Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Германияда осы елдің канцлері Ангела Меркельмен келіссөздер жүргізді. Қазақстан мен Германия құны 4 миллиард долларлық келісім-шарт жасасты.
Германияның экономика және технология министрінің айтуынша, Назарбаев пен Меркель қол қойған 3 миллиард еуроға (4 миллиард АҚШ доллары) тең шарттар аясында 50 шақты келісім жасалған.
- Біз жер қойнауы, сирек металдар, химия, фармацевтика, металлургия, мұнай, газ саласында жұмыс істеуді ұсынамыз. Немістердің Қазақстанға өз технологиясы мен құралдарын ала келуін өтінеміз, - деді Қазақстан президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «постсоветтік кеңістіктегі интеграцияға жақын адам» екенін, әріптестеріне «үнемі Еуропа одағын мысал ететінін» айта келе:
- Мені жерге қаратпассыздар деп сенемін, - деді.
«ГЕРМАНИЯ НЕ ІСТЕР ЕДІ?»
Deutsche Press («Дойче пресс») агенттігінің хабарлауынша, бұл кездесуде 17 адам (ресми есеп бойынша) көз жұмған Жаңаөзен оқиғасы да сөз болды.
Қазақстан президенті Жаңаөзен оқиғасы кезінде «полицияның ісі дұрыс болды, өкінішке қарай, адамдар қаза тапты» дей келе:
- Германияда тәуелсіздік күні ондаған мас жігіт адамдарды сабап, балаларды ұрып, микрофонды сындырып, азғантай ғана полицейлерді жараласа, не істер едіңіздер? - деп сұрады.
Германия канцлері Ангела Меркель бұл оқиғаны тексеруді қолдайтынын айтты.
- Жаңаөзендегі жұмысшылар мерт болған оқиға туралы сөйлестік. Президенттің ол оқиғаны тексеретін тергеу комиссиясын құрғанын толық қолдаймын, - деді Ангела Меркель.
БЕРЛИНДЕГІ ЕКІ ТОП
Қазақстан президенті Назарбаев Германияға ақпанның 7-сінде, екі күндік ресми сапармен барған еді. Бұл - Қазақстан президентінің 17 адам қаза тапқан Жаңаөзен оқиғасынан кейінгі Еуропаға алғашқы сапары.
Кеше Берлин қаласында Нұрсұлтан Назарбаевты қарсы алу салтанатында германиялық азаматтық белсенділер наразылық акциясын ұйымдастырды.
Осы
шараға қатысқан Раушан Толғанбаеваның айтуынша, акцияны ұйымдастырушылар Жаңаөзен мен Шетпедегі оқиғаларға әділ тергеу жүргізуді, оппозицияны қудалауды тоқтатуды талап еткен.
Наразылық танытушылардың акциясымен қатар Назарбаевты қолдайтын адамдар тобы да Қазақстан президентін сол жерде қарсы алған.
МЕРКЕЛЬГЕ ХАТ
Нұрсұлтан Назарбаевтың Германияға сапарына бір күн қалғанда, яғни ақпанның 6-сында Human Rights Watch (HRW) ұйымы Германия канцлері Меркельге хат жазып, Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуінде Қазақстандағы адам құқықтары мәселелерін көтеруді және Жаңаөзен оқиғасында полиция оғынан қаза тапқан әр адамның өліміне қатысты тергеулердің жеке әрі ашық жүргізілуін талап еткен.
Бұған қоса HRW ұйымы «Қазақстан билігі белсенділерге «әлеуметтік араздықты
қоздыру» туралы екіұшты айып тағудан бас тартуы керек» деп мәлімдеген еді.
Қазақстан президентінің Германияға сапарынан бір апта бұрын, қаңтардың 31-і күні Еуропарламент комиссиясының Жаңаөзенге қатысты тыңдауы өткен еді. Онда қазақстандық және ресейлік журналистер, әлеуметтік белсенділер Жаңаөзен абақтыларындағы азаптау оқиғаларын баяндаған.
Қазақстанның азаматтық белсенділері Нұрсұлтан Назарбаевтың Берлинге сапары қарсаңында Германия канцлері Ангела Меркельге Жаңаөзен оқиғасы жөнінде хат жазып, Қазақстан президентін қабылдамауын сұраған еді.
«АЛ БЕЛАРУСЬ МҰНАЙ МЕН ГАЗҒА КЕДЕЙ»
Полиция атқан оқтан 17 адам қаза тапқан Жаңаөзен оқиғасынан кейін де Қазақстан президенті Назарбаевты Германия канцлері Меркельдің ресми қабылдауының астарын Азаттық тілшісі саясаткерлерден сұрады.
Германия канцлері Меркельге жазылған хатқа қол қойғандардың бірі, оппозиция
белсендісі Ғазиз Алдамжаров:
- 150 кісідей қол қойып, Меркельдің атына жібердік. «Халыққа қарсы қару қолданды, көп нәрсенің бағасы әлі берілген жоқ - тұра тұрыңыз» деп сұрадық. Жауап ала алмадық. Батыс билігінің көзқарасы басқа. Оларға өз елінің мүддесі, мұнай, газ керек. Қазақстанда не болып жатқанына мән бермейді. Өз елінің мәселесі шешілсе болғаны, - дейді.
Ғазиз Алдамжаров Еуропаның Беларусь президенті Лукашенкоға 2011 жылы қаңтардағы президент сайлауын «әділетсіз өткізді» деп бойкот жариялағанын да айтып өтті.
Еуропаның Беларусь президентіне Шенген аймағына кіруге тыйым салу себебін «Батыс елдеріне керегі - мұнай мен газ. Ал Беларусь мемлекеті бұл байлықтарға кедей» деп түсіндірді саясаткер.
МҰНАЙ, ГАЗ, УРАН ЖӘНЕ АУҒАНСТАН
Саясаткер Төлеген Жүкеевтің ойынша, «Меркельдің Жаңаөзен оқиғасын білмей отыруы мүмкін емес. Назарбаевтың ресми сапарына дайындалған кезде Қазақстандағы Германия
елшілігінен олар Қазақстанның ішкі жағдайы туралы мәлімет алады».
- Мұнай, газ, уран және Ауғанстан - осы төрт мәселе олардың көзін жауып, ештеңені көргісі келмей отыр. Назарбаевты қабылдап жатыр. Осы төрт нәрсе үшін Еуропа Қазақстанда бостандық жоғына, демократия мәселелеріне көз жұма қарайды, - дейді Төлеген Жүкеев.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДЕМОКРАТИЯСЫ, ГЕРМАНИЯНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫ
Еуропа елдері бұған дейін Орталық Азия мемлекеттерінің бірі - Өзбекстанның басшысы Ислам Каримовты 2005 жылғы 13 мамырдағы Әндіжан оқиғасынан кейін (ресми есеп бойынша, 187 адам қайтыс болған) бірнеше жыл бойы қабылдамай қойған еді.
Саясаткер Петр Своик «Каримов Назарбаев сияқты «Еуропаға жол» тәрізді бағдарламаларын ешқашан жариялаған емес, ешқашан
«түпкі мақсатым - демократиялық мемлекет құру» деп мәлімдемеген» дейді.
- Ал Назарбаев мұндай мақсаттарды жариялап келеді. Еуропа оны осы ісі үшін қолдады. Қазақстанға ЕҚЫҰ төрағасы болу мүмкіндігін берді. Әзірше Қазақстан да, Еуропа да осы ойындарын жалғастырып отыр. Сондықтан Меркель де Қазақстанмен арадағы көп жылдар бойы қалыптасқан қарым-қатынастарды бұзбайды. Өйткені Меркельге Қазақстан демократиясының дамуынан гөрі Германия экономикасының дамуы, сирек металдар мәселесі көбірек керек, - дейді Петр Своик.
- Біз жер қойнауы, сирек металдар, химия, фармацевтика, металлургия, мұнай, газ саласында жұмыс істеуді ұсынамыз. Немістердің Қазақстанға өз технологиясы мен құралдарын ала келуін өтінеміз, - деді Қазақстан президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «постсоветтік кеңістіктегі интеграцияға жақын адам» екенін, әріптестеріне «үнемі Еуропа одағын мысал ететінін» айта келе:
- Мені жерге қаратпассыздар деп сенемін, - деді.
«ГЕРМАНИЯ НЕ ІСТЕР ЕДІ?»
Deutsche Press («Дойче пресс») агенттігінің хабарлауынша, бұл кездесуде 17 адам (ресми есеп бойынша) көз жұмған Жаңаөзен оқиғасы да сөз болды.
Қазақстан президенті Жаңаөзен оқиғасы кезінде «полицияның ісі дұрыс болды, өкінішке қарай, адамдар қаза тапты» дей келе:
Германияда тәуелсіздік күні ондаған мас жігіт адамдарды сабап, балаларды ұрып, микрофонды сындырып, азғантай ғана полицейлерді жараласа, не істер едіңіздер?