Алматының Медеу аудандық соты БТА банктың пайдасына «Республика» газетінен 60 миллион теңгені (400 мың АҚШ доллары шамасында) өндіріп алу туралы шешім шығарды. Редакция басшылығы ол шешімді орындауға шамасы жоқ газет жабылады дейді.
БТА 60 МЛН. ТЕҢГЕГЕ БАЙЫП ҚАЛАТЫН БОЛДЫ...
Қыркүйектің 9-ы күні Алматының Медеу аудандық соты БТА банктың талап-арызын ішінара қанағаттандырып, оның пайдасына «Республика» газетінің бас редакторынан, меншік иесі мен аутордан жиынтығы 60 миллион теңгені (400 мың АҚШ доллары шамасында) моральдық өтем алу туралы шешім шығарды.
40 минуттай оқылған соттың шешімінде «Республика» басылымын банкке 60 млн. теңге төлеу керектігі айтылды. Одан өзге сот үстіміздегі жылдың наурыз айының басылымда жарияланған «Хрен редьки не слаще» атты мақаладағы айтылған деректерді алдағы 10 күннің ішінде осы газеттің бетінде жария түрде жоққа шығаруды редакцияға міндеттеді.
Соттың шешімінің осылай болатындығын іштей сезген басылым өкілдері өздерінің айыппұлды төлеуге шамалары жоқ екендігін айтады.
- 60 млн. біз үшін өте көп қаржы. Біз ол ақшаны төлей алмаймыз. Бұл бізді банкротқа алып келуі мүмкін, - дейді басылым редакторының орынбасары Оксана Макушина.
Әзірге басылым өкілдері қандай да бір қадам жасамас бұрын заңгермен ақылдасуды жөн санап отыр. Басылымның Медеу аудандық сотының бүгінгі шешіміне қатысты қайта шағымдануға 15 күн уақыттары бар.
Айта кету керек, «Республика» газеті осы жылдың шілде айының соңынан бері БТА банкімен соттасып келеді. 2009 жылдың 6 наурызында «Республика» газетінің 8-санында жарық көрген Мұхамеджан Әділовтің «Хрен редьки не слаще» атты мақаласы банктің 6 миллиард 770 мың теңге депозитінен және клиенттерінен айырылып қалуына тікелей әсер еткен көрінеді. Осыны негізге ала отырып, БТА банкі басылым үстінен сотқа шағым түсірген болатын. Өз кезегінде банк басылымның бас редакторы мен аутордан 80 млн. теңге талап еткен болатын.
80 ЛИМОН ...
Сот процессінің жүргізілу барысынан күмәнданған басылым өкілдері, бүгінгі шешімнің өздерін аса таңдандырмағандығын айтады.
- Соттың ісі біржақты жүргізілді. Біздің келтірген айғақтарымыз еленбеді. Сондықтан бүгінгі шешім бізді таңқалдырған жоқ, - дейді О. Макушина.
Өздерінде БТА банкінің сұратқан 80 млн. теңгесінің жоқтығын алға тартқан «Республика» ұжымы сот залына 80 лимон көтере келген. Лимонды банк өкілі Тимур Сүлейменовке тапсырмақ болып еді, ол судьяның сөзі аяқталысымен-ақ іркілместен залдан шығып кетті.
Алайда, әкелген «сыйлықты» БТА банкінің бас директоры Әнуар Сәйденов пен банктің директорлар кеңесінің төрағасы Арман Дунаевтердің макетіне «тапсырды». Макеттер де еш ишара білдірмеген соң редакция қызметкерлері лимонмен БТА банкінің «макет өкілдерімен» суретке түсіп, әкелген лимондарын өзара бөлісті.
"КЕЙБІРЕУЛЕРДІҢ ГАЗЕТТІ ЖАБУ МҮДДЕСІ БОЛУЫ МҮМКІН..."
Бұған дейін біздің радиомызға сұхбат берген Оксана Макушина газеттің жабылуына қатысты өз ойын ортаға салған болатын.
- Біріншіден, банкирлер мемлекеттен, президенттен, үкіметтен қауіпті әрі үлкен құпияны жасырғысы келетін шығар. Екінші жағынан, үкімет немесе президент аппараты қоғамдағы шындықты айтып жүрген басылымның жұмысын БТА банк арқылы тоқтатпақ ниетте болуы мүмкін. Бір сөзбен айтқанда, шындықты естігісі келмейтіндердің баяғыдан зығырданы қайнап жүргені белгілі, - деді Оксана Макушина.
Ал БТА банкі бұл істе мақсат – газетті жабу емес екендігін айтады. «Меніңше, мәселе газеттің жабылу немесе жабылмауына қатысты емес, журналистік этикада жатқан сияқты», - дейді біздің радиомызға түсініктеме берген банктің баспасөз хатшысы Әділ Досымов.
«Республика» газетінің редакциясы газет жабылған жағдайда газеттің веб-сайтын ашып, соған ауысатындарын айтады. Сонымен қатар, басылым өкілдері жаңа газетті тіркеуге жіберетіндерін де атап өтті. Олардың «Ассанди таймс» атты тіркеуден өткен газеттері болғанына қарамастан, газет басшылығы басылымның бұрынғы атпен қалғанын қалайтындарын жеткізді.
Қыркүйектің 9-ы күні Алматының Медеу аудандық соты БТА банктың талап-арызын ішінара қанағаттандырып, оның пайдасына «Республика» газетінің бас редакторынан, меншік иесі мен аутордан жиынтығы 60 миллион теңгені (400 мың АҚШ доллары шамасында) моральдық өтем алу туралы шешім шығарды.
Медеу аудандық сотының судьясы Марат Мақсудов журналистерге сұхбат беріп тұр. Алматы, 9 қыркүйек 2009 жыл.
Басылымға қатысты сот үкімі сейсенбі, қыркүйектің 8-інде шығуы тиіс болатын. Алайда, белгісіз себептермен сәрсенбіге қалдырылды. Сәрсенбі күні сағат 10-да жиналған журналистер мен басылым өкілдері судья Марат Мақсудовты 2 сағатқа жуық уақыт күтті. 40 минуттай оқылған соттың шешімінде «Республика» басылымын банкке 60 млн. теңге төлеу керектігі айтылды. Одан өзге сот үстіміздегі жылдың наурыз айының басылымда жарияланған «Хрен редьки не слаще» атты мақаладағы айтылған деректерді алдағы 10 күннің ішінде осы газеттің бетінде жария түрде жоққа шығаруды редакцияға міндеттеді.
Соттың шешімінің осылай болатындығын іштей сезген басылым өкілдері өздерінің айыппұлды төлеуге шамалары жоқ екендігін айтады.
- 60 млн. біз үшін өте көп қаржы. Біз ол ақшаны төлей алмаймыз. Бұл бізді банкротқа алып келуі мүмкін, - дейді басылым редакторының орынбасары Оксана Макушина.
Әзірге басылым өкілдері қандай да бір қадам жасамас бұрын заңгермен ақылдасуды жөн санап отыр. Басылымның Медеу аудандық сотының бүгінгі шешіміне қатысты қайта шағымдануға 15 күн уақыттары бар.
Айта кету керек, «Республика» газеті осы жылдың шілде айының соңынан бері БТА банкімен соттасып келеді. 2009 жылдың 6 наурызында «Республика» газетінің 8-санында жарық көрген Мұхамеджан Әділовтің «Хрен редьки не слаще» атты мақаласы банктің 6 миллиард 770 мың теңге депозитінен және клиенттерінен айырылып қалуына тікелей әсер еткен көрінеді. Осыны негізге ала отырып, БТА банкі басылым үстінен сотқа шағым түсірген болатын. Өз кезегінде банк басылымның бас редакторы мен аутордан 80 млн. теңге талап еткен болатын.
80 ЛИМОН ...
Сот процессінің жүргізілу барысынан күмәнданған басылым өкілдері, бүгінгі шешімнің өздерін аса таңдандырмағандығын айтады.
- Соттың ісі біржақты жүргізілді. Біздің келтірген айғақтарымыз еленбеді. Сондықтан бүгінгі шешім бізді таңқалдырған жоқ, - дейді О. Макушина.
БТА банктың басшылары Әнуар Сайденов пен Арман Дунаевтың картоннан жасалған макеттері мен газет ұжымы оларға тапсырмақ болған лимондар.