Қырым түбегін өзіне қосып алу арқылы Ресей ондағы әдемі жағажайлар мен қонақүйлердің, санаторийлердің қожайыны болып шыға келді. Мәскеу енді Қырымды туристпен толтырмаққа жанталасып жатыр.
1782 жылы Ресей патшайымы Екатерина Қырымды басып алу керек пе, жоқ па деп ойланып отырғанда оның әскери кеңесшісі әрі көңілдесі Григорий Потемкин «Ресейге де бір жұмақ керек қой» деп түбекті жаулап алуға көндірген.
Арада екі ғасыр өткен соң Ресей Қара теңіздегі табиғаты ғажайып түбекті, яғни Потемкин айтқан «жұмақты» қайта басып алды. Бірақ Қырым енді бұрынғыдай туристері ағылған, жағажайына саяси элита өкілдері келіп демалатын «жұмақ аймақ» мәртебесін қайтара ала ма?
Александр Пушкин, Антон Чехов, Лев Толстой сияқты орыстың ұлы классиктері Қырымның кемерет табиғатын тамсана суреттеген. Совет Одағы кезінде бұл түбек Коммунистік партия көсемдерінің, мемлекеттік қызметкерлер мен студенттердің жазғы демалыстарын өткізетін сүйікті мекені болған.
МЕДВЕДЕВТІҢ ЕКІ ТАПСЫРМАСЫ
Совет Одағы тараған соң Қырымның баяғы даңқы көмескі тартып, ондағы инфрақұрылым қараусыз қалды. Ресейліктердің көбі Түркия, Испания, Франция теңіздерінде демалуды әдетке айналдырды. Ал Қырымдағы бұрынғы сән-салтанаттың орнын қарапайым серуеншілер, арзанқол демалыс орындары басқан.
Осы аптада Қырымға барған Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев екі тапсырма берді. Әуелі ол Ресей депутаттары мен мемлекеттік қызметкерлерді жазғы демалыстарын Қырымда өткізуге шақырды. Екінші, мемлекеттік тасымалдаушы – «Аэрофлот» әуе компаниясына Қырымға ұшатын рейстерді көбейтіп, билет бағасын қазіргі 15 мың рубльден 7 мыңға түсіруді тапсырды.
«Қырымда демалу Түркия не Болгария сияқты шетелдерде демалуға қарағанда арзан болуы керек» дейді Медведев.
Жағдайды әп-сәтте өзгерту мүмкін емес. «Аэрофлот» «ұшақ билеттерін арзандату – біздің әлеуметтік жауапкершілігіміз» деген мәлімдеме жасады. Ресей енді Қырымды құмар ойын орталығы ететін жаңа заң жобасын қарастырып жатыр. Алайда туристік компаниялардың айтуынша, саяси тұрақсыздық пен Украинамен соғысу қаупінен биыл Қырымға баратын туристер 30 пайызға азайған. Кремль Ресейдің патриот азаматтары енді Қырымда демалады деп үміттенеді.
Алайда Мәскеу тұрғындарының пікірі әрқилы болып шықты:
«БІРНЕШЕ ЖЫЛ ҚҰЙЫЛАТЫН ИНВЕСТИЦИЯ»
Ресей мемлекеттік «Ростуризм» агенттігінің өкілі Ирина Туринаның айтуынша, Қырымға бұрынғы сәнін қайтару үшін бірнеше жыл қатарынан инвестиция салып, ондағы инфрақұрылымды дамыту керек.
Ресейдің Украинамен қарым-қатынасы нашарлауы кесірінен шекарадан өту қиындап, Қырымға автокөлікпен баратын адамдар күрт азайған. Бірақ Туринаның айтуынша, түптің түбінде ресейліктер жаппай Қырымда демалатын болады.
- Қырым – ресейліктер бала кезінен білетін, сағынып еске алатын аймақ. Тіпті осы күнге дейін Украинаның бір бөлігі болса да, жұрт оны ішкі туризм аймағы деп санайтын. Себебі онда бару үшін паспорт та, виза да қажет емес еді. Оның әсем жағажайы мен табиғаты керемет. Бұған қоса Ресейде қыс ұзақ әрі суық болатынын ескеру керек. Сондықтан, ресейліктердің 80 пайызы теңіз жағасында демалып, жылы суға шомылғанды қалайды. Туризм өнеркәсібі Қырым үшін өте маңызды рөл атқарады. Мұндағы Чеховтың «Ақ дачасына», Ялтадағы неоготикалық стильде салынған «Қарлығаш ұясына», миллион бөтелке шарап шығарған Массандра шарапханасына, жағажайлары мен тауларына жыл сайын алты миллиондай саяхатшы келеді, - дейді ол.
«ЕНДІ ОРЫСТАР КӨП КЕЛЕ БАСТАЙДЫ»
Мұнда демалатын туристердің үштен бірі – ресейліктер, және үштен бірі – украиндар, қалғандары – алыс шетелден келетіндер. Америкалық National Geographic журналы былтыр «саяхаттауға болатын ең жақсы аймақ» тізімінде Қырымды бірінші орынға қойған.
Жергілікті татарлар үйлері мен пәтерлерін жалға беру арқылы туризмнен пайда көреді. Ал үлкен қонақүйлер мен санаторийлер Қырымда көпшілік саналатын орыс ұлты өкілдеріне тиесілі. «Енді Мәскеуден көмек болады» деп Қырымның Ресейге өткеніне қатты қуанғандар да солар.
- Қырымды Ресей қосып алған соң «енді мұнда орыстар бұрынғыға қарағанда көп келе бастайды» деп жұрттың бәрі қуанды. Былтыр мұнда келген ресейліктер мен украиналықтар саны бірдей болған. Ал қазір Украинада болып жатқан оқиғалардың кесірінен мұнда биыл украиндықтар көп келе қоймас. Онда экономикалық жағдай да нашар. Біз - қазір басқа елміз. Сондықтан мұнда енді ресейліктер келеді деп үміттенеміз, - дейді Дарья есімді Ялтадағы қонақүй қызметкері.
(Любовь Чижова мен Дейзи Синделардың мақаласын ағылшын тілінен аударған – Мұхтар Екей)
Арада екі ғасыр өткен соң Ресей Қара теңіздегі табиғаты ғажайып түбекті, яғни Потемкин айтқан «жұмақты» қайта басып алды. Бірақ Қырым енді бұрынғыдай туристері ағылған, жағажайына саяси элита өкілдері келіп демалатын «жұмақ аймақ» мәртебесін қайтара ала ма?
Александр Пушкин, Антон Чехов, Лев Толстой сияқты орыстың ұлы классиктері Қырымның кемерет табиғатын тамсана суреттеген. Совет Одағы кезінде бұл түбек Коммунистік партия көсемдерінің, мемлекеттік қызметкерлер мен студенттердің жазғы демалыстарын өткізетін сүйікті мекені болған.
МЕДВЕДЕВТІҢ ЕКІ ТАПСЫРМАСЫ
Совет Одағы тараған соң Қырымның баяғы даңқы көмескі тартып, ондағы инфрақұрылым қараусыз қалды. Ресейліктердің көбі Түркия, Испания, Франция теңіздерінде демалуды әдетке айналдырды. Ал Қырымдағы бұрынғы сән-салтанаттың орнын қарапайым серуеншілер, арзанқол демалыс орындары басқан.
«Қырымда демалу Түркия не Болгария сияқты шетелдерде демалуға қарағанда арзан болуы керек» дейді Медведев.
Жағдайды әп-сәтте өзгерту мүмкін емес. «Аэрофлот» «ұшақ билеттерін арзандату – біздің әлеуметтік жауапкершілігіміз» деген мәлімдеме жасады. Ресей енді Қырымды құмар ойын орталығы ететін жаңа заң жобасын қарастырып жатыр. Алайда туристік компаниялардың айтуынша, саяси тұрақсыздық пен Украинамен соғысу қаупінен биыл Қырымға баратын туристер 30 пайызға азайған. Кремль Ресейдің патриот азаматтары енді Қырымда демалады деп үміттенеді.
Алайда Мәскеу тұрғындарының пікірі әрқилы болып шықты:
Your browser doesn’t support HTML5