Әнсүйер қауымға оның есімі осыдан 14 жыл бұрынғы «Музыкальный вояж» атты бағдарлама арқылы таныс. Сол кезде сахнаға еліктің лағындай жаутаңдап шыққан бойжеткен қыз қазір халықтың сүйікті әншісіне айналды. Республикалық «Жас қанат» байқауының жеңімпазы және бес жыл президенттік оркестрдің лейтенант-әншісі болған Мәдина Сәдуақасова қазір жеке шығармашылығын дамытумен айналысып, жаны сүйген істерге уақыт бөліп жүргеннін айтады.
— «Сүйген жүрек» атты жеке концерттік бағдарламаммен Қазақстанның біраз жерін аралауға гастролдік сапарға кетіп барамын, жаңа жылға дейін осы мақсатта халықпен жүздесіп, жаңа әндерімді арнап қайтпақ ойым бар. Шығармашылықтағы жаңалыққа келсек, «Ғашықтар әні» деген жаңа әнді жаздырттым, Естай Әлікеевтің сөзіне композитор Мақсат Жәутіковтің жазған әні өте сәтті шықты деп айта аламын, жастар жағы бұл әнді жақсы қабылдады. Осыны ескере отырып, Алматыға келісімен осы әнге бейнеклип түсірсем бе деген де ойым бар, Алла қаласа, ойға алған істер баршылық, бірақ таяудағы жоспарда осы жұмыстар тұр.
МЕН КӘСІБИ ТЕЛЕХАБАР ЖҮРГІЗУШІ ЕМЕСПІН, ӘНШІМІН
— Әншілердің телехабар жүргізуі басқа елдерде бар тәжірибе, сенің де жүргізушілікті қолға алғаныңа біраз болып қалды, бұл салаға қалай келіп қалдың?
— Иә, қазір мені халық «Хабар» телеарнасындағы «Таң қалмаңыз» бағдарламасының жүргізушісі ретінде де біле бастады. Алғаш Астанадан Алматыға ауысып келген кезімде осы бағдарламаның продюсері Айнұр Көпбасарова маған жүргізуші боласың ба деген ұсыныс жасаған еді, ол кезде менің президенттік оркестрдің әншісі болғаным болмаса, халыққа онша таныла қоймаған кезім және сол шақтағы ең басты мақсатым әншілігімді жетілдіру болатын.
Сондықтан да мен Айнұрға: «Кешіріңіз, менің басты жұмысым әншілік, мен жүргізуші емеспін» деп бас тартқан едім. Осыдан екі жарым жыл өткеннен кейін телеарнадан тағы да ұсыныс түсті, бірақ бұл жолы осы бағдарламаның жанды дауыста, вокалды-аспаптық ансамбльмен ән айтатын әншілермен бірге өтетін жобасына жүргізушілікке шақырылдым.
Өзіме тапсырылған осы жұмысты атқарып болған кезде, олар менен әрі қарай қалуды сұрады. Бұл кезде мен телеарнаға үйреніп те қалдым, әрі негізгі жұмысымды бір жолға қойып, реттеңкіреп алғандай болдым, яғни жүргізушілікке уақыт таба алатындықтан келісімімді бердім, сөйтіп «Таң қалмаңыздың» жүргізушісі болып шыға келдім.
Бірақ мен кәсіби жүргізуші емес екенімді ылғи айтып жүремін, бұл мен үшін хобби ғана. Мұны айтып отырған себебім, кей тыңдармандар осы жұмыс сізге не үшін керек деген сұрақ қойып жатады. Осы тележүргізушіліктен кейін маған мерекелік шараларды жүргізуге шақыртулар түсе бастады.
«Қазақстан аруын», 14 мемлекет басшысы қатысқан Астананың 10 жылдығындағы «Москва поздравляет Астану» атты концертті, «Казахстан встречает олимпийцев» атты жобаны жүргіздім, әрине, сахнаның мәдениетін, сөйлеу ерекшелігін білгеннен кейін бұл маған аса жат сала емес, сондықтан уақыт пен мүмкіндік болып тұрғанда өзімді неге сынап көрмеске деген оймен жүргізушілікті әншілікпен қатар алып жүрмін.
Бірақ «табу» деген ұғым бар ғой, мен концерттерді, халықтың алдында өтетін үлкен шараларды жүргізгеніммен, жабық корпоративтік кештерді, тойды жүргізуге барған емеспін, оған менің табиғатым да сай келмейді, мен конферансье есебіндегі жүргізушімін.
БІЗДЕГІ ТІЛ МӘСЕЛЕСІН ШЕТ ЕЛДІКТЕР БІЛМЕСЕ ЕКЕН ДЕП ТІЛЕЙМІН
— Алғаш сахнаға шығып жүргенде қазақ тілінде сұхбат беруге қиналып тұратыныңды байқаған едім, қазір ана тіліңде сөйлеуге әжептәуір төселіп алыпсың, тілді меңгеруіңе ненің немесе кімнің көмегі тиді?
— Жасыратыны жоқ, Астанадан Алматыға ауысып келгенде қазақ тіліне шорқақ едім. Мен бұл туралы қазір ойлағым келмейді, тіпті есіме алсам ұялатындықтан, ойыма түсірмеуге тырысатын едім, бұл сұрақ маған өткеннің ұмытылмайтынын дәлелдегендей болды.
Негізі қазақтың қазақ тілін білмеуі деген біздің елде болмауы тиіс проблема ғой, бірақ осындай келеңсіздіктің болғаны үшін ұяттымыз, әрі жауаптымыз.
Мен Қызылорда қаласындағы мектепті орыс тілінде бітірдім, музыка колледжінде де орысша оқыдым, Астанадағы музыка академиясы мен «Тұран» университетінің психология факультетінде де орысша білім алдым.
Бірақ мен мұны ақталу үшін айтып отырғам жоқ, неге қазақ тілін білмей қалғандығымның себебі ретінде көрсеткенім ғой, негізі қазақ боп туылғаннан кейін орысша емес басқа тілде оқысаң да, қай елде тұрсаң да ана тіліңді білуге, қазақша ойлауға міндеттісің деп есептеймін.
Біздегі бұл мәселені басқа елдің азаматтары, шетелдіктер білмей-ақ қойса екен дегенді шын жүрегіммен тілеймін. Жақында ғана Түркияға барып келдім, ол елде мұндай проблема жоқ сияқты.
Аллаға шүкір, қазір мен өз тілімде ойымды еркін жеткізе аламын, бір адамдай сөйлеймін, ал бұған ненің көмегі тиді дегенге келсек, ең алдымен менің намысым қамшы болды. Мен өзімді намысшыл қазақтың қатарына жатқызамын, бұрын қатты қажеттілігі болмаған ба, әлде жастықпен байқағанмын ба, ана тілімде ойымды жинақтап айта алмайтыныма қатты намыстандым.
Қазақ тіліндегі әндердің орындаушысы, қазақтың қызы өз тілін білмейді деген не сұмдық деп өзімді қайрап, күш-жігерімді жұмсап бар ынтаммен кірісіп, үйреніп алдым. Екіншіден, менің Алматыдағы араласатын достарым нағыз қазақи орта, бұл тұрғыдан телеарнадағы әріптестерім, қазақтың белгілі актерлері Жанатбек Бәйтеков пен Азамат Сұраппаевтың еңбегі зор, ол үшін оларға алғысымды білдіремін. Көп оқу бар, оқып-білгеніңді жеткізе алу да бір өнер, осы жігіттердің маған септігі көп болды.
ПСИХОЛОГ МАМАНДЫҒЫМ МАҒАН КҮН САЙЫН КӨМЕКТЕСЕДІ
— Ал бес жыл бойы оқып алған психологтің дипломы қазір саған қандай қызмет атқаруда?
— Мен тағдырымды, бүкіл өмірімді әнмен байланыстырған адаммын, көзім жұмылғанша ән айтатыныма өзім сенемін, сондықтан мен психолог болып жұмыс істеймін дей алмаймын, ол міндетті де емес.
Бірінші курста алғашқы сабаққа барғанымда ең алғаш өткен сабағымыз «Өзіңді тану» деп аталған еді, яғни адам ең бірінші айналасын танымас бұрын өзіне үңілуі тиіс дегенді оқыдық, содан бастап бес жыл бойына осы мамандықты игеру барысында түрлі кітаптар оқыдым, қазіргі өмірімде мұның тек қана пайдасын көріп жүрмін.
Концертте де, гастрольде жүрсек те, әріптестеріммен, туыс-доспен араласуда да, жалпы өмірде психологияның қажет емес жері жоқ, сондықтан мен бес жыл оқыған мамандығым бойынша қызмет істемесем де нәтижесін көріп жүрмін.
ҚАЗЫЛАРДЫҢ ӘРЕКЕТІ «ЕКІ ЖҰЛДЫЗ»ЖОБАСЫН БІРЕУДІҢ КӨҢІЛІ ҮШІН ЖАСАҒАНДАЙ ӘСЕР ЕТТІ
— Ал қазіргі уақытта Қазақстанда жүріп жатқан «Екі жұлдыз» шоу жобасына әнші ретіндегі пікірің қандай?
— Бұл жобаға қатысты өзіндік пікірімнің бары рас, бірақ соны егжей-тегжейлі айтпай-ақ қоюыма рұқсат па? Бір ғана жайды айтып кетейін, маған қазылар алқасының ән салуға шыққан бір жұпты аспандата мақтап, ең төменгі ұпай бергені, немесе керісінше, өнері ұнамады деген әншіге жоғары бал қойғаны түсініксіз болды. Елге сыйлы аға-апаларымыздың қазылық жасаудағы сөздері мен істері сәйкес келмегендіктен, бұл жобаның бір-екі көрсетілімінен кейін көрмейтін болдым.
Мен де бұл жобаға қатысуға шақырылған едім, бірақ менің сапарым алдын-ала жоспарланып қойылғандықтан келісім бермедім.
Әрине, бұл жоба жайында ананың, мынаның көшірмесі деген сөз көп айтылып жүр ғой, бұл жобаның лицензия алынған көшірмесі екені рас, бірақ, менің ойымша, кімнің көшірмесі болса да керек-ақ жоба, неге басқа елдің тәжірибесінде сыналған жобаны бізде жүзеге асырмасқа, тек бір ғана тілегім жаңағы мен айтқан әділетсіздік болмаса екен.
Жобаға қатысушы қыз-жігіттерге, арасында біздің аға-апаларымыз да бар ғой, жалпы қатысушылардың көбіне обал болды, бекер-ақ қатысқан екен деген де ойым болды, себебі қазылардың әрекеті бұл жобаны біреу үшін жасағандай әсер қалдырды.
Ал жалпы шоу ретінде, өткізілуі деңгейі жайында пікір білдірмей-ақ қояйын, осы айтқанымның өзі жеткілікті шығар.
УАҚЫТ ӨЗГЕРГЕНМЕН МЕН ӨЗГЕРГЕМ ЖОҚ
— Осыдан 14 жыл бұрынғы өнер әлемінің есігін ұяла қаққан Мәдина мен қазіргі белгілі әнші Мәдинаның арасында айырмашылық бар ма?
— Кеше, бүгін деген екі-ақ күнді алып қарайықшы, осы екі күнде мен қаншама адаммен кездесіп, әрқайсысымен пікір алысып, әртүрлі мекемеге барып, әртүрлі жұмыстарымды жасап дегендей екі күннің өзінде мен өзіме екі түрлі Мәдина сияқты көріндім.
Яғни уақыттың шыр айналған дөңгелегі сенің де бір орныңда тұруыңа мұрша бермейді. Тіпті біреулер бәлен жылғы өмірін екі-ақ сағатта басқаша түсініп жатады, мінеки өмір деген. Ал сіз кәдімгідей 14 жылды айтасыз, бұл деген мен үшін ұзақ уақыт.
Кәсіби тұрғыдан болсын, өмірге көзқарас жағынан болсын, әрине, өсу бар. Мені өнерге әкелген «Музыкальный вояж» бағдарламасындағы өнер жарысы, «Жас қанат» байқауы мен бес жыл президенттік оркестрдің әншісі болу, мұның бәрінің менің өмірімде қалдырған ізі бар, әрқайсысынан жиған тәжірибе мен өнегені ескеретін болсақ, 14 жыл деген кәдімгідей өмірдің бір белесі дер едім. Сондықтан да 14 жыл бұрынғы Мәдина мен қазіргі Мәдинаның айырмашылығы бар.
Бірақ менің мінезім өзгермепті деп жатыр білетіндер. Жақында ғана сыныптас достарымызбен бас қостық, сонда олар сен сәл ғана ашылыпсың, ал мінезің баяғы қалпында қалыпты, сол бұрынғыша елгезек, ашық-жарқын күйіңнен арылмапсың, біз сені қатты өзгерген шығар деп ойлаушы едік деді. Өмірдің сан қилы жолдары адамды өзгертіп жібереді ғой, достарымның сөзінен кейін мінезімнің өзгермегенін естіп қуанып қалдым.
Ал менің сахнадағы бейнем мен қарапайым өмірдегі қалпымда еш айырмашылық жоқ деп айта аламын.
ТАНЫМАЛДЫҒЫМ МЕРЕЙІМДІ ӨСІРЕДІ, БАСҚА ЗАЛАЛЫ ЖОҚ
— Танымалдылық туралы атақты адамдардың пікірі екіге жарылады, сенің пікірің қандай?
— Мен бұл мәселенің тек жақсы жағын ғана көргім келеді, сол жағын ғана айтамын, ал танымалдылықтан зиян көрдім деген адам болса ол өтірік айтады деп ойлаймын. Бұл сені жақсы көрген халық үшін де, көптің ықыласына бөленген сен үшін де тек шуақты көңіл-күй сыйлайтын жақсы нәрсе дер едім.
Концерт қойып барған жерде үлкен әжелер батасын беріп, қолындағы білезігін шешіп тағып берген кездер болды, бұл жаман ба, соншама ел-жұрттың ықыласы өнер адамының мерейін асырмаса, басқа жамандығы жоқ деп білемін.
Бір болған жайды айтып берейін, бірде машинамен елсіз далада келеміз, жанымда көлік жүргізуші орыс кісі бар, ол менің кім екенімді білмейді де. Әбден шөлдеп, қарнымыз ашып келе жатқанда айдалада бір вагон көрінді, мен жүргізуші кісіге барып біліңізші, тым құрыса ішетін су табылатын шығар деп едім, ол барып ештеңе жоқ деп қайтып келді.
Сосын тәуекел деп өзім кіріп едім, әлгі жерде отырған үлкен аға мені көріп: «Мұндай да болады екен, сен Мәдинасың ба?» деп қайдан алғанын білмеймін, қымыз-шұбатын шығарып, алдымызға дастархан жайып, қонақ етті. Содан қайтар жолда әлгі көлік жүргізуші әнші екенсің ғой деп менімен танысып, халықтың адамы болған қандай жақсы деп тамсанды, осының өзі қандай тамаша!
Ауыл-ауылға барғанда сенің де өздері сияқты адам екеніңді, тамақ ішіп, ұйықтайтыныңды ұмытып кетіп, суретке түс, анда-мында жүр деп әуреге салатындары да бар халықтың, мұндайда да мен ренжімей, керісінше, сол адамдардың риясыз пейіліне мәз болып қаламын. Мен де дәл солар сияқты адаммын ғой, тек маған Алла ән айтатын өнер берген, сол өнер үшін басқалар маған осынша құрмет көрсетіп, сыйлап жатса, оған қалай қуанбайсың?
АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНА ДА АЙТАРЫМ БАР
— Осы танымалдылықтың жауапкершілігі қандай сен үшін?
— Бір ауылға концерт қоя барғанда сол ауылдың бір мұғалимасы келіп маған: «Сіз тоқтай тұрыңыз, қазір менің сұлу қыздарым сенімен кездесуге келеді» деді, жарайды деп күтіп тұрсам, 3-4 сыныптың оншақты қызы кіріп келді, бәрі менің кекілім сияқты қылып кекіл қойған, сөйлегендері де маған ұқсайтын сияқты, бірінің қолында менің суреттерім жапсырылған альбом, екіншісі мен туралы жазған басылымдардың қиындыларын жинап алған. Ол қыздардың мен туралы білмейтіндері жоқ, сұрақтары да көп-ақ. Содан олармен суретке түсіп, әңгімелесіп тарқастық.
Содан бері менің ойымда ылғи сол бүлдіршін қыздар тұрады, солардың маған қарап бой түзеп, өсіп келе жатқанын ойлағанда өзімнің бір қадам да шалыс басуға құқымның жоғын тереңірек түсінемін. Өзім де тәртіпті қыз едім, одан әрі тәртіпті болуға тырысып жүремін ылғи да.
Жақында ғана осындай жақсы көретін жанкүйерлерімнің алдында сәл ұятқа қалдырған бір оқиға болды. «Stars.KZ» деген журнал «Мәдина мен Азаматтың махаббаты» деген дүние жариялап, оған әріптесім Азамат Сұраппаев екеуміздің бірге түскен суреттерімізді жариялапты, олар маған осы турасында сұрақ қойып телефон шалған еді, мен мұны мән беретін дүние деп қарамадым, Азамат та өз кезегінде: «Мәдина ғашық болуға лайықты қыз, бірақ біз доспыз» деп жауап беріпті.
Мен осыны көріп қатты ашуландым, бұл деген елдің алдында жүрген адамдар үшін ұят-ақ жағдай ғой, маған осыдан кейін мені жақсы көретін тыңдармандардан талай смс-тер келді, мұны қалай түсінуге болады деген сыңайда.
Осы сұхбатты пайдалана отырып, сіздердің әріптестеріңізден сенсация қуамын деп елді абыройсыздыққа қалдырудан сақ болыңыздаршы, жазған дүниелеріңізді анық-қанығына көз жеткізбей жатып, жарияламаңыздаршы деп өтініп сұраймын.
Өйткені бұқаралық ақпарат құралдарының айтқаны мен жазғанына ел сенеді ғой, мұндай алып-қашпа сөздер арқылы адамның отбасын бұзып, тғадырына да әсер етуге болатынын ұмытпаңыздаршы. Мұндай сенсация жасау біздің халықтың менталитетіне келмейді дер едім.
ТЕК ҚАНА ХАЛЫҚ ӘНДЕРІН ОРЫНДАЙТЫН БАҒДАРЛАМА ЖАСАҒЫМ КЕЛЕДІ
— Бір кезде сенің орындауыңдағы халық әні «Көзіңнің мөлдірін-айды» риза болып тыңдаған тыңдарман сенен сол сипаттағы ғұмырлы әндер күтеді, бұған не дейсің?
— Мені айналып соға берді деп сөкпеңіз, өзім бес жыл жұмыс істеген үлкен кәсіби мектеп президент оркестрінде жүргенде менің репертуарым тек халық әндерінен тұратын еді.
Сондықтан да менің орындауымда халық әндері жеткілікті, алдағы жарық көретін саны жағынан төртінші ән жинағымның жартысын осы әндерге арнамақпын, халықтың әндері менің дауысыма да, орындау мәнеріме де жақсы келетінін білемін.
Халық әнінің құдіреттілігі де сонда ғасырдан-ғасырға жетуімен бірге ол қандай әншінің дауысына да әдемі үйлеседі, өйткені ол біздің ата-бабамыздың сазы ғой. Менің алдағы жоспарымның бірі — фольклорлық топпен тек қана халық әндерін орындайтын бір бағдарламамды жүзеге асыру. Бірақ бұған үлкен жауапкершілік пен ішкі дайындық қажет.
— Ал соңғы кезде кейбір елдердің сахнасынан «шығып қалып жатқан» фонограмма мәселесі жайында не айтарың бар?
— Фонограмма тек сахнаның талабы үшін ғана керек, әйтпесе оны әншілер үшін басты қару ретінде қараудың қажеті жоқ және біздің әншілердің көбі фонограммасыз орындай алмайды деген пікірге де көп қосылмаймын.
Әнші болған соң сенің ерекшелігің дауысыңды шығарып ән айту ғана ғой, ал студияда жазылған әнді аузыңды жыбырлатып қана орындау деген өзіңді өзің ән айту ләззатынан айыру деген сөз.
Басқаларды қайдам, мен өзім талай байқаудан өткен, жетігеннен басқа аспабы жоқ президенттік оркестрде ән айтқан әншімін, сондықтан «тірі дауыспен» ән салу түк те қорқынышты емес. Ал ол жетістігімді көрсету үшін жарысқа түсіп, байқауда бақ сынауға қарсымын, дауысыңды ел естісін десең «тірі дауыста» концерт өткіз, басқа бір бағдарлама жаса.
БЕЛГІСІЗ ТАБЫНУШЫМНАН ТҰЛПАР ДА АЛДЫМ
— Осыдан бір жыл бұрын сенің өнеріңе табынушы белгісіз тыңдарманның саған сәйгүлік сыйлағаны басылымдарда жазылды, ол тұлпардың тағдыры не болды, одан кейін сондай тосын сыйлар болды ма?
— Иә, маған құпия жанкүйерлерімнің бірі сыйлаған сол сәйгүлік жайлы айтылды, жазылды, бірақ ол сыйлықтың иесі сол белгісіз күйінде қалды. Ал тұлпар сатылып кетті, оның да «тағдыры» маған беймәлім.
Дәл сондай сыйлық болмаса да құшақ-құшақ гүл әкеліп тастайтын «табынушыларым» жетерлік, олардың менің мекен-жайымды қайдан алатыны да маған жұмбақ, бірақ мен мұндай құпия өнерсүйгіштердің сыйлығынан еш жамандық іздемеймін, қайта қуанып қаламын.
Сөзімнің соңында менің әнімді жақсы көретін тыңдармандарға елімізде тек тыныштық пен әділдік салтанат құрсын, барлық бұқаралық ақпарат құралдарынан тек қана қуанышты, жағымды хабар таралсын деп тілегім келеді.
— Сұхбатыңа рақмет!