«Қазатомпромның» бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің күзетшісі болған Талғат Қыстаубаевтың әйелі Сара Сағындықова ҰҚК жуық арада күйеуімен кездестірмесе, өзін-өзі өртейтінін ескерткен еді. Өзімен сөйлескенімізде ол «Кездесу үшін күресе беретін болам, Ал басқа қандай жағдай болатынын бір Құдай біледі» деді.
"ҚАЗАТОМПРОМҒА" ҚАТЫСЫ ЖОҚ ТҰТҚЫН
30 шілде күні ҰҚК қызметкерлері Жәмила Жәкішеваға күйеуі Мұхтар Жәкішевпен кездесуге рұқсат еткені жайында хабар алғанда, ол дереу Сара Сағындықоваға телефон шалып: «мүмкін, саған да рұқсат етер, бірге барайық» деген екен.
Ал, Сара Сағындықова, жол бойы ҰҚК рұқсат бермейді деп мүлде ойламағанын айтады.
«Рұқсат бермейді деп ойлаған жоқпын. Менің күйеуім мемлекеттік құпияға қатысы жоқ адам. Ол жай ғана күзетші. ІІМ гіне қарасты арнайы «Күзет» қызметінің қызметкері. Ол тіпті жалақыны да «Қазатомпромнан» емес, «Күзеттен» алатын. Бар болғаны күзетші ғана. Маған күйеуіммен кездесуге рұқсат етпей отырғаны мені мынандай ойға жетелейді: «Оны отбасымен кездестірмеу арқылы жазалап отыр. Сосын алдын ала дайындалған сценарий бойынша, ҰҚК іне қажетті жауапты алу үшін де осындай жаза қолданып отыр» Мен ҰҚК қызметкерлерінен күйеуіммен кездестірмесеңдер де алыстан, сыртынан көрсетіңдер, амандығына көзім жетсін деп едім, оған да құлақ аспады», - деді Сара Сағындықова.
Жәмила Жәкішева күйеуімен кездесіп шыққаннан кейін ҰҚК нің қызметкерлерінен Сара Сағындықоваға да рұқсат беруін өтінген. Бұл өтінішке ҰҚК нің қызметкерлері «көреміз» деп жауап қайтарған. Жәмиланың айтуынша, 31-і күні сағат 4-5 -тердің шамасында Сара Сағындықова екеуі ҰҚК нің тергеу изоляторына барған. Тергеуші Радик Валеев Сара Сағындықоваға күйеуімен кездесуге рұқсат етілмегенін хабарлаған.
Бұл жауапты естіген сәтте Сара Сағындықованың жүрегі қысылып, ауырып қалған. Бұған тергеуші Валеев: «мұндай ойын бізге әсер етпейді» деп қарап тұра берген. Сара Сағындықованың денсаулығы күрт нашарлағаннан кейін Жәмила Жәкішеваның «ҰҚК нің тергеу изоляторының алдында адам өлімі болғанын қалайсыздар ма? Көмектесіңіздер!» деген айқайынан кейін ғана ҰҚК нің қызметкерлері су әкеліп, жедел жәрдем шақырған.
ҚЫСТАУБАЕВҚА АДВОКАТЫ ДА ЖОЛЫҒА АЛМАҒАН
3 тамыз күнгі баспасөз-мәслихатында «Қазатомпромның» бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің күзетшісі болған Талғат Қыстаубаевтың әйелі Сара Сағындықова күйеуіне өзін ғана емес, адвокатын да кіргізбегенін айтты.
Лариса Зулфигарова өз қорғауындағы Талғат Қыстаубаевтың ісіне араласуға «бұл істе мемлекеттік құпия бар» деген жауаппен рұқсат ала алмаған. Оның айтуынша, мемлекеттік құпия туралы заңда адвокатты қорғаушысына жіберу немесе жібермеу туралы ешнәрсе айтылмаған.
Сондай-ақ, Лариса Зулфигарова ҚР Конституциясының алғашқы бабында: «мемлекеттің басты құндылығы –адам өмірі, оның құқығы мен бостандығы болып табылады» деп жазылған, ал ҰҚК болса, менің қорғауымдағы Талғат Қыстаубаевтың құқығын бұзып отыр дейді.
«ҚР Қылмыстық-процесуалды кодексінің 72- бабында: «қылмыстық істі жүргізуші мекеме, яғни тергеу изоляторы белгілі бір адамды қорғаушы етіп бекітуге және кімді қорғаушы етіп алуға кеңес беруге заңдық құқы жоқ» деп анық жазылған. Бұл істе болса, қамаудағыларға тергеу нақты адамдардың тізімін беріп, яғни қандай адвокатпен келісімге келуі керектігін алға тартып отыр»,-деді Лариса Зулфигарова.
Сара Сағындықова мен адвокат Лариса Зулфигарова "Қазатомпромның" бұрынғы бастығы Мұхтар Жәкішевтің күзетшісі Талғат Қыстаубаевтың мемлекеттік құпияға қатысы болмағандықтан, оның ісін жеке өндіріске жіберуді және Қыстаубаевпен кездестіруді тағы да өтініп отыр.
Азаттық радиосының тілшісі Астанадағы ҰҚК-нің баспасөз- қызметімен хабарласқан еді. Өз аты-жөнін атамаған баспасөз-қызметінің қызметкері Талғат Қыстаубаевтың әйелі Сара Сағындықованың өзі-өзі өртеуге дейін барамын деген ескертуіне қатысты түсініктеме беруден бас тартты.
«Егер тергеу аяқталып, іс сотқа жіберілетін болса, осы күнге дейін адвокаттарымен кездесе алмай отырған Мұхтар Жәкішев пен Талғат Қыстаубаевты сотта кім қорғамақ? Прокуратура бұл істі қалай жібереді? Сот істі өндіріске қалай қабылдайды?»,- дейді Жәмила Жәкішева.
Сондай-ақ, Жәмила Жәкішева, Мұхтар Жәкішевті тұтқындаған кейін іле-шала ҰҚК нің «сот ашық өтеді» деп айтылған сөзін де қайталай келіп, "Мемлекеттік құпия туралы" заң, Қазақстан жақында ғана қол қойған «Адамның азаматтық және саяси құқы туралы пактіні» аяқасты етпеуі қажет екенін атап өтті.
"Қазатомпром" компаниясының бұрынғы президенті Мұхтар Жәкішевті ҰҚК сыбайласқан жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен мамыр айында тұтқындаған болатын. Жәкішевтің күзетшісі, полиция майоры Талғат Қыстаубаев та мамыр айының аяғынан бері қамауда.