Бүгінгі сұхбаттың кейіпкері он екі жыл өмірін әскерге берген, соғыстан соңғы жылдарда Ильменау қаласының коменданты қызметін атқарған, қарт қаламгер Қалмұқан Исабай.
«ӘЛЕМДІК МАСШТАБТАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ОЙЛАП ЖҮРГЕН ПРЕЗИДЕНТТІ АРТЫҚ МАЗАЛАУДЫ ҚАЛАМАЙМЫН...»
— Қалмұқан ата, әңгімені кабинетіңізде ілулі тұрған мынау суреттің сырынан бастасақ. Президентпен қатарласып суретке түскен екенсіздер. Бұл суретке қашан, қалай түстіңіздер?
— 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін Н.Назарбаев президент болып сайланғанда № 56 мектепке барып әйелім екеуміз дауыс беріп қайтып келе жатқанбыз, сол кезде сайлау учаскесінде Нұрсұлтан кездесе кетті. Ол екеуміз бір-бірімізді бұрыннан білетінбіз, Қарағандыда ол да, мен де қызмет істедік қой.
— Ал қазір мемлекет басшысымен қарым-қатынасыңыз қандай?
— Қазір президенттің өзі де, атақ абыройы да әлемге әйгілі. Меніңше, басқаруы түзу сияқты. Сайлау сайын барып дауыс беріп тұрамын. Басқа біреу басшы болса, еліміздің жағдайы қандай болар еді деп те ойлаймын. Менің кейіпкерім Шоң бидің арманындағыдай қазақты қазақтың басқарып отырғанына тәубе деймін. Менсіз де жұмысы жетіп артылатын мемлекет басшысының басын ұсақ-түйекпен қатырып қайтемін деп ойлаймын да көп хабарласпаймын.
Ал енді менің бір ермегім, былайша айтқанда хоббиім бар. Кешегі соғыс кезінде фашизмге қарсы көтерілген Еуропа халықтары болған. Сол фашизмнің концлагерінде болған қазақ жігіттері қашып барып, қарсыласушылардың қатарына қосылады. Менің қазіргі зерттеп жүргенім осы дүние, президентке осы мәселені көтерейік, мені қабылдаңыз деп хат жаздым.
1945 жылы біздің жауынгерлер Берлинді қоршағанда, Гитлер өзінің саясатын жүргізуші дивизияларын Берлинді қорғауға шақырады, ал Югославияда Тито басқарған қарсы топ болған, солар жолда Гитлердің адамдарын өткізбеу үшін көлденеңнен жатып алған. Соның бір батальоны ылғи қазақтардан құралған, командирі 23 жастағы қазақ жігіті болған, ол 1987 жылы қайтыс болды.
Сол командир он қазақты бір көпірді барлап қайтуға жіберсе, олар біраз кешігіпті, соңдарынан іздеп шыққан олар көпірдің екі жағынқаптаған өлікті көреді, олардың арасында әлгі барлаушылар да бар екен, сөйтсе, бұларға қарсы 150 неміс әскері Берлинге өтіп барады екен, бұл қазақтар сол немістерді қырып-жойып, өздері де ерлікпен қаза тауыпты.
Осы қазақтардың аты-жөндері де белгілі қазір. Олар қаза тапқан өзеннің бойына ескерткіш орнатайық деп президентке жазғанмын, бұл мәселені мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаевқа тапсырыпты. Саудабаев маған хабарласты, қазір ол кісі осы шаруамен шұғылданып жүр, жақсы хабар бар дегендей де болды. Он адамның аты-жөнін, туған-өлген жылдарын тасқа қашап жазудың өзі жедел шаруа емес. Осы сияқты елге керек мәселемен болмаса, әлемдік масштабтағы мәселелерді ойлап жүрген президентті артық мазалауды қаламаймын, бар байланысымыз осы ғана.
«ШОҢ — ҚАЗАҚ АРЕНАСЫНА ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЗАҚТЫ БАСҚАРУЫН ДӘЛЕЛДЕУ СЕРТІМЕН ШЫҚҚАН ЖАЛҒЫЗ БИ»
— Шоң би туралы роман жаздыңыз, қазақтың өзін-өзі басқаруы деген сол уақытта мүмкін болды ма, бұл дүниені жазу идеясы қалай туындады, архив деректерін қалай таптыңыз?
— Біздің Баянауыл өңірінде ақсақалдардың аузынан Шоң туралы көп еститінбіз, тіпті оны кісі өлтіргіш те болған дейтін. Біз 600 жыл бойына моңғолдардың билігінде болдық қой, хандардың бәрі дерлік осы төрелерден сайланғаны тарихтан белгілі. Сонда төрелерді қуып шыққан осы қолында билігі жоқ, қарапайым ғана Шоң би болған. Төрелер елді бұзады деп, ол төреден сайланған бір де бір ханды мойындамаған.
Төрелер «бұлардың ішінде өзін-өзі басқаруға қабілетті ешқайсысы жоқ, қазақтар өзін-өзі басқара алмайды, бұлардың бақытына Алла Тағала бізді бұйыртқан» деген әңгімелерді айту арқылы орыстарды мойындатқан. Содан соң кісі өлтірді деген әңгімеге бертінгі көзқараспен қарасақ, әрине, себепсіз өлтірмегені белгілі.
Орыстардың қазақ жерін басқару туралы жасаған 1822 жылғы устав деген бар, ол бойынша аға сұлтан да, болыс та төреден сайланады, ал осының алдында ғана болған 200 жылға созылған қалмақ-қазақ соғысына Абылай сияқты ерекше тұлғалар болмаса, басқа бір де бір төре қатыспаған. 1750-60 жылдары бұл соғыс қазақтардың жеңісімен аяқталды. Соғыс аяқталғаннан кейіннен санағанда орыстың әлгі жарғысы бойынша орыс билігі орныққан осы 60-70 жыл аралығында қазақтың тарихы жоқ, не болып не қойғанын бір де бір ғалым айта алмайды.
Шоң жөнінде материалды зерттеп жүргенде менің көзім жеткені осы 60-70 жыл Шоң бидің басқа қазақ билерімен арасындағы руды басқарудағы тайталас күресімен өткен екен. Осы жерде Шоң өзі басқарған елден төрелерді қуып шыққан, ал әрбір төрені қуып шығу деген үлкен бір хикая, сонымен осы уақыт өтіп кеткен.
Сосын орыстар келген. Басқыншы орыстар қазақ мәселесін тек қана төрелермен ақылдасқан, сол кезде ғой төрелердің әлгі әңгімені айтып жүргені. Сосын қазақтың өзін-өзі басқара алатындығын дәлелдеймін деп Шоң шықан, бүкіл қазақ аренасына осы сертпен шыққан жалғыз би осы, қарадан тұңғыш аға сұлтан болған да — Шоң би.
Ал әлгі орыстар жазған уставта сыртқы округтер ұйымдасады, ал ол округтың басына төрелерден ғана аға сұлтан сайланады деп жазылған. Шоңның сайлануы Александр І патшаның қол қойып бекіткен жарлығын бұзған. Мұндай құзырға қазақ елінде одан басқа ешкім жетпеген, Шоң жасы 80-ге келгенде сайланып, 3 жыл аға сұлтан болып отырған.
Сол уақытта елде Адольф Янушкевич деген поляктың жазушысы жүріпті. Янушкевичтің өзі қайтыс болғаннан кейін 1861 жылы Парижде шыққан кітабында «Шоңның ел басқарудағы ақылдылығы мен іскерлігіне хандар да қызыға қараған» деп жазылған.
Янушкевич Шоңды төрелерді елден қуып, халықтың сүйіспеншілігіне бөленді десе, Шоқан: «Төрелер Баянауыл округіне ықпалын жүргізе алмады, оны Шоң, Шорман сияқты күшті билер басқарып еді», — дейді. Орталық архивте Шоң туралы материал үйіліп жатыр, сол себепті мен көп қиналғаным жоқ. Ол елден арамза қожа, молдаларды да қуған.
Бұл туралы да бір папка материал бар. Шоң төрелерді қуған соң олар да бұған өшігіп, малын барымталап, адамын ұрып кететін болған. Ол жайлауын сақтап қалу үшін Сібір Генерал губернаторынан хат арқылы күзет сұрап алып отырған, олар жылына он-он бестен әскер жіберіп отырған. Осы әскерлерді жылына бір офицер басқарып келеді.
Сотник деп аталатын бұл офицерлерге патша Шоңның төңірегінде болып жатқан оқиғаларды әрбір он-он бес күнде жеткізіп тұру туралы тапсырма береді. Давыдов, Махонин сияқты сотниктердің хаттары біздің архивте көп-ақ, олардың біразын кітапта келтірдім. Қысқасы, Шоңның төңірегінде болған бүкіл оқиға тіркеулі. Бұдан артық қандай дерек керек, сөйтіп, автор ретінде мен бақытты болдым да қалдым.
Біздің жаққа бір қожа келіпті. Әлгі қожа сол төңірекке: «Маған, Алла аян берді, мен арқылы осы жерде тағы бір пайғамбар туылады екен. Сондықтан да күйеуге шығатын барлық қыздардың бірінші түні маған тиесілі болсын» деген әңгіме таратыпты. Шоң мұны естісімен, жендеттері арқылы қожаны шақыртады, шақыруға келмеген қожаға өзі барған Шоң оны тарттырып тастайды.
Бұл туралы Давыдов деген сотник былай деп жазады:
«Мұхамед Әли қожа, пайғамбар жасайтын құралынан айырылып қалған кезде 32 жаста еді, осы оқиғадан кейін Шоң басқарған елден қожа-молдалар қашып жатыр». Міне Шоң осындай адам болған.
Роман шықты, бірақ тиражы өте аз болғандықтан ешкім оқып үлгерген жоқ. Комиссиядағы адамдар бейхабар болғандықтан да, бұл шығарма Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылып тұрып қалып қойды.
Шоң билікке келгенде «4 ұлы» дейтін одақ құрған, бұл не деп генерал губернатор сұрағанда Шоң: Бұл қазаққа ұсақтамай өмір сүрудің тәсілі, біз ірі халықпыз, келер уақытта бәріміз қазақ деген атты қадір тұтамыз депті. Назарбаев президент болып сайланғаннан кейін, 92 автордан сәт-сапар тілеген пікірлерді жинап, кітап құрастырғанда, соған менің де Шоң би туралы очеркімді енгізіпті. Қазақ қазақты басқара алады деген ұғымның байланысын осы жерден қарастырғанын аңғартып тұр.
— Қаламгерлердің ішінде архиві бай адамдардың бірі өзіңіз, онда қандай құнды дүниелер бар?
— Архив басқармасы маған архивіңізді өткізіңіз дегенді 2-3 рет айтты, бірақ мен әлі жұмыс істеп жүрген адаммын, әлі де жазамын. Қазір үйден шығу ауырлап кетті, орталық архивке жетудің өзі де оңай емес, көлікке мінсең кептеліске ұшырап, уақытың текке өледі. Сондықтан өз жиғанымды өзім пайдаланып отырған жайым бар. Менің жазған-сызғандарымның, жалпы шығармашылығымның түгелге жуығы осы архивтен алынған дүниелер. Тарих, су мәселесі сияқты керекті дүниелерді де осыдан алдым, ұзын саны мыңдай папкам бар.
«ҚАЗАН ТӨҢКЕРІСІНЕ ДЕЙІНГІ МЕККЕГЕ БАРҒАН ҚАЗАҚТАР ТУРАЛЫ КІТАП ЖАЗДЫМ»
— Қажыға барған қазақтарды біраз зерттедіңіз, ол туралы қандай мәліметтермен бөлісер едіңіз?
— 1970 жылдары архивке барып жүргенімде, архив басқармасының бастығы Байжанов мені шақырып алып: — Қалеке, арамызға ешкімді салмай, өзіңізді тікелей қоймаға кіргізейін, қажыға барған қазақтар туралы бірігіп кітап жазайықшы, — деді. Онсыз да сол жерден шықпайтын басым бұл ұсынысқа қуанып кеттім.
Сонымен ұзақ уақыт жинадым, тердім. 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін қазақтан кім Меккеге барғанын зерттеп, бәрінің тізімін таптым, олардың қай облыс, қай ауданнан екеніне дейін белгілі болды. Сонымен кітап жазылды, қажылықпен таныстыру, идеология, білім, алғашқы мектептер сияқты мәселелер де қамтылды, жыл сайынғы қажылардың тізімі енгізілді.
Бұл ақпараттарды менен орталық мешіт сұрап алып, олар да кітап шығарды. Осылайша ешкімге керексіз болып жатқан тың деректер кәдеге асып, елдің игілігіне жарады. Маған жан-жақтан осы мәселеге байланысты хаттар көп келді. Талай қазақтың ата-бабасының аты аталған бұл кітап шыққаннан кейін біреу әкесін, біреу атасын іздеп, қажыға барған туған-туыстарының дерегін білгісі келгендерден хаттар қарша борады.
«ЕРТІС-ҚАРАҒАНДЫ КАНАЛЫ ЖАЙЫНДАҒЫ КІТАБЫМ ҮШІН ЕҢБЕК ҚЫЗЫЛ ТУ ОРДЕНІН АЛДЫМ»
— Сіз Ертіс-Қарағанды каналының құрылысын білетін, жаяу жүріп өткен адамсыз...
— 1959 жылы тұңғыш кітабымды шығардым, содан жақсы бір жоралғы болсын деп, бір данасын Сәтбаевқа апарып сыйладым. Бұл «Баян» деген кітап болатын, кәдімгі музыкалық аспап жөнінде әскерде естіген украиндық бір жолдастың әңгімесін жазғанмын. Соны апарып бергенімде Қанекең өзің жас екенсің, енді не жазасың деп сұрады.
Сөйтсем, ол жиналыс Ертіс-Қарағанды каналының жобасы жөніндегі екі ұдай пікірге арналған екен. Мен аң-таң болдым, не ғылымым жоқ, не атақ-даңқым жоқ, академиктермен бірге жиналысқа шақырғаны несі деп. Яғни ол кісі ел неге мүдделі дегенде осы каналдың құрылысына атсалыс дегенді меңзеген шығар деп ойладым.
Содан кейін мен Қанекеңді көрген жоқпын, бірақ ол кісі су мәселесін өсиет қылды-ау деп, Ертіс-Қарағанды каналының басынан бастап құрылысы аяқталғандағы банкетіне дейін қатыстым. Канал құрылысы біткенде әдет бойынша марапаттайтын кезде, мені де Еңбек Қызыл Ту орденіне ұсыныпты, соған қарағанда менің де бір рөлім болса керек.
Құрылыста жүргенде уақыттың тапшылығынан 5-6 орысша-қазақшасы бар шағын кітаптар жаздым. Құрылыс жұмыстары біткен соң, қолда бар материалдарды жинап алып елді суландыру мәселесіне арнап «Арна» деген үлкен роман жаздым. Сібір өзендерін қазақ даласына бұру туралы зерттеп, оны да жаздым. Әлгінде айтқандай, орденге ұсынылғаным шығармашылығыма шабыт беріп, маған қанат бітірген жай болды. Ал қазір Ертіс-Қарағанды каналының игілігін ел көріп жатыр.
«КОМЕНДАНТТЫҒЫМДЫ ПАЙДАЛАНЫП, БЕРЛИННЕН АБАЙҒА КӨШЕ БЕРГІЗДІМ»
— Берлинде Абайға көше бергізіп, ескерткіш қойғыздыңыз, Семейдегі Гетеге байланысты өткен іс-шараларда да сіздің аты-жөніңіз аталады, бұл жетістіктерге қалай қол жеткізіп жүрсіз?
— Мен 1954 жылдың күзінде ғана Германиядан шықтым. 1949 жылы Гетенің 200 жылдығы аталып өтті, үлкен мұражайы жөндеуден өтті, соған қатыстым. Сол кезде, шіркін-ай, Абайдың аудармасын тасқа қашап осы мұражайдың көрнекті жеріне іліп қойса ғой деп армандадым.
Сол арманды 1979 жылы, яғни 25 жылдан кейін орындадым, бұл ескерткіш тақта Германиядағы Гетенің мұражайында тұр. Немістер бұл ескерткішімді жақсы қабылдады, қуана қолдады. Абайды білмейтін, оны оқымаған немістердің бұл мәселені қуаттай кеткеніне бір жағы таңқалдым.
«Сендер Абайды білмейсіңдер ғой, қалай бұған қолдау көрсеттіңдер десем, біз сізді білеміз ғой, қаламызды басқардыңыз, комендант болдыңыз, жақсы жұмыс істедіңіз, сізге шаруасымен барған немістердің ешқайсысы ренжіп шықпайтын, бәрінің жұмысын шешіп беретінсіз, бұл сіздің Гетеге құрметіңіздің жауабы» деген жолдастарым Абайға арнап банкет жасады.
Абайдың 150 жылдығы әлемдік масштабта тойланып жатқанда, Германияға барсам, ондағы таныстарым, Абайдың өлеңдерін оқымасақ та, ұлы адам екенін білдік деді. Мұның жалғасы ретінде 2000 жылы Берлинде Абайдың көшесін аштық. Соғыстан кейінгі 50-жылдары, Американың, ағылшындардың, біздің бомбалауымыздан тұралап қалған Германияда аштық болды, жан-жағыңа қарасаң көретінің қирап жатқан қала, аш-жалаңаш адамдар.
Сол кезде жүдеу халық, әсіресе балалар біздің асханамызды жағалап жүретін, оларға қолымыздағы барды беретінбіз. 70-80 жылдары сол бізден дәм татып, жүрек жалғаған балалар өсіп-жетіліп, үкіметтің белді буындарында қызметке орналасты. Мен сол балаларды пайдаланып, Абай көшесіне қол жеткіздім. Солардың біреуі Берлиннің бургамистрінің орынбасары болды. «Әй, Ганс шаруам бар» десем менің қолымды қақпайды.
Германиядан Абайға көше сұрамас бұрын, осы мәселе алдымнан шығады-ау деп, біздің қай қаламызда Гетенің көшесі барын сұрастырдым, сөйтсем жоқ екен. Беринг бұғазындағы чукоттар мың рет айналып өткен мүйісті бір рет айналып өткен Дежнев деген орыстың атына Алматыдан көше берілген.
Ал шығармаларын ел білетін, мектеп бағдарламасына енгізілген Гетенің бір де бір көшесі жоқ. Сондықтан Астанада, Алматыда, Семейде, Қарағандының Абай қаласында Гетеге көше берілуіне атсалыстым. Осының бәрін жүгіріп жүріп өзім жасадым, шығарылған шешімдерді жинап жүрдім. Оның алдында 1998 жылы елшілік Берлиннен Абай көшесін сұрағанда, осы мәселені олар көлденеңінен қойды, сондықтан мен көшенің берілуі туралы шешімдердің көшірмесін салып жібердім.
Осы шешімдерді көргеннен кейін олар да қарсы болған жоқ. Талантты інім, марқұм Сайын Мұратбеков мен ескерткіш-тақтаны қойып келгеннен кейін маған: «Қалеке-ай, қалай ақылды жасағансыз, бұл мәселені үкімет арқылы шешемін десеңіз, дау-дамай болып, ақыры құрдымға кетер еді, сіз дұрыс істедіңіз» деген еді. Расымен мен мұны ешкімге жария қылғаным жоқ, өзім ғана тып-тыныш апарып орнатып келдім. Келгеннен соң өзім сол туралы очерк жаздым, осы арқылы ғана бұл мәселе қоғамға белгілі болды.
— Ақсақал, қаламгер ретінде сізді не мазалайды немесе елге айтсам деген тілегіңіз болса..
— Баяғыда қашан тәуелсіз ел боламыз деп армандап, мазасызданатын едік, Құдайға шүкір, егеменді ел болдық, енді соның баяндылығын тілейік, еліміз аман, жұртымыз тыныш, аспанымыз ашық, нанымыз көп болсын, негізгі тілек осы, қарағым.
— Әңгімеңізге рахмет!
— Қалмұқан ата, әңгімені кабинетіңізде ілулі тұрған мынау суреттің сырынан бастасақ. Президентпен қатарласып суретке түскен екенсіздер. Бұл суретке қашан, қалай түстіңіздер?
— 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін Н.Назарбаев президент болып сайланғанда № 56 мектепке барып әйелім екеуміз дауыс беріп қайтып келе жатқанбыз, сол кезде сайлау учаскесінде Нұрсұлтан кездесе кетті. Ол екеуміз бір-бірімізді бұрыннан білетінбіз, Қарағандыда ол да, мен де қызмет істедік қой.
Жазушы Қалмұқан Исабай (оң жақтан екінші) зайыбымен бірге президент сайлауына дауыс беріп келе жатып, жолай жолыққан президенттікке жалғыз кандидат Нұрсұлтан Назарбаевпен (сол жақтан үшінші) түскен суреті. Алматы, 1 желтоқсан 1991 жыл. Жазушының жеке мұрағатындағы сурет.
Мен құттықтап, дауыс беріп келе жатқанымызды айттым, оның қасындағы бір топ адамның ішінде фотограф бар екен, қатарласып тұра қалып, суретке түстік. Бұл суреттің қысқаша тарихы осындай. Қасында қазіргідей қолпаштаушылары, қол соғушылары жоқ, енді ғана сайланған президентпен жазушылардың ішінде алғаш суретке түскен мен екенмін. — Ал қазір мемлекет басшысымен қарым-қатынасыңыз қандай?
— Қазір президенттің өзі де, атақ абыройы да әлемге әйгілі. Меніңше, басқаруы түзу сияқты. Сайлау сайын барып дауыс беріп тұрамын. Басқа біреу басшы болса, еліміздің жағдайы қандай болар еді деп те ойлаймын. Менің кейіпкерім Шоң бидің арманындағыдай қазақты қазақтың басқарып отырғанына тәубе деймін. Менсіз де жұмысы жетіп артылатын мемлекет басшысының басын ұсақ-түйекпен қатырып қайтемін деп ойлаймын да көп хабарласпаймын.
Ал енді менің бір ермегім, былайша айтқанда хоббиім бар. Кешегі соғыс кезінде фашизмге қарсы көтерілген Еуропа халықтары болған. Сол фашизмнің концлагерінде болған қазақ жігіттері қашып барып, қарсыласушылардың қатарына қосылады. Менің қазіргі зерттеп жүргенім осы дүние, президентке осы мәселені көтерейік, мені қабылдаңыз деп хат жаздым.
1945 жылы біздің жауынгерлер Берлинді қоршағанда, Гитлер өзінің саясатын жүргізуші дивизияларын Берлинді қорғауға шақырады, ал Югославияда Тито басқарған қарсы топ болған, солар жолда Гитлердің адамдарын өткізбеу үшін көлденеңнен жатып алған. Соның бір батальоны ылғи қазақтардан құралған, командирі 23 жастағы қазақ жігіті болған, ол 1987 жылы қайтыс болды.
Сол командир он қазақты бір көпірді барлап қайтуға жіберсе, олар біраз кешігіпті, соңдарынан іздеп шыққан олар көпірдің екі жағын
Қасында қазіргідей қолпаштаушылары, қол соғушылары жоқ, енді ғана сайланған президентпен жазушылардың ішінде алғаш суретке түскен мен екенмін.
Осы қазақтардың аты-жөндері де белгілі қазір. Олар қаза тапқан өзеннің бойына ескерткіш орнатайық деп президентке жазғанмын, бұл мәселені мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаевқа тапсырыпты. Саудабаев маған хабарласты, қазір ол кісі осы шаруамен шұғылданып жүр, жақсы хабар бар дегендей де болды. Он адамның аты-жөнін, туған-өлген жылдарын тасқа қашап жазудың өзі жедел шаруа емес. Осы сияқты елге керек мәселемен болмаса, әлемдік масштабтағы мәселелерді ойлап жүрген президентті артық мазалауды қаламаймын, бар байланысымыз осы ғана.
«ШОҢ — ҚАЗАҚ АРЕНАСЫНА ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЗАҚТЫ БАСҚАРУЫН ДӘЛЕЛДЕУ СЕРТІМЕН ШЫҚҚАН ЖАЛҒЫЗ БИ»
— Шоң би туралы роман жаздыңыз, қазақтың өзін-өзі басқаруы деген сол уақытта мүмкін болды ма, бұл дүниені жазу идеясы қалай туындады, архив деректерін қалай таптыңыз?
— Біздің Баянауыл өңірінде ақсақалдардың аузынан Шоң туралы көп еститінбіз, тіпті оны кісі өлтіргіш те болған дейтін. Біз 600 жыл бойына моңғолдардың билігінде болдық қой, хандардың бәрі дерлік осы төрелерден сайланғаны тарихтан белгілі. Сонда төрелерді қуып шыққан осы қолында билігі жоқ, қарапайым ғана Шоң би болған. Төрелер елді бұзады деп, ол төреден сайланған бір де бір ханды мойындамаған.
Төрелер «бұлардың ішінде өзін-өзі басқаруға қабілетті ешқайсысы жоқ, қазақтар өзін-өзі басқара алмайды, бұлардың бақытына Алла Тағала бізді бұйыртқан» деген әңгімелерді айту арқылы орыстарды мойындатқан. Содан соң кісі өлтірді деген әңгімеге бертінгі көзқараспен қарасақ, әрине, себепсіз өлтірмегені белгілі.
Орыстардың қазақ жерін басқару туралы жасаған 1822 жылғы устав деген бар, ол бойынша аға сұлтан да, болыс та төреден сайланады, ал осының алдында ғана болған 200 жылға созылған қалмақ-қазақ соғысына Абылай сияқты ерекше тұлғалар болмаса, басқа бір де бір төре қатыспаған. 1750-60 жылдары бұл соғыс қазақтардың жеңісімен аяқталды. Соғыс аяқталғаннан кейіннен санағанда орыстың әлгі жарғысы бойынша орыс билігі орныққан осы 60-70 жыл аралығында қазақтың тарихы жоқ, не болып не қойғанын бір де бір ғалым айта алмайды.
Шоң жөнінде материалды зерттеп жүргенде менің көзім жеткені осы 60-70 жыл Шоң бидің басқа қазақ билерімен арасындағы руды басқарудағы тайталас күресімен өткен екен. Осы жерде Шоң өзі басқарған елден төрелерді қуып шыққан, ал әрбір төрені қуып шығу деген үлкен бір хикая, сонымен осы уақыт өтіп кеткен.
Сосын орыстар келген. Басқыншы орыстар қазақ мәселесін тек қана төрелермен ақылдасқан, сол кезде ғой төрелердің әлгі әңгімені айтып жүргені. Сосын қазақтың өзін-өзі басқара алатындығын дәлелдеймін деп Шоң шықан, бүкіл қазақ аренасына осы сертпен шыққан жалғыз би осы, қарадан тұңғыш аға сұлтан болған да — Шоң би.
Ал әлгі орыстар жазған уставта сыртқы округтер ұйымдасады, ал ол округтың басына төрелерден ғана аға сұлтан сайланады деп жазылған. Шоңның сайлануы Александр І патшаның қол қойып бекіткен жарлығын бұзған. Мұндай құзырға қазақ елінде одан басқа ешкім жетпеген, Шоң жасы 80-ге келгенде сайланып, 3 жыл аға сұлтан болып отырған.
Сол уақытта елде Адольф Янушкевич деген поляктың жазушысы жүріпті. Янушкевичтің өзі қайтыс болғаннан кейін 1861 жылы Парижде шыққан кітабында «Шоңның ел басқарудағы ақылдылығы мен іскерлігіне хандар да қызыға қараған» деп жазылған.
Янушкевич Шоңды төрелерді елден қуып, халықтың сүйіспеншілігіне бөленді десе, Шоқан: «Төрелер Баянауыл округіне ықпалын жүргізе алмады, оны Шоң, Шорман сияқты күшті билер басқарып еді», — дейді. Орталық архивте Шоң туралы материал үйіліп жатыр, сол себепті мен көп қиналғаным жоқ. Ол елден арамза қожа, молдаларды да қуған.
Бұл туралы да бір папка материал бар. Шоң төрелерді қуған соң олар да бұған өшігіп, малын барымталап, адамын ұрып кететін болған. Ол жайлауын сақтап қалу үшін Сібір Генерал губернаторынан хат арқылы күзет сұрап алып отырған, олар жылына он-он бестен әскер жіберіп отырған. Осы әскерлерді жылына бір офицер басқарып келеді.
Сотник деп аталатын бұл офицерлерге патша Шоңның төңірегінде болып жатқан оқиғаларды әрбір он-он бес күнде жеткізіп тұру туралы тапсырма береді. Давыдов, Махонин сияқты сотниктердің хаттары біздің архивте көп-ақ, олардың біразын кітапта келтірдім. Қысқасы, Шоңның төңірегінде болған бүкіл оқиға тіркеулі. Бұдан артық қандай дерек керек, сөйтіп, автор ретінде мен бақытты болдым да қалдым.
Біздің жаққа бір қожа келіпті. Әлгі қожа сол төңірекке: «Маған, Алла аян берді, мен арқылы осы жерде тағы бір пайғамбар туылады екен. Сондықтан да күйеуге шығатын барлық қыздардың бірінші түні маған тиесілі болсын» деген әңгіме таратыпты. Шоң мұны естісімен, жендеттері арқылы қожаны шақыртады, шақыруға келмеген қожаға өзі барған Шоң оны тарттырып тастайды.
Бұл туралы Давыдов деген сотник былай деп жазады:
«Мұхамед Әли қожа, пайғамбар жасайтын құралынан айырылып қалған кезде 32 жаста еді, осы оқиғадан кейін Шоң басқарған елден қожа-молдалар қашып жатыр». Міне Шоң осындай адам болған.
Роман шықты, бірақ тиражы өте аз болғандықтан ешкім оқып үлгерген жоқ. Комиссиядағы адамдар бейхабар болғандықтан да, бұл шығарма Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылып тұрып қалып қойды.
Шоң билікке келгенде «4 ұлы» дейтін одақ құрған, бұл не деп генерал губернатор сұрағанда Шоң: Бұл қазаққа ұсақтамай өмір сүрудің тәсілі, біз ірі халықпыз, келер уақытта бәріміз қазақ деген атты қадір тұтамыз депті. Назарбаев президент болып сайланғаннан кейін, 92 автордан сәт-сапар тілеген пікірлерді жинап, кітап құрастырғанда, соған менің де Шоң би туралы очеркімді енгізіпті. Қазақ қазақты басқара алады деген ұғымның байланысын осы жерден қарастырғанын аңғартып тұр.
— Қаламгерлердің ішінде архиві бай адамдардың бірі өзіңіз, онда қандай құнды дүниелер бар?
— Архив басқармасы маған архивіңізді өткізіңіз дегенді 2-3 рет айтты, бірақ мен әлі жұмыс істеп жүрген адаммын, әлі де жазамын. Қазір үйден шығу ауырлап кетті, орталық архивке жетудің өзі де оңай емес, көлікке мінсең кептеліске ұшырап, уақытың текке өледі. Сондықтан өз жиғанымды өзім пайдаланып отырған жайым бар. Менің жазған-сызғандарымның, жалпы шығармашылығымның түгелге жуығы осы архивтен алынған дүниелер. Тарих, су мәселесі сияқты керекті дүниелерді де осыдан алдым, ұзын саны мыңдай папкам бар.
«ҚАЗАН ТӨҢКЕРІСІНЕ ДЕЙІНГІ МЕККЕГЕ БАРҒАН ҚАЗАҚТАР ТУРАЛЫ КІТАП ЖАЗДЫМ»
— Қажыға барған қазақтарды біраз зерттедіңіз, ол туралы қандай мәліметтермен бөлісер едіңіз?
— 1970 жылдары архивке барып жүргенімде, архив басқармасының бастығы Байжанов мені шақырып алып: — Қалеке, арамызға ешкімді салмай, өзіңізді тікелей қоймаға кіргізейін, қажыға барған қазақтар туралы бірігіп кітап жазайықшы, — деді. Онсыз да сол жерден шықпайтын басым бұл ұсынысқа қуанып кеттім.
Сонымен ұзақ уақыт жинадым, тердім. 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін қазақтан кім Меккеге барғанын зерттеп, бәрінің тізімін таптым, олардың қай облыс, қай ауданнан екеніне дейін белгілі болды. Сонымен кітап жазылды, қажылықпен таныстыру, идеология, білім, алғашқы мектептер сияқты мәселелер де қамтылды, жыл сайынғы қажылардың тізімі енгізілді.
Бұл ақпараттарды менен орталық мешіт сұрап алып, олар да кітап шығарды. Осылайша ешкімге керексіз болып жатқан тың деректер кәдеге асып, елдің игілігіне жарады. Маған жан-жақтан осы мәселеге байланысты хаттар көп келді. Талай қазақтың ата-бабасының аты аталған бұл кітап шыққаннан кейін біреу әкесін, біреу атасын іздеп, қажыға барған туған-туыстарының дерегін білгісі келгендерден хаттар қарша борады.
«ЕРТІС-ҚАРАҒАНДЫ КАНАЛЫ ЖАЙЫНДАҒЫ КІТАБЫМ ҮШІН ЕҢБЕК ҚЫЗЫЛ ТУ ОРДЕНІН АЛДЫМ»
— Сіз Ертіс-Қарағанды каналының құрылысын білетін, жаяу жүріп өткен адамсыз...
— 1959 жылы тұңғыш кітабымды шығардым, содан жақсы бір жоралғы болсын деп, бір данасын Сәтбаевқа апарып сыйладым. Бұл «Баян» деген кітап болатын, кәдімгі музыкалық аспап жөнінде әскерде естіген украиндық бір жолдастың әңгімесін жазғанмын. Соны апарып бергенімде Қанекең өзің жас екенсің, енді не жазасың деп сұрады.
Совет армиясының офицері Қалмұқан Исабай (ортада) - Ильменау қаласының коменданты, Германия, 1945 ж. Жазушының жеке мұрағатындағы сурет.
Мен 12 жыл әскерде болдым, оның екі жылы соғыста өтті, соны жазбақ ойым бар дедім. Ол кісі тұрды да, соғысың бір кітап, он жылғы әскери қызметің де бір кітаптан аспайды, одан әрі не ойың бар деді. Мен тосылып қалдым. — Меніңше, деді Қанекең, — халық неге мүдделі болса, жазушының тақырыбы да сол болуы керек. Елге не керегін мен қайдан білейін ол кезде. Сонымен ол кісі ертеңінде өз кабинетінде өтетін жиналысқа мені шақырды.Сөйтсем, ол жиналыс Ертіс-Қарағанды каналының жобасы жөніндегі екі ұдай пікірге арналған екен. Мен аң-таң болдым, не ғылымым жоқ, не атақ-даңқым жоқ, академиктермен бірге жиналысқа шақырғаны несі деп. Яғни ол кісі ел неге мүдделі дегенде осы каналдың құрылысына атсалыс дегенді меңзеген шығар деп ойладым.