Өз атынан шақырылған баспасөз мәслихатына Қажымқан Мәсімовтің өзі қатыспады. Ал, оны қорғап сөйлеуге келгендер теріс ақпарат таратқаны үшін БАҚ-ты сотқа береміз деп қорқытты. Үлкен Мәсімовтен қарыздарын даулаған кәсіпкерлер болса олардың өздері жалған айтады деп кінәлады.
Бұқаралық ақпарат құралдары «HAS-ER KZ» ЖШС мен оның құрылтайшысы Қажымқан Мәсімовке теріс көзқарас қалыптастыруда деп кінәлайды компания өкілдері. Маусымның 18-інде Алматыда өткен баспасөз маслихатында олар өз компанияларының үлескерлер мен қарыз алушылар алдында ешқандай берешегі жоқ екендігін мәлімдеген еді. Алайда үлескерлер бұларға «Мәсімовтің атын жамылған алаяқтар» деген сипаттама берді.
МӘСІМОВТІҢ ӘКЕСІНІҢ АДВОКАТЫ БАСПАСӨЗДІ СОТПЕН ҚОРҚЫТТЫ
Маусымның 18-інде Алматыда өткен баспасөз маслихатынға себеп болған – «Время» басылымында үстіміздегі жылдың 16 маусымында жарық көрген «Долги портят отношения» атты мақала еді. Онда бір топ кәсіпкерлер Қажымқан Мәсімовтің құрылтайшылығындағы компаниядан өз ақшаларын қайтара алмай, премьер-министрдің әкесін қылмыстық жауапқа тартуды талап еткендігі жазылған.
Компания өкілдері өздерінің үлескерлермен толықтай есеп айырысқандықтарын айтты. Ал бар-жоғы 4 қарыз алушылармен жеке-жеке келіссөздер жүргізіліп, олармен де ортақ мәмілеге келіп үлгерген.
– Біздегі қалған жалғыз үлескеріміз Шолпан Бекебаева өзіне ақшаның керек еместігін, Шымкенттегі «Ақсарай» базарының құрылысы аяқталғаннан кейін өзінің құйған ақшасына сай жер көлемін алып сауда жасайтынын айтып отыр. Бекебаеваның осыған қатысты қолхаты да бар, – дейді «HAS-ER KZ» ЖШС- ніңтексеру комиссияның төрағасы Зәуреш Дәулетбаева.
Осылай деген компания өкілдері өздерінің сүттен ақ, судан таза екендіктерін дәлелдеумен болды. Ал бұқаралық ақпарат құралдарынан беріліп жатқан дәлелденбеген ақпараттар кесірінен «HAS-ER KZ» ЖШС мен оның құрылтайшысы Қажымқан Мәсімовке қатысты жағымсыз пікір қалыптасып үлгерген дегенді айтады олар. Осы ретте заңгер Наталья Водопьянова компания мен басшылыққа қатысты әрбір негізсіз мақалаға ақпарат құралы заң алдында жауап беретіндігін мәлімдеді.
ТАЯҚТЫҢ ЕКІ ҰШЫ БАР...
Осыдан екі жыл бұрын Шымкент қаласына келіп, «HAS-ER KZ» деп аталатын жауапкершілігі шектеулі серіктестік ашқан Қажымқан Мәсімов осында «Ақсарай» деп аталатын базар саламын деп жариялайды. Оның үстіне аталған фирма арзан бағаға цемент сататыны туралы жарнама берген. Оңтүстіктің телеарналары мен баспасөзінен күндіз-түні түспеген жоғарыдағы жарнамаларға кәсіпкерлер қызығушылық танытып, банктерден несие алып, кейбірі базардан орын алуға ақша салса, енді бірі арзан цемент алуға қаржы аударған. Алайда уақыт өте келе цементке қолы жетпеген кәсіпкерлер өздерінің қаржысын кері қайтаруды талап еткен. Ал ол 70 миллион теңгені яғни, шамамен 466 мың доллар соманы құрап отыр.
– Мен 40 жыл бойы білім саласында, мұғалім болып қызмет еттім. Бұл ақшаны депозитте жатқан жерінен алып, айтқандарына сеніп берген едім. Енді міне балам сырқаттанғанда қайта сұрасам жауап бермейді. Баламды өз ақшама Алматыдағы кардиохирургия институтына алып бара жатырмын, – дейді кейуана.
– Алайда компания өкілдері сіздің «маған қаржының қажеті жоқ, тек базар салынғанда тиесілі жерді берсеңіздер болғаны» деген мағынада қолхат жазғандығыңызды айтып отыр ғой?
– Өтірік соқпасын, мен оларды бір жылдың жүзі болды көрген де жоқпын. Енді барлығы бітіп, кемпір-шалды алдауға көшкен бе? Менде олардың маған берген түбіртектері бар бола тұрып олар неге журналистердің алдында «қарызымыз жоқ» деп мәлімдейді. Бұл не деген ұятсыздық! Менің ойымша, бұлар «Мәсімовтың» атын жамылған алаяқтар! – деді Шолпан Бекебаева.
ҮЛКЕН АҚША ЖҮРГЕН ЖЕРДЕ САЯСАТ ТА АРАЛАСАДЫ
Бас министрдің әкесінің үстінен шағым айтып жүргендер 130-ға жуық адам көрінеді. Бұл туралы Астанада олардың құқығын қорғап жүрген, өзі де үлескерлік құрылыстың құрбанына айналған құқық қорғаушы Талас Сағымбаев мәлімдеген еді. Ол ашынған кәсіпкерлер керек болса өзін өзі өртеуге де дайын екендігін айтты.
– Әкесі ақшаны алса, неге қайтармайды? Неге ұлының қалқасына тығылып жүр? Кәсіпкерлердің арасында Чердынцев деген азамат сотқа шағымданып, сот компанияны кәсіпкердің ақшасын қайтарып беру туралы өткен жылдың жазында шешім шығарған болатын. Міне біржыл болды ол соттың шешімі жүзеге асқан жоқ. «Мәсімов» деген фамилияны оқиды да жылы жауып қояды, – дейді құқық қорғаушы.
Ал «HAS-ER KZ» компаниясының мүддесін қорғап жүрген заңгер Наталья Водопьянова бұл дауды біреудің түртпектеуімен әдейі жасалған деп санайды.
– Бұл дау, әрине, өзінен өзі басталған жоқ. Мүмкін, мұның артында белгілі бір азаматтар бар да шығар. Бірақ мен оны дәл қазір сіздерге жария ете алмаймын...
– Сіздің ойыңызша бұл экономикалық іс пе, әлде саяси іс пе?
– Білесіз бе, әркез үлкен ақша жүрген жерде саясат та бірге жүреді, сондықтан мен ол ойды да жоққа шығармаймын, – деді Наталья Водопьянова.
МӘСІМОВТІҢ ӘКЕСІНІҢ АДВОКАТЫ БАСПАСӨЗДІ СОТПЕН ҚОРҚЫТТЫ
Маусымның 18-інде Алматыда өткен баспасөз маслихатынға себеп болған – «Время» басылымында үстіміздегі жылдың 16 маусымында жарық көрген «Долги портят отношения» атты мақала еді. Онда бір топ кәсіпкерлер Қажымқан Мәсімовтің құрылтайшылығындағы компаниядан өз ақшаларын қайтара алмай, премьер-министрдің әкесін қылмыстық жауапқа тартуды талап еткендігі жазылған.
Компания өкілдері өздерінің үлескерлермен толықтай есеп айырысқандықтарын айтты. Ал бар-жоғы 4 қарыз алушылармен жеке-жеке келіссөздер жүргізіліп, олармен де ортақ мәмілеге келіп үлгерген.
– Біздегі қалған жалғыз үлескеріміз Шолпан Бекебаева өзіне ақшаның керек еместігін, Шымкенттегі «Ақсарай» базарының құрылысы аяқталғаннан кейін өзінің құйған ақшасына сай жер көлемін алып сауда жасайтынын айтып отыр. Бекебаеваның осыған қатысты қолхаты да бар, – дейді «HAS-ER KZ» ЖШС- нің
Заңгер Наталья Водопьянова компания мен басшылыққа қатысты әрбір негізсіз мақалаға ақпарат құралы заң алдында жауап беретіндігін мәлімдеді.
Осылай деген компания өкілдері өздерінің сүттен ақ, судан таза екендіктерін дәлелдеумен болды. Ал бұқаралық ақпарат құралдарынан беріліп жатқан дәлелденбеген ақпараттар кесірінен «HAS-ER KZ» ЖШС мен оның құрылтайшысы Қажымқан Мәсімовке қатысты жағымсыз пікір қалыптасып үлгерген дегенді айтады олар. Осы ретте заңгер Наталья Водопьянова компания мен басшылыққа қатысты әрбір негізсіз мақалаға ақпарат құралы заң алдында жауап беретіндігін мәлімдеді.
ТАЯҚТЫҢ ЕКІ ҰШЫ БАР...
Осыдан екі жыл бұрын Шымкент қаласына келіп, «HAS-ER KZ» деп аталатын жауапкершілігі шектеулі серіктестік ашқан Қажымқан Мәсімов осында «Ақсарай» деп аталатын базар саламын деп жариялайды. Оның үстіне аталған фирма арзан бағаға цемент сататыны туралы жарнама берген. Оңтүстіктің телеарналары мен баспасөзінен күндіз-түні түспеген жоғарыдағы жарнамаларға кәсіпкерлер қызығушылық танытып, банктерден несие алып, кейбірі базардан орын алуға ақша салса, енді бірі арзан цемент алуға қаржы аударған. Алайда уақыт өте келе цементке қолы жетпеген кәсіпкерлер өздерінің қаржысын кері қайтаруды талап еткен. Ал ол 70 миллион теңгені яғни, шамамен 466 мың доллар соманы құрап отыр.
Өз аты-жөнін айтқысы келмеген мына ер адам өзінің ақшасын Қажымқан Мәсімовтің бермегенін айтып, олармен қызыл кеңірдек болып қалды. Алматы, 18 июня 2009
Бүгінде зейнеткер Шолпан Бекебаева 2 миллион 754 мың теңгені «HAS-ER KZ»-ке санап бергендігін айтады. 2007-ші жылы кіші қызының жүрегінде ақау бар екендігі анықталып, дереу операция жасау керек болады. Қолында қаражаты болмаған Шолпан компаниядан өз ақшасын қайтарып алуды ойлайды. Алайда бүгінгі күнге дейін ол қаржыны алмақ тұрмақ көрген де емес.– Мен 40 жыл бойы білім саласында, мұғалім болып қызмет еттім. Бұл ақшаны депозитте жатқан жерінен алып, айтқандарына сеніп берген едім. Енді міне балам сырқаттанғанда қайта сұрасам жауап бермейді. Баламды өз ақшама Алматыдағы кардиохирургия институтына алып бара жатырмын, – дейді кейуана.
– Алайда компания өкілдері сіздің «маған қаржының қажеті жоқ, тек базар салынғанда тиесілі жерді берсеңіздер болғаны» деген мағынада қолхат жазғандығыңызды айтып отыр ғой?
– Өтірік соқпасын, мен оларды бір жылдың жүзі болды көрген де жоқпын. Енді барлығы бітіп, кемпір-шалды алдауға көшкен бе? Менде олардың маған берген түбіртектері бар бола тұрып олар неге журналистердің алдында «қарызымыз жоқ» деп мәлімдейді. Бұл не деген ұятсыздық! Менің ойымша, бұлар «Мәсімовтың» атын жамылған алаяқтар! – деді Шолпан Бекебаева.
ҮЛКЕН АҚША ЖҮРГЕН ЖЕРДЕ САЯСАТ ТА АРАЛАСАДЫ
Бас министрдің әкесінің үстінен шағым айтып жүргендер 130-ға жуық адам көрінеді. Бұл туралы Астанада олардың құқығын қорғап жүрген, өзі де үлескерлік құрылыстың құрбанына айналған құқық қорғаушы Талас Сағымбаев мәлімдеген еді. Ол ашынған кәсіпкерлер керек болса өзін өзі өртеуге де дайын екендігін айтты.
– Әкесі ақшаны алса, неге қайтармайды? Неге ұлының қалқасына тығылып жүр? Кәсіпкерлердің арасында Чердынцев деген азамат сотқа шағымданып, сот компанияны кәсіпкердің ақшасын қайтарып беру туралы өткен жылдың жазында шешім шығарған болатын. Міне бір
Міне, бір жыл болды ол соттың шешімі жүзеге асқан жоқ. «Мәсімов» деген фамилияны оқиды да жылы жауып қояды.