28 қараша ақын Жұмекен Нәжімеденовтың туған күні. Өнер әлеміндегі айрықша құбылыс болған ақынның өлеңдері әлі күнге шейін маңыздылығы мен өзектілігін жойған жоқ. Дүниеден ерте өткен ақынның рухына тағзым ете отырып, Жұмекеннің шығармашылығы туралы бір ауыз сөз айтқанды жөн санадық.
«Адам баласы өмірге әлденеше рет қайтып оралады» - деген үғым бар. Күлуден бұрын мына жалған дүниеге келген сәтте-ақ, ең әуелі жылауды үйренген Адам-Ата, Хауа-Ана ұрпақтарының бойын бір ұлы Сезімнің құдіреттей күші күші билеп келеді. Тән көміліп, күлге айналып, оның өзі қара жер төсіне нәр бергенімен, жан өлмейді. Рух мәңгілік.
Адам баласы сонау ықылым заманнан бері Рухтың құдіреті арқылы аруағына сиынып, аруақтап аттандап, кемел келешегі үшін «тебінгінің астынан ала балта суырып, тепсініп келмеп» пе еді? Пенденің хайуаннан басты айырмашылығы осы Рухының биіктігінде болса керек.
Ең алғаш, қара үңгірде неандерталь адамның тасқа қашап салған шатпақ суреті Сезімнің қалың түкпірінде ұйықтап қалған түйсікті оятып, әлемдегі ғаламат туындылардың дүниеге келуіне, екі аяқты тіршілік иесінің сұлулық жөніндегі дүниетанымын қалыптасуына мұрындық болды. Осыдан аттай бір ғасыр бұрын орыстың ұлы жазушысы Достоевский «Дүниені сұлулық құтқарып қалады» деп жазған-тын. Біздіңше, сол сұлулық адамның жан-дүниесінің перизаттығы мен әдемілігін көрсететін ұлы Өнер болса керек.
Әлемнің құрылысы туралы бондық ілім бойынша дүние үш ортадан құрылған: құдайлардың аспандық аймағы – ақ түсті, адамдардың жер бетіндегі аймағы – қызыл түсті және су рухтарының төменгі дүниесі көк түсті. Формасы да, ақиқатқа жататындығы да жоқ дүниеде болмыс пен болмыссыздықтың екі ортасынан тамаша адам пайда болып, ол «жаратылған нақты ие» атана бастаған.
«Жаратылған нақты иенің» бүгінгі кең сарайда салтанат құрып, кемелденген ұрпақтары он сегіз мың ғалам жаратылғаннан бері, сандаған ғасыр озып, жүздеген ұрпақ алмасса да, құдіретті өнердің альмаматері іспетті ұлы Сезімді жоғалтқан жоқ. Өнердегі дара тұлғаның дүниеге ақын көзімен қарайтындығында бір үлкен заңдылық бар, әйтеуір. Ананың құрсағынан шығып, Табиғат-ананың тал бесігінде тербетілетін тіршілік иесінің туғанда дүние бесігін ашатын баянды серігі - Өлең.
Ақын дүниеге жылап келгенімен қоса, періште сезімімен өзге жанның көңіл көктемінің көкжиегін керемет әсердің бесігіне бөлеп, адамның сезім түйсігінің кеңістігінің галактикасында бұғып жатқан «көзге көрінбейтін дүниесін» (Ж.Ж.Руссо) іздеп, жанын қоярға жер таппай шарқ ұрады. Ақын пайғамбарлықты Құдайдан сұрап алмайды, ол қасиетті адамның бойына Тәңірдің өзі дарытары хақ.
Өлеңдерінде өзге ақындарға ұқсамайтын дара мінезі мен ойлау диалектикасы бар, өнерді өмірге балаған қамшының сабындай тым қысқа ғұмырында поэзияның Рухын бір мысқалдай да төмендетпей, өнердегі арзандықпен күресіп өткен Жұмекен Нәжімеденовтың поэзиясын қайта бір оқып шығуым жоғарыдағадай сөздерді айтуға ойтүрткі болып отыр.
Жұмекеннің жыр әлеміндегі дара бітім-болмысы мен өзіндік қолтаңбасы төңірегінде әлі де пікір тиегі кең көлемде ағытыла қойған жоқ. Ақынның өлеңдеріндегі интеллектуалдық ой сарыны, әдебиеттің ыстығы мен суығына өз жанын аямай тосатын өр мінезі оқырманның көзіне көбіне-көп Достоевскийді елестетеді. Біз осы жерде Достоевский есімін қызыл сөзге қызыққандықтан ғана айтып отырған жоқпыз. Достоевский шығармалары мен Жұмекен поэзиясын салғастыра отырып, ұлы жазушының «Бесы» атты романы мен ұлы ақынның «Алдар көсе немесе диалогтар» атты поэма-пародиясының арасынан бір ұлы үндестіктің сырын аңғардық.
Достоевский өз шығармасында «жартылай ғылымды» аямай сынайды. Достоевский романындағы басты кейіпкер Шатов «Жартылай ғылым – адамзат тарихындағы соғыстан да, аурудан да қатерлі ең ұлы нәубет» деп әрі-сәрі күйге түссе, Жұмекен өз шығармасында «жартылай ғалымды» былай әжуалайды.
Тағы қандай бас бар еді
Әсте көп.
Бәрі бірақ заң-дәстүрге қас, демек,
Жұрттың бәріне ұнау үшін
Формасыз
Пластилин бас керек!
Ал, миы ше?
Мәселе емес бұл шырақ,
Кімге керек балшық сынды былжырақ?!
Балшық орнын немен толтыр жөн бәрі
«басында түк жоқ!» - демесе болғаны.
Орайы келгенде тағы бір айта кететін шындықты алға тартпақшымыз. Жұмекеннің «Алдар көсе немесе диалогтарындай» формасы да күрделі, ойлау өлшемі де өзгеше поэма бұрын-соңды қазақ поэзиясында болған емес.Көлемі өте үлкен болмағанымен, аталмыш туындының көтеріп тұрған жүгі өте ауыр. Жұмекеннің поэма-пародиясында Данте Алигьеридің «Құдіретті комедиясымен» керемет бір үндестік бар.
Мәселен, Жұмекен де Данте сияқты о дүние жөнінде толғай отырып, осы өмірдегі әділетсіздіктің, тоғышарлықтың түп тамырының иіріміне терең бойлап, сол құбылыстың гармониясы мен дисгармониясын әдемі жеткізген.
«Ақпын дейді. Ей, бейшара, сыңар жақ, -
Сыңар тонауымен күлді бір аруақ –
Тозақ оты болар еді далбаса
Егер онда адал жандар жанбаса,
алаяқтар түспейді отқа.
Көп ебі
Жоқ сорлылар отқа үйірлеу келеді.
Немесе:
Атақтыны сүймейді Алла себебі,
(«Атақ-даңқ бір Аллаға жарасқан,
Мықты екенсің бар, бар, талас, талас та ал»/
Қызмет еткендерді ғана дірдектеп
қосады ептеп нөкеріне, дүрмекке.
Сондай-ақ:
Атақтыны сыйлайды тек, сыйлайды
сыйлағаннан. Тамұғын да қимайды.
Мәңкүр-Нәңкүр мысқылдайды кей сәтте
«өлген кісі неғылады үй-жайды».
Бір өкініштісі, осы поэма жөнінде баспасөз бетінде әлі де пікір айтылған жоқ.
Әділін айтсақ, Жұмекен поэзиясы әдебиетке адал қызмет етудің үлгі-өнегесі. Сондықтан Жұмекенге қайтып оралу, ұлы рухқа қайтып оралғанмен пара-пар құбылыс.
ЖҰМЕКЕН ҚАЗАҚ ӘДЕБИТЕНІНДЕГІ БАЛЛАДА ЖАНРЫН ЕРЕКШЕ ДАМЫТТЫ
Ақынның бұл жанрдағы еңбегінің бәріне тоқталып өту мүмкін еместіктен, біз оның балладасы туралы бір-екі пікір ғана айтып кеткенді жөн көрдік. Әдебиет тарихындағы мысалдарға жүгінсек, баллада жанры ХІY ғасырдан бастау алатыны белгілі. Сондықтан баллада жанрының шығу тарихы жекелеген нақты тұлғалардың есімімен байланысты десек артық айтқандыққа жата қоймас. Мәселенки, классикалық француз балладасының шығу тарихы К.Маро, Ф.Вийона («О женщинах былых времен»), П.Ронсара, ағылшындардікі Р.Бернс, С. Кольридж, Р.Соути, У.Блейк, Р. Стивенсон, немістердікі Ф.Шиллер, И.Гете («Орман патшасы»), А.Брентано,Л.Уланд, орыстардікі В.Жуковский, А.Пушкин, М.Лермонтов есімдерімен байланысты. Дей тұрсақ та баллада жанры да, заманның құбылмалылығына, әдебиетке ірі тұлғалардың келуіне байланысты әр түрлі өзгерістерге ұшырап отырған.
Алпысыншы жылдардан кейін қазақ әдебиетіндегі сюжеттік баллада жанрының дамуына сүбелі үлес қосқан Қайнекей мен Кеңшілік болса, лирикалық баллада жанрының қанаттануына еңбек сіңірген Ғафу мен Жұмекен дер едік.
Жұмекеннің балладаларында дүниедегі құбылысты тек сыртынан ғана бақыламайды, көбіне-көп ішкі жан әлемінің табиғатына бойлап, тереңіне сүңгітеді. Ақын балладаларындағы шынайылық, шебер қолмен өрілген қамшыдай эстетикалық концепция мен «ой түбіндегі жатқан сөздердегі» философиялық тереңдік, оқырманды табиғаттағы құбылыстың драмалық қайшылыққа толы құдіретіне еріксіз үңілтеді. Ақын балладаларында Адам-Табиғат-Өмір сияқты философиялық ұғымдарды біртұтас диалектикалық байланыста қарастырады.
Соғыс.Боран. Өзге түгіл жылқы үсіп,
Жел мен дала жатып алды жұлқысып.
Бүрді ауылды,
Бүрсең қағып бітуге
Қасқыры мен қарақшысы бір түсіп...
Ауыз үйде сондай қара бір түнде
Сиыр тұрды қос бүйірі бүлкілдеп
Төнді біреу терезеден түнеріп,
Көрді біреу сыртқы есіктің кілтін кеп
Қос босаға бүйір құлап солқылдап,
Ашты есікті бір жезтырнақ қол тырнап,
Қара пиғыл қара жел боп кірді үйге
Қара боран ойнады үйге толқын боп
Қара, қара ... бәрі қара боп кетті...
Қара кісі қара сиырды ап кетті...
Лирикалық өлеңдердегі басты тұлға «лирикалық қаһарман», яғни басқа сөзбен айтқанда лирикалық «мен». Гегельдің айтуынша, «лирикалық өлеңнің нақ ортасында жырдың бүкіл бітім-болмысын әйгілейтін нақты субъект ретінде ақындық «мен» жатуға тиіс. Сонымен қатар кез-келген лирикалық өлең (Өлең—сезім+ой+сюжет+композиция --ақиқат) негізінде құрылып, ақынның «көңіл жүрегінің сүзгісінен» (Гегель) таза да табиғи күйінде шыққанда ғана әрлене түседі.
Поэзиядағы интеллектуалдық ойлаудың әдібін дұрыс таразылай алмаған кейбір ақындар лирикалық өлеңдеріндегі басты салмақты бұлыңғыр ойға салып, шалажансар ақиқаттың ауласынан ұзап кете алмай жүр. Соның кесірінен соңғы он шақты жылдың ішінде (Өлең—сезім+ой) негізінде ғана құрылған жерде тиянағы жоқ, абстракциялы, сырты жылтыр, іші бұлыңғыр, долбар аналогиядан тұратын, логикалық үйлесімдіктен ада, сезім қылын шерте алмайтын өлеңдер тасқынының қаптап кеткендігі соншама, тіпті, солардың бәрін жинап алып көрмеге қоярлықтай.
Жұмекеннің лирикалық өлеңдеріндегі жырдың өне бойындағы ішкі қоңыр ырғақ, адамның жүрек түкпірінен үн тартып, сыршыл әлемінің тұңғиығына терең бойлатып, тау суындай таза да табиғи қасиетімен көңіліңді баурайды. Ақынның өлеңдерін оқып отырғанда «автордың айтпағы не?»деген сауал туындамайды. Сіздің алдыңызда бар сырын жасырмай ақын өзі сөз алады.
Алдыңа қарап кері кет,
Артыңа қарап өскенше.
Шеге, шеге!
Жұрт не десе – о десін
Сөз жүйесін, өз иесін табады із,
Өткен күннің суырып ап шегесін
Келер күннің тақтасына қағамыз.
***
Қойдан құлап өлді ер жігіт,
ал, қорқақ
Жолбарыстың жонын қыстап жүр аман.
***
Кейбір елдің құдайы – аударма.
Жұмекен өле-өлгенше әдебиетке адал қызмет етіп, өнердегі арзандықтың, жалған атақтың қарағайына қарсы біткен бұтақ. Осы өр мінез ақынның әдебиет әлемінің есігін аттауға куәлік алған тырнақалды туындыларында көзге ұрып тұр.
менің дағы көп мінім бар, жаным бар.
Көкірегімнен көре қалсаң бір ұшқын
үрлеңдер де маздатыңдар, жағыңдар.
Бұл күйбеңмен өтер екен жыл қанша,
ұшамын деп ойлаймын желіңе.
Ал, егерде кеудем толы күл болса,
сол күлдей ғып өшіріңдер мені де.
Мен өзімді байлай алам қатерге
сол қатерді жеңемін де ендеше,
Бар айтарым арзан атақ әперме
өзің де арзан, досым, болғың келмесе.
Немесе:
Жыңғылыңды көлеңкелеп көз ілдім,
көз ілдім мен төсегінде сезімнің.
Саған тартқан өз ұлыңмын - өзіңмін
тұла бойым тұтас құйған төзіммін.
Сондай-ақ:
Бір бүйірді қызса деп ем өлеңім,
Бір ұйқыны бұзса деп ем өлеңім.
Ақылдыға қайғы алдырсам деп едім,
Ақымақиы ойландырсам деп едім,
- деп өлеңнің биік те асқақ рухымен әрі ізгі жанның делебесін қоздыратын алпысыншы жылдардың басында-ақ Жұмекеннің жүрегінен жыр болып төгілген лирикалық өлеңдер қазақ поэзиясындағы шын мәнісіндегі ренессанс-тын.
Есенин өлеңдерінде сұлулықтың нышанын атып келе жатқан арайлы таңның сәулесінен іздеу басымырақ келсе, Жұмекен поэзиясында керісінше қоңырқай кештің мезгілін адамның өмірімен байланыстырып, көзді ашып-жұмғанша өте шығатын жалған тіршіліктің табиғатына үңілу жиірек ұшырысады:
Қоңыр шешем қоңыр кешті жамылып,
көзін сулап қалып еді қамығып.
Қоңыр жолға түсіп едім мен өстім –
Қоңырқай ой маза берер емес түк.
Қоңырайып жатыр алда жол әлі –
кеудем кейде қоңыр жырға толады.
Қазақ қоңыр әнмен бесік тербетіп,
өргізіпті-ау қоңыр-қоңыр баланы,
Қоңыр күпі, қоңыр дала, қоңыр үн...
қоңыр күймен өтіп жатыр өмірім.
Қоңыр күзде, қоңып шаруа – күйбеңмен
қоңсы қонған қоңыр қызға үйленгем.
Қоңыр-қоңыр күй тыңдап ем жасымда,
шешем қалды қоңыр төбе басында.
Қоян жонға қоңыр ымырт түскенде
қоңырайып отырамын үстелге...
Ақын үшін қоңыр кеш өтіп бара жатқан адамның өмірі. Сол «беймаза тірлігіңді босқа өткізбей, әр ізгі жанның көкірегінде бір жарық сәуле қалдыруға тырыс» деп үндеу тастайды тұлғалы Ақын сөздері. Жұмекеннің ымыртта ымырт құсап қоңырайып, жанын қоярға жер таппай Абай ескерткішінің алдына келуі де сондықтан.
Таппаған соң өлеңмен жүрек емін,
бір-ақ сілтеп қолымды жүрер едім,
туатұғын секілді бүгін-ертең
мраморға жазылар бір өлеңім.
Поэзия – белгілі бір уақыттың жемісі. Жұмекен поэзиясы да өзі өмір сүрген орта мен уақыттың ұлы жемісі болды.

Ақын Жұмекен Нәжімеденов (сол жақта) композитор Шәмші Қалдаяқовпен бірге, Алматы, 1963 жыл. Жеке мұрағаттағы сурет.
Жалқы досым келсе мені шын ұққыңменің дағы көп мінім бар, жаным бар.