Еуропарламентке сайлау науқаны жүріп жатқан Чехияда исламофобиялық саяси жарнама қоғамда пікірталас тудырды.
Рухани азғындау, зорлық-зомбылық тақырыбы тек көркем фильмдерде ғана емес, сайлау кезінде де бой көрсетті.
«ХРИСТИАН ӨРКЕНИЕТІН ҚОРҒАУ»
Жақында Данияда жастарды сайлауда белсенділік танытып, дауыс беруге үндейтін мультипликациялық жарнама эфирден алынып тасталды. Онда бірнеше әйелмен көңіл қосқан ер адам дауыс беруге қатысушы ретінде сипатталады, әрі ол дауыс бермеген басқа жұртты айуандықпен жазалайды.
Чехияда Еуропарламентке сайлау төңірегінде тағы бір төтенше оқиға болды. Еуропарламентке сайланудан үміткер Яна Вольфова мен оның «Егемендік» партиясы еуропалық-христиандық өркениетті сақтап, мұсылмандарды қабылдамайтын саяси видеожарнама жасап шығарды.
Диктор «Сіз шынымен Аллаға күніне бес мәрте иілгіңіз келе ме?» деген сұрақ қойғанда Еуропа Одағының туы түстес бейнеден қап-қара киім киген адамның сұлбасы пайда болады.
Қараңғылықтың ар жағынан «Қызыңыздың не немереңіздің беті-басын тұмшалап жүргенін, жігітін сүйгені үшін өлтірілгенін қалайсыз ба?» деп сұрақ қойған Яна Вольфова Еурокомиссиядан иммиграциялық саясатты күшейтуді талап етеді. Мұнда оның Еуропарламентке сайлануы жөнінде ештеңе айтылмайды.
– Біз Еуропаның исламдануына қарсымыз, - дейді Вольфова.
«Өз еліңді әлдекімдердің ұрлауына жол берме. Еуро-христиан өркениетін қорғауға кел» дейді жарнамадағы дауыс.
Еуроскептикалық көзқарас ұстанатын «Егемендік» партиясы Чехияның бұрынғы президенті Вацлав Клаустың саясатына қайтып оралатын платформа ұсынбақ ниетте. Ұзақ жыл ел басқарған Клаус Еуропа Одағы құрамында чехтардың «бірегейлігі жойылып кетеді» деп, аса сақ сыртқы саясат ұстанғаны белгілі.
Партия төрайымы Яна Бобошикова да, ол басқаратын «Егемендік» партиясы да «чехтардың ұлттық мүдделерін қорғауды» мақсат етеді. Бобошикованың ел ішінде саяси карьера жасауына еуропашыл қарсыластары «көмектесті» десе болады. 2004 жылы Еуропарламентке сайлауды пайдаланып, еуроскептиктерді өз жағына тарту арқылы ол ел арасында үлкен беделге ие болды.
«ЕУРОПАДАҒЫ ИСЛАМСЫЗ АРАЛ»
Сырттай қарағанда зайырлы ұлт болып көрінгенімен, чехтар осы ғасырда Исламға көлеңке түсірген екі оқиғаға қатысты пікірталасқа араласуға мәжбүр болды. Оның бірі – 11 қыркүйек оқиғасы болса, екіншісі – 2013 жылғы Бостонда болған жарылыс.
Чех саясаткерлерінің, соның ішінде қазіргі президент Милош Земанның айтуынша, 11 қыркүйекте ұшақты айдап әкеткен «Әл-Қаида» мүшесі Мұхаммед Атта «Прагадағы ирактық сыбайласымен ақылдаса отырып осы зұлымдыққа барған». Ал CNN және басқа да ақпарат құралдары Бостондағы жарылысты
ұйымдастырды деп айыпталған ағайынды Царнаевтардың ұлтын шешен деудің орнына, чех деп шатасып, чехтердің ашу-ызасын туғызған.
Чех халқының Исламды жақын танып-білуіне мүмкіндіктер аз болды. Елдегі 10 миллион тұрғынның бар болғаны 0,1 пайызы ғана мұсылман. Содан да болар, былтыр Tyden басылымы Чехияны «Еуропадағы Исламсыз арал» деп атаған.
Еуропарламентке кіру мүмкіндігі бар және бір партия – тегі жапон бизнесмен Томио Окамура құрған «Тікелей демократияның арайы» партиясы. Окамураның өзі Чехия саяхат агенттіктері қауымдастығының белді мүшесі әрі иммиграцияны тоқтатуды жақтап жүрген саясаткерлердің бірі.
Осы шектен шыққан исламофобтық ұрандарды сараптай келе елдегі Respekt апталығы 20-ғасырдың ұлы гуманисті Вацлав Гавел сияқты тұлғаның жетіспей тұрғанын айтты. Газеттің жазуынша, осының кесірінен Еуропарламентке депутат сайлау науқаны кезінде саясаткерлер «чех саяси мәдениетінің қалыпты шегінен асып кетіп жатыр».
Энди Хейлдің материалын ағылшын тілінен аударған – Мұхтар Екей.