Қызылордада тұратын Қызылгүл Боранбаева биыл 110 жасқа толды. Өзбекстаннан келгеніне сегіз жылдан асса да, ол Қазақстан азаматтығын ала алмай отыр. Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы бұл жағдайдан бейхабар болса, көші-қон мекемесі әженің атынан азаматтық алуға арыз түспегенін айтты.
Ақтөбе қаласының іргесіндегі Қызылжар ауылында күдіктілерді қолға түсіру операциясынан кейін Аманбай Аңдабаевтың әулеті вагонда тұрып жатыр.
БТА банктің 2008 жылдан бері борышкері, Павлодар қаласының тұрғыны Жоламан Нұркенова қарызын өтей алмағандықтан банк оның үйін 20 мың долларға сатып жіберген.
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы Қыркеңсе аулында тұратын Әбсаттар Мырзабековтің үш әйелі бар. Үш әйел де бақытты екендерін, күйеулерінің өздерін алаламайтындығын айтады.
Екі қолы жоқ чемпион Сиязбек Далиев туралы Азаттықта жарияланған мақаладан кейін бір азамат спортшыға көмектесіп, 200 мың теңге аударды.
12 жасында екі қолынан бірдей айрылған Сиязбек Далиевтің спортпен айналысқанына екі жыл болған. Ол қазір – суда жүзуден жастар арасында Қазақстан чемпионы.
Алматыда мерекелік шараның алғашқы күні Астана алаңынан басталды. Жиналғандар наурыз көжеден дәм татып, концерт тамашалады.
Сайлауға бойкот жариялап, «елбасы, орныңды босат» деген сөзді ұран еткен сайт ашылды. Ал оппозиция өкілдері кандидаттарды сайлау додасынан шығуға шақырды.
Ақпанның 12-і күні Алматының барлық орта мектептері Сара Назарбаеваның 70 жасқа толу мерейтойына сәйкес сынып сағаттарын өткізді.
Оралда президент өкілетін ұзартуға қарсы шыққандарға сот үкім шығарып үлгірді. Ал оппозиция өкілдері президент Назарбаевтың жарлығына қарамастан «Ақорданың сценариі бойынша» референдумның бәрібір өтетіне сенімді.
Салтанатты сөзінде президент Назарбаев мамырдың 1-і күні жаппай шеру ұйымдастыру туралы ұсыныс жасады. Тәуелсіздік күніне арналған биылғы баяндамасында президент "демократия" сөзін бір де бір мәрте айтпады.
Қазақстанда қолданысқа еніп, кең тарала бастаған халал тағамдар халық арасында үлкен сұранысқа ие болып отыр. Бірақ оның сапасын сынайтындар да бар.
Жұмысшылар құқығын қорғауға тиіс кәсіподақ ұйымдары еңбек адамының емес, жұмыс берушінің құқығын қорғаумен айналысады деп шағымданады Азаттық радиосына пікір білдірген түрлі сала жұмысшылары. Ал кәсіподақ ұйымдарының төрағалары дағдарысқа қарамастан, оларға қолдан келгенше жағдай жасап отырмыз дейді.
Америкалық «Бостандық» үкіметтік емес ұйымы қазақ журналисі Рамазан Есіргеповты түрмеден шығаруға күш салмақ. Журналистың зайыбы оларға Есіргеповтың атынан іс-әрекет етуге рұқсат беретін құжаттарды дайындап жатқандығын айтты.
Қазақтың данышпан ақыны Абайдың ғақлиялары - ұлы ойшылдың философиялық көзқарасының мәйегі. Жас ұрпаққа ақын мұрасын қалай насихаттап жатырмыз деген мәселені Азаттық радиосынан тыңдаңыздар.
Эдгар Салдузидің әйелі ерінің жоғалып кеткенін оның жұмысымен байланыстырады. Жоғалған бизнесмен мен Қазақстан президентінің інісі Болат Назарбаевтың бұрынғы әйелі арасындағы дау-шар баспасөзде көптен бері сөз болып жатыр.
Ақмола облысы Зеренді ауданы Гранитный елді мекенінде орналасқан жалпы режимдегі түрмеде бүлік шыққаннан бері ата-аналардың айтуынша түрме әкімшілігі сотталушыларды туысқандарымен де, адвокаттармен де кездестіруден бас тартып отыр.
Тағы