Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл және Шал ақын аудандарының дәрігерлері ана мен бала өлімін азайту бағдарламасына бөлінген қаржыны игеру барысында елдімекендердегі әйелдерді ғана емес, ер адамдарды да тексеріп шығыпты. Тек қағаз жүзінде.
ЖАЛҒАН ТІЗІМДЕ ӘЙЕЛ БОП ЖҮРГЕНДЕР
Жамбыл ауданының орталығы Пресновка селосының тұрғыны Қайбар Дүйсенов өзінің ана мен бала бағдарламасы аясында денсаулығы тексерілген әйелдердің тізімінде жүргенін естіп, ренжіп отыр. Үш баланың әкесі алпысқа таяған шағында өзінің әйел емес, еркек екенін дәлелдеп әлек боламын деген ой үш ұйықтаса түсіне кірмегенін айтады.
Енді ол өз құқығын қорғау үшін Жамбыл аудандық прокуратурасына арыз жазды. Оның медициналық құжаттарында дәрігерлердің қолымен жазылған жайттар адам сенгісіз: гинекологтар Қайбар Дүйсеновтың жатыр мойнын зерттеп, оның қалыпты екені анықтапты-мыс, сондай-ақ отағасының сүт бездерінің маммографиясы жасалып, қатерлі ісік белгілері табылмаған.
Дәрігерлердің есебіне сенсек, осы аудандағы Айымжан аулының тағы бір тұрғыны Темірболат Махметовтың де жатыры мен сүт бездерінен ешқандай ауру белгілері байқалмапты. Мұны естіген Темірболат та алдымен таңқалып, кейін қатты ренжігенін айтады.
Дәрігерлердің кесірінен біраз уақытымды өлтірсем де, өзімнің әйел емес екенімді дәлелдеймін дейді ол. Ал Шал ақын ауданындағы Ақан-барақ аулының тұрғыны Бейбіт Тампеевті дәрігерлер Бейбіт Тампеева деп жазып тізімге енгізіп қойыпты. Ол да өз наразылығын айтып, Аютас ауылдық округінің әкіміне жүгінді. Әкім оның әйел емес, еркек екені туралы анықтама қағаз жазып беріп құтылған.
НАУҚАСТАР ЗӘРУ ДӘРІЛЕР ӨЛІП ҚАЛҒАНДАРҒА БЕРІЛІП КЕЛГЕН
Ал өлі адамдарға дәрігерлер ерекше «ілтипат» білдірген, атап айтқанда оларға тегін дәрілерді жазып беріп отырған. Мұны Айыртау ауданының прокурорлары анықтады. Мәселен, былтыр наурызда өмірден озған Зайцев деген адамға олар «Трамодол» дәрісін жазып берген.
Сондай-ақ қайтыс болған әйелдердің денсаулығы тексерілгені туралы құжаттар бар. Прокурорлар анықтағанындай, дәрігерлер маммографиялық тексерістен өткізгендердің арасында өлі адамдар ғана емес, осы ауданда мүлдем тұрмайтын 6 әйел және шын мәнісінде тексерілмеген 11 әйел бар.
Тимириязев және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандардың прокурорлары да осындай заң бұзушылықтарды анықтады. Олардың айтуларынша, дәрігерлер тегін берілетін дәрілерді толық игерудің заңсыз жолдарын кеңінен пайдаланып келеді. Яғни, өмірде жоқ немесе дәрігерге қаралмаған адамдарға дәрілер жазып қояды да, шын мәнісінде сол дәрі-дәрмекті қажетсініп отырған адамдарға бермейді дейді.
БАСТЫҚ ЕШНӘРСЕ БІЛМЕЙДІ
Жамбыл аудандық ауруханасының перзентханасында 29 сырқатқа тегін берілуге тиіс дәрі берілмеген. Ақылы қызметтер үшін біреулер ақы төлесе, басқалары төлемеген. Аурухананың 60 шақты қызметкеріне тегін зертханалық зерттеу жүргізіліп, оның қаржысы екіқабат әйелдердің денсаулығын тексеру үшін бюджеттен бөлінетін ақшадан төленген. Есесіне, вирусты гепатитпен түскен 7 жасар баладан осындай зерттеу үшін ақша алған. Сөйтіп, баланың кепілді тегін медициналық көмек алу құқығы бұзылған.
Петропавл қаласы прокурорының көмекшісі Жасұлан Смағұловтың айтуынша, №3 қалалық аурухананың жұмысында да бірталай былық-шылықтардың беті ашылған. Мәселен, арақтан уланған адамдарға медициналық көмек заң бойынша тегін көрсетілуі тиіс екен. Бірақ мұндағы дәрігерлер олардан ақша алып отырған. Сөйтіп, осында былтыр арақтан уланып түскен 76 адам жиыны 255 700 теңге төлеген. Ал биылдыққа 30 сырқаттан тағы 102 мың теңге алынған.
Үкімет қаулысына сәйкес сырқатқа көрсетілген ақылы қызметтің барлығы оның медициналық картасына жазылуы тиіс және тегін берілмейтін ақылы дәрілерді сатып алуға міндетті түрде сырқаттың жазбаша келісімі керек.
Бұл туралы дәрігерлердің өздері ештеңе айтқысы келмей, бөлім меңгерушісіне сілтеді. Бөлім меңгерушісі Марина Ахметова мұның бәрі – кәдімгі емдеу процесі дегенді ғана айтты. Сонымен қатар кінәлілердің бәрі сөгіс алғанын да хабарлады.
Медициналық қызмет сапасын бақылау жөніндегі комитет бастығы Серік Тәңірбергенов бұл қызметке тағайындалғанына бір ай ғана болғанын, ол кемшіліктер туралы ештеңе білмейтінін айтты.