Дөңгелек үстел сұхбатына қатысушылардың ойталқысынан аңғарылғандай Қазақстан халқы Ассамблеясының қазақ қоғамындағы ролі мен маңызы тұрғысындағы ой-пікірлер бір арнада тоғыспайды. Азаматтардың бірі оның маңыздылығын алға тартса, енді біреулері қолдан жасалған мұндай ұйымның тек көзбояушылық үшін қажет екенін айтады.
Азаттық радиосының дөңгелек үстел талқысына «Этносфорум» қоғамдық қорының бас директоры Ғабит Нұрәділ, «Авиценна» тәжік мәдени орталығының төрағасы Бекпулат Ташпулатов, «Мемлекеттік тілге құрмет» бірлестігінің төрайымы Асылы Осман, «Таным» пікір-сайыс клубының жетекшісі Жұмаш Кенебай, саясаткер Балташ Тұрсымбаев және журналист Мырзан Кенжебай қатысты.
Дөңгелек үстел сұхбатын жүргізген Элеонора Якия.
Ғабит Нұрәділ: «Ассамблея еліміз тәуелсіздік алғалы өзінің функциясын атқарып келеді. Біздің бәрімізге төзімділік қажет...»
Жұмаш Кенебай: «Ассамблея қолдан жасалынған ойыншық дүние, бұл қазіргі биліктің ғұмырын ұзарту үшін жасалған...»
Балташ Тұрсымбаев: «Мемлекет 18 деген кәмелеттік жасқа келсе де біз әлі күнге тілімізді де, мәдениетімізді де, тарихымызды ақтап ала алғанымыз жоқ...»
Бекпулат Ташпулатов: «Қазақстандағы тыныштық 15 жылдың бері жұмыс істеп тұрған Ассамблеяның арқасында...»
Асылы Осман: «Барлық жақсылық пен тыныштықты Ассамблея жасады деу қазаққа топырақ шашумен бірдей. Бұл тыныштық Көктегі Құдай мен Жердегі қазақтың кеңдігінің арқасы...»
Қымбатты оқырман, Азаттық радиосының дөңгелек үстел сұхбатына қатысушылардың "Қазақстан халқы Ассамблеясы: оның қоғамдағы маңызы, рөлі, қажеттілігі..." деген тақырыпта білдірген қадау-қадау ой-пікірлері осындай тұрғыда өрбіген еді. Ал осы түрлі сарындағы ой-көзқарастың кеңейтіліп, тереңдетілген пікірталас түріндегі толық нұсқасын осы арадан тыңдай аласыздар.
Дөңгелек үстел сұхбатын жүргізген Элеонора Якия.
Солдан оңға: Ғабит Нұрәділ, Бекпулат Ташпулатов және Мырзан Кенжебай. Азаттықтың Алматыдағы бюросында. 5 қараша 2009 ж.
Дөңгелек үстел сұхбаты жүргізілерден бұрын ҚР президенті әкімшілігінің, Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының инспекторы Нәзипа Шанаидың, «Халық үні» үкіметтік емес ұйымдар қоғамдық одағының төрағасы Советхан Ғаббасовтың және экс-депутат, қоғамдық заң ғылымдары академиясының профессоры Амангелді Айталының да Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамда атқарып отырған ролі қандай, оның маңыздылығы, қажеттілігі тұрғысында білдірген пікірлері де пайдаланылды.Ғабит Нұрәділ: «Ассамблея еліміз тәуелсіздік алғалы өзінің функциясын атқарып келеді. Біздің бәрімізге төзімділік қажет...»
Ғалым Асылы Осман (сол жақта) және саясаткер Балташ Тұрсымбаев Азаттықтың Алматыдағы бюросында. 5 қараша 2009 ж.
Мырзан Кенжебай: «Біздің қазақ газеттері толеранттылық дегенді жаттап алыпты, бұл жоғарыдан түсірген ұран. Алла тағала Жерге түсірген Құранда «төзімді бол» дейді, бірақ төзімді болу үшін еліңді, ұлтыңды сат демейді...»Жұмаш Кенебай: «Ассамблея қолдан жасалынған ойыншық дүние, бұл қазіргі биліктің ғұмырын ұзарту үшін жасалған...»