Франция прокуратурасы қазақстандық оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовты экстрадициялау мәселесін қарап жатыр. Ал Алматы мен Астанадағы белсенділер оны Қазақстанға қайтармауды өтінді.
Францияның Экс-ан-Прованс қаласының прокуроры Соланж Леграның Азаттық тілшісіне айтуынша, сол елдегі Муан-Сарту қаласында 31 шілдеде ұсталған Мұхтар Әблязов 1 тамыз күні экстрадиция туралы талаппен танысқан соң Экс-ан-Прованс маңындағы Люинь қаласының тергеу изоляторына жіберілген.
- Өтініш берген ел - Украина бізге қажетті құжаттарды жолдауы керек. Әрі кеткенде 40 күннің ішінде ол құжат жетуі тиіс. Одан соң бұл құжаттар жайлы Әблязов мырза мен адвокаттарын хабардар етемін. Бұдан кейін бес күннің ішінде шешім шығаруы тиіс сотқа беруім керек. Оны экстрадициялайтын болса да, іс 2014 жылдың көктеміне дейін жүзеге аспайды, - дейді прокурор Соланж Легра.
Бұған дейін Мұхтар Әблязов отбасының адвокаты Азаттыққа берген сұқбатында Әблязовтың саяси босқын мәртебесі бар екенін ескертіп, экстрадиция жайлы сот шешімі шыққанша бостандықта жүруге өтініш беруіне де боларын айтқан еді. Француз прокурорының сөзінше, Әблязов экстрадицияға байланысты өзге ірі істердің кейіпкері сияқты қамауда отырады.
- Ол бостандықта жүру жайлы да өтініш бере алады. Бірақ Францияда мекенжайы, тұрағы болмағандықтан қаншама ірі көлемде кепіл төлесе де, босап шығуы неғайбыл, - дейді Соланж Легра.
Соланж Леграның айтуынша, Мұхтар Әблязовты экстрадициялау жайлы бірнеше елден өтініш түскен, бірақ Франция тек Украинаның өтінішін ғана қарап жатыр.
- [Экстрадациялау туралы өтініші берушілер қатарында] Қазақстан да бар. Алайда ол елге бере алмаймыз, екі арада ондай келісім жоқ. Ресей де бар. Бірақ ол елдің талабын әлі қарастырамыз. Өйткені бізде талаптың негізді екенін анықтайтындай толық ақпарат болмады, - дейді прокурор.
Франция 30 мемлекетпен (арасында Ресей және Украина да бар) Еуропалық экстрадициялау туралы конвенцияға қол қойған. Бірақ Қазақстанмен ондай келісімі жоқ.
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БЕЛСЕНДІЛЕР ТАЛАБЫ
Тамыздың 1-і күні Астанадағы бір топ белсенді қуғындағы оппозициялық саясаткер, бұрынғы банкир Мұхтар Әблязовтың ұсталғанына байланысты Франция елшілігіне хат тапсырды. Белсенділер Франция президенті Франсуа Олландтың атына хат жазып, Мұхтар Әблязовты Қазақстанға қайтармауды, соттаған жағдайда да оны Францияның өзінде соттауды сұраған.
ВИДЕО: Астанадағы Франция елшілігіне хат тапсыру
Сол күні Алматыда да бір топ белсенді Франсуа Олландтың атына хат жазып, Франция консулдығына тапсырған. Хат тапсыруға жиналған 30 шақты адам Франция президентінен Мұхтар Әблязовты Қазақстанға экстрадицияламауды өтінген.
ВИДЕО: Алматыдағы Франция консулдығына петиция тапсыру
ӘБЛЯЗОВТЫҢ ШЕТЕЛГЕ ҚАШУ ТАРИХЫ
Қазақстанның энергетика министрі болып қызмет атқарған Мұхтар Әблязов 2000 жылдардың басында оппозицияға өтіп, президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сыншысына айналған еді. 2002 жылы Мұхтар Әблязов "заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты" және "қызмет өкілетін асыра пайдаланды" деген айыппен 6 жылға сотталған. Бір жылдан соң ол президент рақымшылығымен босап шыққан.
2005-2009 жылдары "БТА банктің" директорлар кеңесінің төрағасы болған бұрынғы жоғары лауазымды шенеунік, бизнесмен Мұхтар Әблязов 2009 жылы банкті Қазақстан үкіметі мемлекет меншігіне алған соң Лондонға кетіп қалған. Кейінірек Ұлыбритания оған саяси баспана берген.
Қазақстан үкіметі Әблязовты 5 миллиардқа жуық АҚШ долларын жымқырды деп айыптап, Ұлыбритания сотына жүгінген. Ал Мұхтар Әблязов өзіне қатысты қозғалған істердің саяси астары бар деп мәлімдеп келеді. 2011 жылы Қазақстан Ұлыбританияға Әблязовты экстрадициялау туралы өтініш түсірген.
2012 жылғы ақпанда Лондон соты Мұхтар Әблязовті "сотты құрметтемегені" үшін 22 айға қамауға алып, активтерін құрсаулауға үкім еткен еді. Онымен келіспеген Әблязов наурызда апелляциялық шағым жазған. Қараша айында Ұлыбританияның апелляциялық соты ақпанда шығарылған шешімді күшінде қалдырған.
2012 жылғы қарашада Лондонның жоғарғы соты қуғындағы бизнесмен Мұхтар Әблязовтан қазақстандық БТА банктің пайдасына 2,1 миллиард АҚШ долларын өндіріп алу туралы үкім шығарған. 2013 жылы 31 шілдеде Францияда ұсталғанша оның қайда тұрып келгені белгісіз болатын.
ВИДЕО-САУАЛНАМА: Әблязовты кім деп білесіз?
Бұған дейін, 2013 жылы 31 мамыр күні Италия полициясы Мұхтар Әблязовтың әйелі Алма Шалабаева мен кәмелетке толмаған қызы Алуаны Римде тұрып жатқан жерінен ұстап, Қазақстанға депортациялаған.
Ал 22 шілдеде Испания соты Мұхтар Әблязовтың оққағары Александр Павловты экстрадициялау туралы Қазақстан бас прокуратурасы берген өтінішті қанағаттандырды. Қазақстан қаржылық алаяқтық пен терроризм бойынша айыптар таққан Павлов биыл сәуір айында Испанияда тұтқындалған.

Your browser doesn’t support HTML5