АҚШ Мемлекеттік департаменті Мұсылман әлемімен байланысқа жауапты өкілін алғаш рет тағайындап отыр. Мақсат - Мұсылман елдерімен АҚШ қарым-қатынастарын жаңа деңгейге көтеру.
Фара Пандит-америкалық мұсылман. Ол Кашмирде дүниеге келіп, әке-шешесі Құрама Штаттарға көшкен кезде жөргектегі сәби еді.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон осы департаменттің Мұсылман әлемімен байланыс ісіндегі арнайы өкілі етіп Пандитті тағайындады.
Бұл жаңа ашылған қызмет президент Барак Обаманың әлем мұсылмандарының ой-арман, мақсаттарын тыңдап қана қоймай соған лайықты жауап қайыруға деген ынтасымен сай келіп отыр.
Обаманың өткен айда Қаирда сөйлеген сөзі тараптар арасындағы байланыста жаңа дәуірдің басталатындығына үмітті көбейткен еді.
Әлем мұсылмандарының айтуынша, АҚШ-пен арадағы басты проблема бұрынғы президент Джордж Буш тұсындағы Құрама Штаттардың жүргізген сыртқы саясатынан туындаған болатын. Атап айтқанда АҚШ-тың Ираққа басып кіруінен бастап, Гуантанамо түрмесіне мұсылман азаматтарды түсініксіз себептермен отырғызу және Әбу Ғраиб түрмесіндегі азаптау тәсілдері арқылы Ислам әлеміне түрлі жолдармен қарсы жұмыс жүргізгендей көрінеді, дейді мұсылман қауымы.
Пандиттің айтуынша, тараптар арасында өзара сенім мен түсіністікті орнықтыру үшін екі жақты диалогтар жүргізу қарастырылмақшы. Оның барысында мәдени шаралардан бастап, жалпы халықтық басқосулар ұйымдастыруға дейінгі араласулар арқылы мақсатқа қол жеткізілмекші.
Пандит сондай-ақ мұсылман қауымының қажеттіліктерін тыңдап, ол проблемаларды шешуге мейлінше көмектесуді өзінің басты міндеті деп есептейді.
Америкалық мұсылман ретіндегі жинақтаған тәжірибесі Пандиттің әлемдегі бірнеше жүздеген ұлт өкілдерінен құралған мұсылмандар табиғатын терең түсінуіне көмектеспекші. Себебі бір ғана АҚШ-тың өзінде 80-нен аса елдің мұсылман өкілдері тұрады екен.
Буш әкімшілігі 2007 жылы Пандитті президенттің Мұсылман елдерімен байланыс бойынша кеңесшісі ретінде жұмысқа қабылдаған болатын. Ол сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінде және АҚШ-тың Қабылдағы Халықаралық даму агенттігінде жұмыстар атқарған.
Пандит әлем елдерін аралаған кезде ең әуелі АҚШ-тың сол жердегі елшілігіне тоқтап, жұмысын бастайтын болады. Пікіралысулар қалалар мен ауылдық жерлердегі барлық деңгейдегі ұрпақтар арасында, әсіресе жастар арасында өткізілетін болады.
Акбар Ахмет-Вашингтондағы Америка университетінің Ислам діні бойынша зерттеулер бөлімінің басшысы. Ол-генерал Дэвид Пэтреус пен елші Ричард Холбрукке Ислам мен АҚШ сыртқы саясат жөнінде ақыл-кеңес берген жан.
Ол бірнеше кітаптардың ауторы. Оның ішінде «Discovering Islam” атты белгілі кітабы да бар.
- Олардың ой-пікірлерін тыңдау-мәселенің жартысы ғана. İстің маңызды екінші бөлігі-сол өтініштерді жүзеге асыру үшін нақты іс-әрекеттер атқару, - деді Ахмед Пандиттің жоспары туралы.
Сонда ғана Пандит ханым Буш әкімшілігі атқара алмаған істі жүзеге асырып, тараптар арасында тұрақтылықты қалыптастыруға бағытталған буынды маңызды ақпараттармен қамтамасыз етер еді деді сарапшы Ахмед.
Егер бұл жолы да тараптар қарым-қатынасында айтарлықтай өзгерістер бола қоймаса, яғни шаруа тек тыңдаумен ғана шектелсе, онда аталған шара Мұсылман әлемінің ашу-ызасын туғызып, сенімсіздік тереңдей түсер еді дейді Ахмед.
Пандит ханым жаңа қызметтегі өзінің алғашқы сапарының осы жаз соңына қарай болуы мүмкін екендігінен хабардар етті.