9 мамыр қарсаңында Азаттыққа сұхбат берген соғыс ардагері, Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов қан кешкен күндерден естелік айтып, өз шығармашылығы мен ұлт тәрбиесі жайында сөз қозғады.
«Қайран жастық», «Іңкәр дүние», «Сүйеді екем», «Неге?», «Мұны неге білмейсің?», "Бозжорға" сияқты ел арасында кең тараған көптеген шығармалардың авторы Бейбіт Оралұлымен сұхбат бүгінгі ән өнері мен оның өзекті мәселелері турасында өрбіді.
Совет тарих ғылымында доктор атағына алғаш ие болған қазақ азаматы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының корреспондент мүшесі болған Ермұхан Бекмахановтың туғанына биыл 95 жыл толады. Тарихшының жары Халима әжей Азаттық тілшісіне арнайы сұхбат берген еді.
2001 жылдың 3-ші сәуірінде Алматы қаласының Жетісу аудандық соты журналист Ермұрат Бапиды «ҚР президентінің ар-ожданына нұқсан келтірді» деген айыппен Қылмыстық кодекстің 318-бабының 2-тармағы бойынша бір жылға шартты түрде бас бостандығынан айырған болатын. Және осы айыптауға байланысты сол кездегі «Солдат» газеті де шығуын тоқтатқан еді. Содан бері сегіз жыл өтті.
Қазақстанда жарық көретін сатиралық «Ара» журналының бас редакторы, «Көпен келе жатыр» пародиялық әзіл-сықақ театрының жетекшісі, оннан аса сатиралық кітаптардың авторы, сықақшы-пародист Көпен Әмірбектің Азаттық тілшісіне берген сұхбаты.
Алматыда «Ақсарай» атты аты да, заты да бөлек театрдың жұмыс істей бастағанына көп бола қойған жоқ. Сол 4 жастағы сәби өнер бәйгелерінде ата жасындағы әріптестерімен бірге көрерменнің көзайымы болып жүр. Өрімдей жастардан құралған өнер ұжымының жетекшісі, белгілі режиссер - Болат Атабаев.
1960-шы жылдары Қазақстанның орталығындағы шағын қазақ ауылында қаршадай мектеп оқушысы Дарвинизм ілімі дұрыс емес деп мұғаліммен дауласaтын. Есейе келе намыс оты "ЕСЕП" – Елін сүйген ерлер партиясын құруға жетеледі. Оның жалындаған жастығының төрт жылы совет түрмесінде қалды.
Қазақ халқына ХХ ғасырдың 30-жылдары жасалған зұлматты қасіреттің беті бүркемеленіп, шаң басқан тарихтың қойнауында қалып бара жатқаны шындық.
Желтоқсан оқиғасынанан кейін өлім жазасына кесіліп, мылтық шүріппесінің басылуын 345 күн күтіп, ақырында Алла жар болып, итжеккеннен аман оралған Мырзақұл Тәжіғұлұлы Әбдіқұлов Азаттыққа берген сұхбатында 1986 жылдан бергі ауыр тағдыры жөнінде баяндайды.
Желтоқсанның ақиқатын ашып көрсеткен «Аллажар» сынды фильмнің тағдыры да желтоқсаншылардың тағдырына ұқсап, халыққа әлі де кең таралмай отыр. «Аллажардың» режиссері Қалдыбай Әбеновпен сұхбат.
Бір жыл бұрын Шаңырақ ісі бойынша сот үкімі шығарылып, айып тағылған 25 адамның 24-і сотталған еді. Осы оқиғаның бір жылдығы қарсаңында Азаттық радиосына сол сотта қоғамдық қорғаушы болған Дос Көшім сұхбат берді.