1991 жылы Орталық Азиядағы советтік республикалар тәуелсіздік ала бастады. Содан бергі жиырма жыл ішінде көптеген өзгерістер болды. Бірақ солардың ішіндегі бірден байқалатыны – аймақ елдеріне ортақ тіл – орыс тілінің ықпалы азайып келеді.
Абдулла Өзбекстанның оңтүстігінде тұрады. 20 жастағы Абдулла Өзбекстан Совет одағынан тәуелсіздік алған жылы туған. «Орыс тілін қаншалықты білесің» деп сұрағанымызда:
– Мен де, ағаларым мен әпкелерім де орыс тілін білмейді. Мектептер мен колледждерде орыс тілі сыныптары көп қалған жоқ. Мен жоғары сыныпта оқып жүргенде аптасына бір сағат қана орыс тілі пәнін оқитынбыз, – деді ол.
МӘСКЕУ ТІЛ АРҚЫЛЫ ЫҚПАЛ ЕТКІСІ КЕЛЕДІ
Осы тұрғыдан алғанда Абдулланы Өзбекстандағы пост-советтік ұрпақтың өкілі деуге болады. Өзбектер қазір өз елдеріндегі көпшілікті құрайтын ұлт болып отыр. Тәуелсіздік алған 1991 жылдан бері қарай билік жергілікті тілдің артықшылықтарға ие болуы үшін қолынан келгеннің бәрін жасады. Ресейде басылған газеттерді енді кез-келген дүңгіршектен ала алмайсыз. Ал ресейлік телеарналарды тек спутниктік табақшалар мен кабельдік телеарналар арқылы ғана тамашалай аласыз. Білім беру жүйесі өзбек тілін оқытуға ден қойып отыр.
Жейхун – Өзбекстанда 25 жылдан бері сабақ беріп келе жатқан тәжірибелі мұғалім. 1991 жылға дейін республикадағы орыс тілінің жағдайы мүлдем бөлек болған.
– Совет одағында орыс тілін оқуға бес сағат бөлінетін және орыс тілді бірнеше телеарна жұмыс істейтін. Мәскеу телеарнасы аймақтарға тікелей
Бір ғасырға жуық уақыт үстемдікке ие болған орыс тілін Мәскеу жергілікті халықты өз бақылауында ұстап отыру тетігі ретінде пайдалануға тырысады. Мәскеудегі шенеуніктер орыс тілін мектептер мен биліктің негізгі тілі ретінде енгізді. 1930 жылдары Совет одағы Орталық Азия елдерін өздері соған дейін қолданып келген жазу жүйесінен бас тартып, кирилл әліпбиіне көшуге мәжбүрледі. Осының кесірінен Орталық Азиядағы жергілікті тілдер, аймақтағы көптеген халық өздерінің төл мәдениетімен қауышу мүмкіндігінен айырылды. Тәуелсіздік алу жағдайды қалпына келтіруге мүмкіндік берді.
Орыс тілді халықтың көп бөлігінің үдере көшуі бұл үрдісті жеңілдете түсті. 1991 жылдан бері Түркіменстандағы орыстардың үштен екісі елден көшіп кетті. Өзбекстанда орыстілді тұрғындардың жартысы, ал ұзақ уақыт азамат соғысын бастан өткерген Тәжікстандағы орыс тілді тұрғындардың 80 пайызы елден көшіп кетті.
АЙМАҚТАҒЫ ТІЛДІК АХУАЛ ӘРТҮРЛІ
Орталық Азияның әр еліндегі жағдай әртүрлі болғандықтан, орыс тілінің ықпалынан арылу үрдісі де біркелкі жүріп жатқан жоқ. Орыс тілді азшылық ұлттары басым Қазақстан мен Қырғызстанда аталған үрдіс баяу жүріп жатыр.
Өзбекстанда керісінше, ел президенті Ислам Каримов тәуелсіздік жарияламай тұрып-ақ өзбек тілін мемлекеттік тіл деп жариялаған болатын. Көршілес Түркіменстанда президент Сапармұрат Ниязов 1991 жылы алғаш болып әліппиді кирилшеден латынға ауыстырған.
Қазір АҚШ-та тұратын Тәшкенттің тумасы Нодра Исамиддова Өзбекстандағы өзгерістердің қарқыны мыңдаған орыс тілді халықтың елден кетуіне түрткі болғанын айтады.
– Бұл тек орыстарға ғана емес, орыс тілімен байланыс жасайтын басқа
Ғалымдар сонымен қатар Орталық Азия елдерінің көпшілігіндегі экономикалық жағдайдың төмендігі тұрғындардың жергілікті тілдерді үйренуі үшін қаржының аз бөлінуіне де мәжбүрлеп отыр деп санайды.
Гарвард университетіндегі Орталық Азияны зерттеу департаментінің бастығы Джон Шоберлэйн аймақтағы көптеген елдердің сыртқы әлеммен және тек өздерінің тілдерінде ғана сөйлейтін аймақтағы әріптестерімен оңай байланыс орнату қабілетінен айырылып қалғандығын жеткізді.
– Орталық Азияның оңтүстігі мен солтүстігіндегі жағдай бір-бірінен мүлдем өзгеше. Мысалы, Орталық Азияның оңтүстігіндегі ел – Тәжікстанның университеттерінде орыс тілі оқытылмайды десе де болады. Ал мектеп оқушылары орыс тілін білмейді. Бұл дегеніміз - олар басқа халықаралық тілдерді білмейді деген сөз. Олар тек тәжік, сосын мүмкін өзбек тілін білетін болар, – дейді ғалым.
ҚЫРҒЫЗ ӨЗ ТІЛІНЕ ДЕН ҚОЯ БАСТАДЫ
Джон Шоберлэйн орыс тілі екінші жағынан Орталық Азияның Қазақстан және Қырғызстан сияқты солтүстік біраз бөлігінде басымдыққа ие болып отыр дегенді айтады.
Осы жылдың басында Қырғызстан президенті Роза Отунбаева жергілікті тілдің қолданылуын жақсартуды талап етті. Ел парламенті президент болғысы келетін адамға қырғыз тілін еркін білуді міндеттеді.
Ал мұнайға бай Қазақстанда билік 2020 жылға қарай елдің барлық
Қазір Ұлыбритания басылымында жұмыс істейтін өзбек журналисі Анара Махмудова жергілікті тілдердің бұлай жандануының басты себебі экономикада жатыр деп санайды.
– Бізде қазір негізінен Ресейде жұмыс істейтін адамдар өте көп. Адамдар да қазір көп тілдің, әсіресе орыс тілінің өздеріне экономикалық және саяси тұрғыдан да пайдалы екендігін мойындай бастады, – дейді өзбек журналисі.
ТҮРКІМЕНДЕР МЕН ТҮРІКТЕРДІҢ БАЙЛАНЫСЫ
Мұндай жағдай Тәжікстанға да қатысты деуге болады. Тәжікстанның ресми статистикасының мәліметтері бойынша, бүгінде елдегі жұмыс күшінің жартысынан астамы сырт елдерде, оның көпшілігі Ресейде жұмыс істейді. Халықаралық Еңбек ұйымының мәліметіне сай, шет елдерде жұмыс істеп жүрген тәжік мигранттарының 2008 жылы Тәжікстанға жіберген қаржылары 2,67 миллиард АҚШ долларына жеткен. Бұл елдің жалпы ішкі өнімінің жартысына жуығын құрайды.
Мыңдаған түркімен студенті Ресей жоғары оқу орындарына оқуға барса
Түркіменстанның өз ішінде ресейлік телеарналардың таралуына шектеу қойылып, олардың орнын түркиялық спутниктік арналар алмастырған. Жабылып қалған орыс мектептерінің орнына қазір түрік мектептері жұмыс істей бастады. Бұған қоса елде 600-ге жуық түрік компаниялары жұмыс істейді.
Қазіргі уақытта орыс тілі – әлі де Орталық Азиядағы ұлтаралық тіл. Бірақ оның да шет тілі болып қалатын күні алыс емес. Себебі Орталық Азияның мыңдаған студенттері жыл сайын әлемнің өзге де елдеріне оқуға аттанып жатыр, әрі бұл елдердегі билік ұлттық тілдерінің мәртебесін арттыруға күш салып жатқандықтан орыс тілі өз мәртебесін қанша уақыт сақтап қалары белгісіз.