Қарақалпақстан қазақтары
Қызылқаланың төңірегінде негізінен қазақтар тұрады, оншақты қазақ ауылы бар. Алғабас ауылы маңында қой бағып жүрген Сәдуақас ата өзін "Кіші жүз қазағымын, қожамын" деп таныстырды.
Жергілікті қазақтардың бірі 77 жастағы Рақымбай ақсақал бұрын трактор айдаған. Ол осы маңда Бекет Атаның бесінші ұрпағы Көкен Қойбағарұлының мазары барын айтты. Ақсақал мазарды көруге тілек білдірген бізді ол жерге бастап баруға келісті.
Совет кезінде "Қызыл Қазақстан" аталған ауыл қазір Алғабас деп аталады. Жергілікті халық оны "Көкен әулие" деп те атайды.
Алғабас ауылында тұратын қазақ Досболат Шугураев. Ол шаруа қожалығын ұстайды.
Рақымбай ата мен Досболат Шугураев бізді Көкен әулие мазарына бастап жүрді.
Көкен әулие - Бекет Атаның бесінші ұрпағы Көкен Қойбағарұлының мазары.
Рақымбай ата (оң жақта) мен Досболат Шугураев Көкен Қойбағарұлының мазары басында құран бағыштап отыр.
Алғабас ауылындағы ағайынды Шугураевтардың үйі.
Досболат Шугураевтың ұлы қонаққа келген Рақымбай атаның қолына су құйып қызмет көрсетіп жатыр.
Досболат Шугураевтың кішкентай жиені сүтке иленіп пісірілген тандыр нан қойылған үстелдің жанында тұр.
Үй алдындағы тандыр пеш.
Досболат Шугураевтың немере інісі Нұрымбет.
Алғабас ауылындағы қазақ мектебі.
Рақымбай атаның айтуынша, Алғабас ауылындағы бұл моншаның құрылысы аяқсыз қалған.
Алғабас ауылында ойнап жүрген қыз балалар.
Ежелгі Хорезм жеріндегі көне қоныстардың бірі Топыраққала маңындағы көктемгі көрініс.
Хорезм облысымен шектесетін Бируни ауданы Шават кентінде жаңадан салынған үйлерді жергілікті жұрт «президент үйлері» атап кеткен. Бұл үйлер Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримовтың тұсында салынған.
Шават кентінен Хорезм облысының әкімшілік орталығы Үргенішке баратын жол.
Бұл өңірдегі жергілікті тұрғындар диқаншылықпен, мал бағып, Әмудариядан балық аулап күнелтеді.
Суретте: Үргенішке баратын жолда қауын сатып отырған жігіт.
Жол бойында балық сатып отырған ер адам.