Қазақстандағы діни ахуал қандай?

Арнайы операция өтіп жатқан аудан. Ақтөбе, 10 маусым 2016 жыл.

AzattyqLIVE хабарында қазіргі қоғамдағы діни ахуал жайын сарапшы Айнұр Әбдірәсілқызымен талқылады.

Маусымның 5-і күні Ақтөбеде екі қару-жарақ дүкені мен әскери бөлімге белгісіз адамдар жасаған қарулы шабуыл салдарынан барлығы 20 адам қаза тауып, 40-қа жуық адам жараланған.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбедегі оқиғадан кейін үш күннен соң жасаған мәлімдемесінде шабуылды «шетелден нұсқау алған жалған діни ағым өкілдері ұйымдастырған» деп айыптады.

Қазақстан 9 маусымда Ақтөбедегі шабуыл құрбандарын аза тұтты. Ел бойынша 40 күн мерзімге террорлық қауіп-қатердің сары деңгейі, Ақтөбе облысында қызыл деңгейі жарияланды.

AzattyqLIVE бүгінгі хабарында Қазақстандағы діни ахуал жайын мәдениет және спорт министрлігінің дін істері комитетіне қарасты дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы директоры Айнұр Әбдірәсілқызымен талқылады.

Your browser doesn’t support HTML5

Қазақстандағы діни ахуал қандай?