Шетелдік баспасөз шолушылары Евгений Жовтистің ісінде саясаттың құлағы қылтиып тұр деп санайды. Белгілі адвокат Роберт Амстердам бұл сот үкімі ЕҚЫҰ төрағасы лауазымын қабылдау сәті таяған сайын Қазақстан басшылығының дегбірі кете бастағанын көрсетеді деп санайды.
ҚАЗАҚСТАН ЕҚЫҰ ТӨРАҒАСЫ ЛАУАЗЫМЫНАН АЙЫРЫЛА ҚОЙМАС
«Файненшл таймс» басылымы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының (ЕҚЫҰ) төрағасы міндетін Астананың қабылдауына 3 ай ғана уақыт қалғанда орын алған бұл оқиғаның Қазақстанның өз ішінде демократияландыру реформасын жүргізу ісіне қабілетсіздігі туралы алаңдаушылықты күшейтті деп жазады.
Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюроның директоры Евгений Жовтис шілденің 26-сы күні кешкі мезгілде жол жүру ережелерін бұзып, жаяу жүргіншіні автокөлікпен қағып өлтіріп алды деген айып бойынша сот үкімімен 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
Басылым сот процесінің екі күн ішінде атүсті өткізілгендігін жазады. Бұрыннан бері президент Нұрсұлтан Назарбаевты сынға алумен елге танымал Евгений Жовтис биліктің бұл оқиғаны өзінің беделін аяқ асты ету немесе аузына мүлде құм құю үшін қолдануға тырысуы мүмкін екендігін жұртшылыққа құлаққағыс еткен болатын.
«Файненшл таймс» басылымы таяуда өткен ЕҚЫҰ ұйымдастырған отырыста Қазақстандағы адам құқықтарының аяқ асты етілуі жөнінде Жовтистің нақты деректер келтіріп, ахуалға егжей-тегжейлі сипаттама бергенін еске салады. Бұл демократия ұстанымдарының салтанатына қолдау білдіруді мұрат тұтқан осынау беделді халықаралық ұйымның төрағасы міндетін атқарғалы отырған елдің осы лауазыммен байланысты талаптарды орындауға қабілеттілігіне қатысты күмән тудырып еді, дейді басылым.
Мамыр айында болған әрі Қазақстандағы адам құқықтарының ахуалын талқылауға арналған аталған кездесу барысында Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ерлан Ыдырысов Жовтистің бұл кездесуде сөз сөйлеуі Қазақстанның «мағыналы әрі өркениетті пікірталас мәдениетін дамытып отырған, жетілу үстіндегі қоғам» екендігінің дәлелі деген еді, деп атап көрсетеді газет.
«Нью-Йорк таймс» газеті де, Евгений Жовтистің әріптестерінің Қазақстан билігін жол апаты оқиғасын билік жүйесін сынаумен көпшілікке танымал болған адамның үнін өшіру үшін қолданды деп айыптап отырғанына көңіл аударады. Және де бұл жайт елдің ЕҚЫҰ-ға жетекшілік ету міндетін мойнына алуының қарсаңында істеліп отыр.
«Нью-Йорк таймстың» айтуынша, сотталып кеткен адам құқығын қорғаушы Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға жетекшілік етуі кезінде елдегі адам құқықтарының ахуалын бақылап отырумен айналысатын комитет те құрып үлгірген екен.
Әйтсе де, аталған сот отырысының кесірінен Қазақстан ЕҚЫҰ-ның төрағасы лауазымына ие болу құқығынан айырылып қалады деу негізсіз де үстірт жасалған болжам болар еді. Себебі, мұндай шешім қабылдау үшін оған бүкіл ұйымның бірауызды келісімі, яғни ЕҚЫҰ-ға мүше елдердің әрқайсының мақұлдауын алу қажет. Бұл жөнінде «Нью-Йорк таймс» басылымына өзінің аты-жөнін көпшілікке жария етпеуді қалаған ЕҚЫҰ-ның бір шенеунігі мәлімдеген.
ҚАШЫП ҚҰТЫЛУҒА БОЛМАЙТЫН ҚАРЫЗ
Белгілі халықаралық адвокат әрі адам құқығын қорғаушы Роберт Амстердам Қазақстандағы адам құқықтарының жағдайы нашарлай түсті деген қорытынды жасапты.
Бұл елдің президенті маңына жиылған топ тарабынан соншама көп оппозициялық саясаткерлер, журналистер мен қайраткерлердің қысымға неге ұшырай беретіндігі жайлы көптеген теориялар бар, деп жазады ол «Хафингтон пост» басылымында жарияланған мақаласында.
Солардың біріне сенсек, бұл мемлекетті 17 жылдан астам уақыт бойы билеп келе жатқан тұлғаны биліктен тайдыру үшін не оның лагері ішінде өзінің тұғырын нығайтып алмақ мақсатта жұртшылық көзінен тасада қатты күрес жүріп жатыр, деп жазады ол.
Оның айтуынша, Евгений Жовтисті бас бостандығынан айыру жөніндегі үкім неше түрліні көрген кәнігі сарапшылардың өзін түршіктіріп тастаған. Елде бейресми омбудсмен ретінде танымал болған бұл адам, қалай айтса да, кейбіреулермен салыстырғанда билікті сынауда ненің шегінен аттамау керек екендігін жақсы біліп, одан аттаған емес.
Аяусыз да қатал үкім мемлекет басшылығын жайлап алған өз-өзіне сенімсіздік пен үрей сезімінің ықпалы тым қатты екендігін көрсетіп берді. Бұл қорқу ЕҚЫҰ төрағасы лауазымын қабылдау сәті таяған сайын өрши түсіп отырған тәрізді деп жазады Роберт Амстердам. Соңғы кездерге дейін мұның нәтижесі зорлық-зомбылық болып келді.
Евгений Жовтисті соттаған залда отырған айыпталушының жақтастары, куәлердің айтуынша, үкім айтып, кетіп бара жатқан судьяның артынан: «Масқара, масқара!», – деп айқайлапты. Бұлар шындықты айғайлаған. Қазақстан азаматтары өз президентінің мұндай іс-әрекетінен біршама ұялған да шығар, алайда бұл ахуал бәрінен бұрын ЕҚЫҰ мүшелерін жерге қаратуы тиіс, деп атап көрсетеді құқық қорғаушы Амстердам.
Әрине, ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету Қазақстанның халықаралық аренада қол жеткізген ең үздік жетістігі болып есептеледі. Алайда бұл «қарызға алынған» жеңіс болып табылады, яғни ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету құқына ие болу үшін Ақорда билік жүйесін біршама демократияландыруға уәде берген болатын.
2010 жылы аталған билік жүйесі түбірінен жаңармаса да, Ақордаға өзінің уәдесіне байланысты кейбір кеңшіліктерге баруға тура келеді. Бұл түптің түбінде Қазақстанда радикалдық авторитаризмнің үстемдік құруына біржолата тосқауыл қоюы ықтимал.