Шешенстанда хұқық қорғаушы Зарема Садулайева мен оның күйеуі Алик Жабрайыловты белгісіз біреулер атып кеткен екен. Ерлі-зайыптыларды жақсы білетін хұқық қорғаушылардың айтуынша, олардың саясатқа қатыстары жоқ болған.
Зарема Садулайева "Ұрпақты сақта" атты Шешенстандағы үкіметтік емес ресейлік ұйымды басқаратын еді. Оған күйеуі Алик көмектесетін.
Ерлі-зайыптылар Шешенстандағы соғыстан зардап шеккен жасөспірімдерге медициналық және психологиялық жағынан көмек көрсетуші еді. Олардың арасында соғыс кесірінен аяқ-қолдарынан айрылған, сондай-ақ кедей отбасыларынан шыққан балалар да болатын.
Ерлі-зайыптыларды жақсы білетін хұқық қорғаушылардың айтуынша, олардың саясатқа қатыстары жоқ болатын.
Ал, бұдан бір ай бұрын хұқық қорғаушы Наталья Естемірова өлтірілген еді.
Бұл екі жағдайда да беймәлім біреулер құрбандарды машинаға күшпен отырғызып, белгісіз жаққа апарып, атып кеткен екен.
Шешенстан билігінде қазір Кремлдің қолдауына ие күштер отыр. Қазіргі Шешенстанда қарулы топтардан, оның ішінде үкіметпен байланысы бар топтардан қорғану қиын боп қалған.
Ресейдің "Мемориал" атты құқық қорғау ұйымының өкілі Александр Черкасовтың айтуынша:
-Мыңдаған адам Шешенстандағы Ресейге қарсы екінші соғыс барысында осындай тәсілдермен қолды болып, соңында өлім құшып жатты. Олардың арасында жазықсыз азаматтар да бар.
Басқа да құқық қорғаушылар Шешенстанда осындай үрейлі жағдайдың орнығуына президент Рамзан Кадыровты айыптауда.
Жікшіл жауынгерлер деп күдіктелгендердің отбасыларына қарсы Кадыровтың жүргізген аяусыз күресі ресми Мәскеудің Шешенстандағы мақсатына тезірек жетуіне ықпал еткен еді.
Алайда ол өзін сынаушылармен ымырасыз болды. Сыншылардың өлімдерінің себептерін зерттеуге немұрайды қарады. Соның арқасында өз қарсыластарын сот шешімінсіз, бейресми жағдайда өлтіртуде деген айыптаулар оған тағылып келеді.
Шешенстанның қуғында жүрген тұлғалары шетелдерде, Мәскеуде, Шешенстанның өзінде өлтірілді. Алайда ондай кісі өлімдерінің себептері ешқашан зерттелген, я ашылған емес.
Естемірованың өлімінен кейін "Мемориал" төрағасы Олег Орлов аталған өлімге айыпты адамды табуға көңіл бөлмеді деп Кадыровты айыптаған болатын.
Кадыров бұл істерге қатысы барлығын жоққа шығарып келеді. Алайда Естемірова туралы президенттің айтқан пікірлері күдікті көбейте түсуде.
Кадыров Азаттық радиосына өткен аптада берген сұхбатында Естемірова туралы айта келіп, онда ешқашан ұят деген болған емес, ақымақ пікірлер айтып жүретін еді деп сынаған еді.
Естемірова тірі кезінде Кадыров әкімшілігін адам хұқын аяққа таптауда, деп жария түрде сынаған еді.
Ал, хұқық қорғаушы Зарема Садулайева мен оның күйеуі Алик Жабрайылов болса өз пікірлерін ешқашан жария түрде айтпаған екен.
Алайда оларды да тапа-тал түсте қарулы адамдар, бетперде киіп әуре болмай-ақ, ашық түрде келіп, кеңселерінен ұрлап кеткен.
Хұқық қорғаушы Хеда Саратованың айтуынша, оларды тұтқындауға келген 3 адам әскери киімде, ал екеуі қарапайым азаматтық киімде болған екен. Зарема Садулайева мен оның күйеуі Алик Жабрайыловты алып кеткеннен кейін олар кеңсеге қайта оралып, Зареманың ұялы телефоны мен көлігін алып кеткен көрінеді.