Қазақстандағы халал тағамдардың сапасы қандай?

Татарстанның халал майонезі.

Қазақстанда қолданысқа еніп, кең тарала бастаған халал тағамдар халық арасында үлкен сұранысқа ие болып отыр. Бірақ оның сапасын сынайтындар да бар.



«Халал» - рұқсат етілген нәрсе деген ұғымды білдіреді, оған қарама-қарсы «харам» сөзі - тыйым салынған деген мағынада қолданылады.

Ресми дерек бойынша, Қазақстанда арнайы сертификат иеленген 400-ге жуық халал өнім өндірушілер бар. Оларға қойылатын басты талаптар: мал бауыздайтын қасапшылардың мұсылман болуы және сойылатын малдың ауру болмауы назарда ұсталуы керек. Сойылуға тиіс қай жануардың түрі болмасын, тоқпен немесе басқа да ауыр құралдармен ұрып өлтірілмеуі тиіс.

Халал тағамдар талапқа сай өндіріле ме, қалай дайындалады және халал тағамдар тұтынушылар көңілінен шығып отыр ма деген сауалдар төңірегінде дайындалған талдау хабарды Азаттықтан тыңдай аласыздар.