Қазақтың ер азаматтары арасында сирек кездесетін ісмерлік өнері қанмен дарыған Берік Ысмайылов сән бизнесінің құпияларымен бөлісе келіп, өзінің алғашқы мамандығы авиациялық зауыттың инженер-конструкторы болғанын айтады. Он саусағынан өнер тамған ол қазір халықаралық дәрежеде кең танылған сәнгер.
Дөңгелек үстел сұхбатына қатысушылардың ойталқысынан аңғарылғандай Қазақстан халқы Ассамблеясының қазақ қоғамындағы ролі мен маңызы тұрғысындағы ой-пікірлер бір арнада тоғыспайды. Азаматтардың бірі оның маңыздылығын алға тартса, енді біреулері қолдан жасалған мұндай ұйымның тек көзбояушылық үшін қажет екенін айтады.
Азаттыққа арнайы сұхбат берген әнші Мәдина Сәдуақасова алдағы жоспарларымен бөлісіп, шығармашылығындағы жаңалықтармен таныстырды. Өзінің айтуынша, ол жақын күндерде жеке концерттік бағдарламамен кең байтақ Қазақстанды аралауға аттанбақ.
Қазақстанда тоғызқұмалақтан Азияның тұңғыш чемпионаты басталды. Құрлық жарысына 9 елдің спортшылары шақырылған. Сонымен бірге, қазақтың бұл ұлттық ойынын қазірде интернет арқылы ойнауға да мүмкіндік бар.
«...Сейдолла ине сияқты сазгер, ал ине жұрттың бәрін киіндіріп, өзі жалаңаш қалады», — депті Көпен Әмірбек қазаққа «Әлиядай» рухы биік ән сыйлаған композитор Сейдолла Бәйтереков хақында. Марқұмның жары Ләззат Мұзарафқызы Азаттыққа сұхбат берген еді.
Үш жасында сталиндік саясаттың әмірімен тарихи Отанынан Қазақстанға күштеп жер аударылған Асылы Осман бүгінде Қазақcтанда қазақ тілінің өркендеуін мақсат тұтқан «Мемлекеттік тілге құрмет» бірлестігінің төрайымы. Ғалым-филиолог өмірде көрген-түйгені жайында Азаттық тыңдармандарымен бөліседі.
«Ән әлемінің Ақбаяны» атанған Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мәдина Ералиева осыдан тоғыз жыл бұрын көлік апатынан қапияда көз жұмды. Күміс көмей әнші туралы ұлы Арсеннің естелігінен оқисыздар.
Шығармаларын орыс тілінде жазатын ақын Бақытжан Қанапияновтың аты-жөні кино мен аударма саласында да жақсы таныс.
Азаттық радиосына сұхбат берген әнші-сазгер Баян Нұрмышева 3 жасында домбырамен, 5 жасында гитарамен ән салып, 9 жасында ән жазғанын айтады. Жеке өмірі мен шығармашылығындағы жаңалықтармен бөліскен әнші ару жақында көрермендер назарына алғашқы бейнеклипін ұсынбақ.
Қазақтың ән өнеріне қоңыр даусымен, қазақы бояулы үнімен қосылып, дәстүрлі әннің майын тамызып орындаған шебер әнші, Биғазы Тұтқабеков Қарағандының Жаңарқа топырағының түлегі еді.
Абай Құнанбайұлының туғанына биыл 164 жыл толады. «Қазақтың бас ақынының» өмірден өткеніне де 105 жылдың жүзі болды. Данышпан Абайдың бір ғасырдан астам уақыт бұрын жазып қалдырған Қара сөздерінде қазақ халқын сынайтын, оның кей тірлігін қос көрмейтін жерлері көп.
Биыл Алматыда «Алтын дауыс» атты тірі дауыста ән шырқайтын әншілерді сайысқа салған республикалық ән фестивалі болды. Азаттықтың бүгінгі қонағы сол байқаудың жеңімпазы, «алтын дауысты» жігіт — Таңат Мамырханұлы.
«Анамның тілі», «Фариза», «Толғанай», «Желтоқсан желі», «Қариялар азайып бара жатыр» сынды әндерді жазған сазгер Әбиірбек Тінәлиев Азаттыққа арнайы сұхбат берді.
Бірқатар прозалық кітаптардың авторы «Қасиетті Қазақ жері» атты энциклопедиялық кітап жазу үшін бүкіл Қазақстанды велосипедпен аралап шықпақшы.
Бүгін Алматы халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы мен Валентин Пикуль атындағы және Оралхан Бөкей атындағы сыйлықтардың лауреаты, жазушы-драматург Талаптан Ахметжанды ақтық сапарға аттандырды.
Журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында халықаралық «Қазақстан-Zaman» газетінің бас директоры, журналист Ахмет Аляз бірлескен басылымның мақсаты мен өзінің Қазақстанға келуі жайында Азаттыққа сұхбат берген еді.
Бүгінгі сұхбаттың кейіпкері он екі жыл өмірін әскерге берген, соғыстан соңғы жылдарда Ильменау қаласының коменданты қызметін атқарған, қарт қаламгер Қалмұқан Исабай.
Биыл 72 жасқа толған Совет Одағы мен Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімов, Азаттық радиосына берген сұхбатында, театр және шығармашылық жайында сыр шертті.
15 миллион тұрғыны бар Мәскеу қаласындағы отыз мыңдай қазақтың шешуін таппаған мәселелері жетерлік. Мәскеу қазақтарының жай-күйі туралы сондағы «Астана» қорының президенті Жарқын Өтешова Азаттыққа арнайы сұхбат берді.
Қазақ баласының бірнеше буыны үлкен экраннан көріп өскен, Бердібек Соқпақбаевтың шығармасы негізінде режиссер Абдолла Қарсақбаев экранға шығарған «Менiң атым Қожа» фильмiнде басты рөлді сомдаған Нұрлан Сегізбаевтың Азаттық радиосына берген сұхбаты.
Тағы