеміз. Ресейдің 28 аймағына 999 данамен тарайтын газет материалдарының 60%-ы орысша, 40%-ы қазақ тілінде. Қазақтар бұндағы өзге диаспоралардың соңы болып, былтыр Самарада Ресей қазақтарының федералдық ұлттық мәдени автономиясын құрдық. Бүгінде өзге ұлттық автономиялар болса Ресей мемлекетінен қаржы алудың жолдарын тауып алған, оларға тарихи отанындағы бизнесмендер, кәсіпкерлер көмектеседі. Біз болсақ жалтақтағыш әдетімізбен көп нәрседен кенже қалып келеміз. Украиндардың, армяндардың, грузиндердің мәдени орталықтары тұрған үйлерін көрсеңіз салтанат сарай деуге болады. Биыл кәрістерге Мәскеудің Профсоюзная көшесі бойынан 1 гектарга жуық территория бөлінді.
Біздің мәдени орталықтарымызда жағдай мәз емес. Қазақтардың көбі қазақ тілін білмейді. Кейінгі ұрпақ ұлттық тіл мен мәдениеттен мүлдем қол үзіп барады. Этно-компонентті мектептер ашып, тіл курстарын күшейтпесе, жағдай осылай жалғаса берсе, енді аз жылда қазақ тілін ұмытып кететін түріміз бар. Келісемін, аса ірі мегаполис Мәскеуде этно-компонентті мектеп ашып, жан-жақтан қазақтарды жинап, оқытам деу қиын. Өйткені, Мәскеудің бір шетінен екінші шетіне балаңды көлікпен тасымалдап, болмаса мектепке қарай автобусқа мінгізіп, метроға бір өзін салып жіберіп қойып үйде жайбарақат отыру мүмкін емес. Дегенмен, шекаралас, қазақтар көбірек шоғырланған Ресей өңірлерінде ашуға әбден болар еді, - дейді Орынбасар.
«Қазақ тілі» қоғамының жанынан қазақ тілін үйретеміз деген бастамашыл топ құрылған екен. Өйткені, қазақ тілін үйренуге ықыласты талапкерлер жетерлік көрінеді. Бұл топқа оқыту курсы ақылы.
- Алайда, 20-30 адамды жинап, бәріне бірдей бір уақытта дәріс беретіндей мүмкіндік бізде жоқ. Оған аудитория қажет. Ал, Қазақстан тарапынан осы бір мұқтаждыққа қол ұшын беріп, көмекке келген ешкім жоқ. Өз басым балаларымды бұрнағы жылы, арнайы, әке-шешемнің қолына жіберіп Қазақстанда бір жыл оқытып алдым. Содан бері қазақшаны жақсы меңгеріп алған, үйде қазақша сөйлейміз. Мақтанғаным емес, менің балаларымнан өзгелері қазақ тілінен мақұрым.
Сондай-ақ, біз қазақ тілі түгілі, орыс тілінде Қазақстан туралы ақпараттарды сараң естиміз. Не «Қазақстан», не «Хабар» телеарналарын көре алмаймыз. Қазақша түгілі, орысшасын көруге де зәруміз. «Caspionet» деген спутниктік арна барын білеміз. Ал, ұшырған спутник ауада жарылып кетті дей ме, әйтеуір, бізге ештеңе жеткен жоқ.
Спутниктік табақшаларды орнату үшін бізге кемінде 20-25 мың рубль қажет болады. Ол шамамен 1000 доллардың көлемінде. Әрі оның абоненттік төлемақысының өзіне айына 10-15 мың рубль керек. Оған шамасы жететін қазақ бізде жоқ. Біздің жанайқайымызды естіп, оған құлақ түріп жатқан да ешкім көрінбейді. Бұл жақтағы билікке қажетіміз шамалы, елімізге де біз керек емеспіз, ол жақтан ешқандай мәлімет ала алмаймыз. Екі ортадағы бір ұйымбыз. Қазақстанның іргесінде отырып, Қазақстанмен ешқандай байланысымыз жоқ. 2007 жылы шеттегі қазақтарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданғанынан хабарым бар. Бұған бөлінген қаржы қайда кетті екен деп кейде ойланып қоямын, - дейді Орынбасар Қуандықов.
Ол Мәскеудегі Қазақ елшілігі тарапынан моральдық тұрғыдан ғана көмек көрсетілетінін айтады:
- Абайдың туған күнінде Мәскеудегі Абай ескерткішіне гүл қоямыз, Абай оқуларын өткіземіз. Сондай-ақ, Мәскеуде түрлі ұлтшыл топтардың ұйымдасқан қылмысы өршіп тұрғаны белгілі. Скинхед секілді әсіреұлтшылдардың соңғы бірнеше жыл көлемінде азиаттарға да қырғидай тиіп, қырғыз, тәжік, қазақ азаматтарының өлімі жиілеп бара жатқандығы мәлім. Былтырғы жылдың соңында Мәскеуде Ерлан атты қазақ студенті белгісіз біреулердің қолынан қаза тапты. Бірақ, оның өліміне қатысты нақты деректер бізге жете қойған жоқ.
Орынбасар Қуандықов «Қазақ тілі» қоғамы басқармасы мүшелерінің Ерланның өліміне байланысты құзырлы органдарға мәлімдеме жасап, қоғам тарапынан нақты шара қолдануға тырысқандықтарын айтады. Алайда, интернетте бұл туралы мәлімет жылт етіп жоқ болып кетіпті. Сөйтіп, ешқандай әрекетке бара алмаған.
- Ал, балаларды мектепке жалғыз жіберу бәрібір қорқынышты. Кеш қайтады, сол үшін оларды оқуына апарып тастап, алып қайтамыз, - дейді ол.