Сочи олимпиадасына келген қонақтардың ішінде шетелдегі черкес диаспорасы өкілдерінің делегациясы да бар. Олар олимпиадалық паркте ашылған «Адыг үйін» аралап, черкес халқының тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрі және тарихи мұрасы туралы экспозияциялық көрмемен танысады. Бұл тарихи мұра туралы көзқарас қарама-қайшы: Кавказдың Қара теңіз жағалауын отарлай бастаған Ресейге черкестер 19-ғасырда қатты қарсылық көрсеткен.
1820 жылдан 1864 жылға дейін созылған Кавказды жаулау соғысы кезінде патша әскерлері черкестердің көбін жойып жіберген, біразы жан-жаққа бытырап кеткен, әсіресе Осман империясына қарай ығысқан. Енді Сочидегі көрмені сол заманда өмір сүрген черкестердің бүгінгі ұрпақтары көруге келген сияқты. Ресей мен шетелдегі бірқатар черкес ұйымдары 19-ғасыр ортасындағы оқиғаны черкес халқына қарсы геноцид деп тануды талап етеді. 1990 жылдардың басында Адыгей және Кабардин-Балқар парламенттері бұл мәселе жөнінде тиісті қаулы да қабылдаған.
Мәскеулік тарихшы, Ресей ғылым академиясының (РҒА) өркениет және аймақтық зерттеулер орталығының аға ғылыми қызметкері Наима Нефляшева орыстардың қазіргі Үлкен Сочи аймағын отарлау тарихы туралы Азаттықтың Орыс қызметіне сұхбат берді.
– Қара теңіз жағалауының қазіргі топономикасында бұрын бұл аймақты черкестердің мекендегенін білдіретін атаулар сақталып қалған. Анапа, Жұбға, Ағой, Дағомыс, Туапсе, Лоо, Мацеста, Сочи сияқты жұртқа таныс атаулар бұл жерлерді черкес халқы мекендегенінен хабар береді.
Черкес халқының субэтникалық топтарының бірі – шапсугтер. Түрлі тарихи деректер бойынша, олардың саны шамамен 300-370 мың адам болған. Тарихи
отанынан қуылып, соғыс және депортация кезінде көп адамынан айырылған шапсугтер нағыз демографиялық апатқа ұшырады. Шапсугтер сол заманда бастан кешкен қасіреттен еңсесін көтере алмады, черкестердің бұл тобының саны қазір 10 мың адамнан аспайды. Олар қазір көбінесе Туапсе және Лазарев аудандарының таулы 13 ауылында тұрады. Бұлар – 1864 жылға дейін шапсугтер тұрған ауылдар емес, көбі жаңадан құрылған ауылдар. Кейбір ауылдардың халқын басқа жаққа көшіріп, ал кейбір ауылдарды біріктірген.
Қазіргі Сочи қаласы орналасқан жерде негізінен шапсугтер мен убыхтар тұрған. Тағдыры шапсугтерден де қиын болған убых халқы кейін жер бетінен мүлде құрып кетті. Аты-жөні убых тегімен жазылатын адамдар әлі бар, мысалы, Берзег (Берзегов) деген белгілі фамилия осы халықтан шыққан. Бірақ қазір убых деген халық жоқ. Кезінде Түркияға қуылған убых халқы сол жақта құрып кетті. Соңғы убых адамы өткен ғасырда қайтыс болған. Ал убых тіліндегі жазбаларды РҒА тілтану институтында жұмыс істеген белгілі лингвист, профессор Мұхадин Құмахов қалдырды. 1992 жылы қайтыс болған Тевфик Эсенч әлемде убых тілін білетін соңғы адам еді.
– Орыстар Сочи жерін қалай игерді?
– Жергілікті халықтан босатылған ауылдар көпке дейін бос жатты. Алғашқы орыс қоныстары отставкаға шыққан матростар мен казактар сала бастаған әскери бекіністер негізінде пайда болды. Қазіргі Сочи қаласы тұрған тұста әуелі Александрия бекінісі салынды. Кейін оның атауын осында соғысқан полктің құрметіне Навагинск деп өзгетті. Кейін бұл өлкеге славяндар ғана емес, армяндар, эстондар, гректер, поляктар сияқты басқа этникалық топтар да қоныстана бастады. Қазіргі Үлкен Сочи тұрған жерді отарлау әсіресе 19-ғасырдың 60-70 жылдары қарқынды жүрді. Мұнда славян халықтарымен бірге, бірінші дүние жүзілік соғыс кезінде Понт гректері, Түркия армяндары да қоныстана бастады.
– Кавказдағы орыс басқыншылығын «геноцид» деп тану туралы черкестердің бір бөлігінің талабы – әлі шешілмеген мәселе. 19-ғасырдың басы мен ортасында соғыс жүргізу заңдары мен ережелерін реттейтін қазіргі замандағы сияқты халықаралық этика, заң болған жоқ. Мұндай заңдар өткен ғасырдың басында ғана жасала бастады. Ал патша әскерінің сол кездегі іс-қимылдары бүгінгі күн тұрғысынан қарағанда, халықты жаппай қырып-жою, депортациялау сияқты әскери қылмысқа жатады. Ол замандағы оқиғаны геноцид деп атау дұрыс па?
– Кавказды отарлауды емес, 1864 жылға дейін жүргізілген соғыс қимылдарын «геноцид» деп атау керек. 1990 жылдардың басында Адыгей және Кабардин-Балқар парламенттері бұл оқиғаға өз бағасын беріп, заң жүзінде геноцид деп таныды. Мен екі парламенттің бұл шешімімен келісемін.
– Орыстар Кавказға басып алғанға дейін черкестер қандай халық еді, олар немен шұғылданды?
– Олар жер өңдеумен айланысты. Бұл тақырып бойынша ең белгілі тарихи еңбек – британдық саяхатшы Эдмонд Спенсердің 1830 жылдары Англияда жарияланған
«Черкесияға саяхат» деген күнделік жазбалары. Спенсер «мені черкестердің қолы жеткен жерді өңдеп, кәдеге жарататын шаруақорлығы, ауылдарының тазалығы мен ұқыптылығы таңдандырды» деп жазады. Черкестер тіпті бидайды, ара балын, балауызды, жылқы малын сыртқа экспорттаған. Қазіргі саясаттану тұрғысынан алғанда, черкестерде мемлекеттік белгілер болмаған. Бірақ черкестерде қоғам өмірін реттеп отыратын институттары болған. Қара теңіз жағалауын мекендеген бұл субэтникалық топтарды кейде демократиялық топтар деп атайды. Өйткені оларды князьдар басқармаған, бүкіл мәселелерді жалпы жиналыстың талқысына салып шешіп отырған. Осы демократиялық рух қазіргі шапсугтерде де байқалады.
– Сочи аймағын курортқа айналдыру қашан басталды?
– Курортқа айналдыру 19-ғасырдың аяғында басталып, ал совет өкіметі тұсында
– 1930 жылдары Сочиді түбегейлі қайта жаңарту жобасы қабылданды. Кремль Совет одағының Ривьера сияқты бетке ұстар курорты болуы тиіс деп санады. Шынын айту керек, Сочиді қайта жаңарту жобасы жүдеп-жадаған курортты қалашықты қазіргі заманға сай шаһарға айналдырды. Бұрын мұнда су құбыры да, жол да, басқа инфрақұрылымдар да болған жоқ.
– Қаңырап қалған шапсуг ауылдары өлке аймағында қазір де бар. Қара теңіз жағалауын мекендеген Кавказ халықтарынан қалған материалдық мәдениет ескертікіштері бар ма?
– Бүкіл Қара теңіз жағалауын археологиялық «Клондайк» деуге болады. Әлі толық зерттелмегенімен, жұрт дольмен мәдениетімен жақсы таныс. Дольмендер – ежелгі діни құрылыстар мен қорым-тастар. Өткен ғасырдың ортасында Қара теңіз жағалауында көптеген археологиялық экспедициялар жұмыс істеді. Биік таулардың үстінде әлі де терең зерттеуді қажет ететін дольмендер бар. Оның үстіне, кейбір шапсуг ауылдары мен усадьбаларда Кавказ соғысында қаза тапқан орыс жауынгерлері жерленген зираттар бар. Оларды жергілікті тұрғындар күтіп, қарайды, – дейді тарихшы Наима Нефляшева.
(Андрей Шарый жүргізген сұхбат орысшадан аударылды)
Мәскеулік тарихшы, Ресей ғылым академиясының (РҒА) өркениет және аймақтық зерттеулер орталығының аға ғылыми қызметкері Наима Нефляшева орыстардың қазіргі Үлкен Сочи аймағын отарлау тарихы туралы Азаттықтың Орыс қызметіне сұхбат берді.
– Қара теңіз жағалауының қазіргі топономикасында бұрын бұл аймақты черкестердің мекендегенін білдіретін атаулар сақталып қалған. Анапа, Жұбға, Ағой, Дағомыс, Туапсе, Лоо, Мацеста, Сочи сияқты жұртқа таныс атаулар бұл жерлерді черкес халқы мекендегенінен хабар береді.
Черкес халқының субэтникалық топтарының бірі – шапсугтер. Түрлі тарихи деректер бойынша, олардың саны шамамен 300-370 мың адам болған. Тарихи
1992 жылы қайтыс болған Тевфик Эсенч әлемде убых тілін білетін соңғы адам еді.
Қазіргі Сочи қаласы орналасқан жерде негізінен шапсугтер мен убыхтар тұрған. Тағдыры шапсугтерден де қиын болған убых халқы кейін жер бетінен мүлде құрып кетті. Аты-жөні убых тегімен жазылатын адамдар әлі бар, мысалы, Берзег (Берзегов) деген белгілі фамилия осы халықтан шыққан. Бірақ қазір убых деген халық жоқ. Кезінде Түркияға қуылған убых халқы сол жақта құрып кетті. Соңғы убых адамы өткен ғасырда қайтыс болған. Ал убых тіліндегі жазбаларды РҒА тілтану институтында жұмыс істеген белгілі лингвист, профессор Мұхадин Құмахов қалдырды. 1992 жылы қайтыс болған Тевфик Эсенч әлемде убых тілін білетін соңғы адам еді.
– Орыстар Сочи жерін қалай игерді?
– Жергілікті халықтан босатылған ауылдар көпке дейін бос жатты. Алғашқы орыс қоныстары отставкаға шыққан матростар мен казактар сала бастаған әскери бекіністер негізінде пайда болды. Қазіргі Сочи қаласы тұрған тұста әуелі Александрия бекінісі салынды. Кейін оның атауын осында соғысқан полктің құрметіне Навагинск деп өзгетті. Кейін бұл өлкеге славяндар ғана емес, армяндар, эстондар, гректер, поляктар сияқты басқа этникалық топтар да қоныстана бастады. Қазіргі Үлкен Сочи тұрған жерді отарлау әсіресе 19-ғасырдың 60-70 жылдары қарқынды жүрді. Мұнда славян халықтарымен бірге, бірінші дүние жүзілік соғыс кезінде Понт гректері, Түркия армяндары да қоныстана бастады.
– Кавказдағы орыс басқыншылығын «геноцид» деп тану туралы черкестердің бір бөлігінің талабы – әлі шешілмеген мәселе. 19-ғасырдың басы мен ортасында соғыс жүргізу заңдары мен ережелерін реттейтін қазіргі замандағы сияқты халықаралық этика, заң болған жоқ. Мұндай заңдар өткен ғасырдың басында ғана жасала бастады. Ал патша әскерінің сол кездегі іс-қимылдары бүгінгі күн тұрғысынан қарағанда, халықты жаппай қырып-жою, депортациялау сияқты әскери қылмысқа жатады. Ол замандағы оқиғаны геноцид деп атау дұрыс па?
– Кавказды отарлауды емес, 1864 жылға дейін жүргізілген соғыс қимылдарын «геноцид» деп атау керек. 1990 жылдардың басында Адыгей және Кабардин-Балқар парламенттері бұл оқиғаға өз бағасын беріп, заң жүзінде геноцид деп таныды. Мен екі парламенттің бұл шешімімен келісемін.
– Орыстар Кавказға басып алғанға дейін черкестер қандай халық еді, олар немен шұғылданды?
– Олар жер өңдеумен айланысты. Бұл тақырып бойынша ең белгілі тарихи еңбек – британдық саяхатшы Эдмонд Спенсердің 1830 жылдары Англияда жарияланған
– Сочи аймағын курортқа айналдыру қашан басталды?
– Курортқа айналдыру 19-ғасырдың аяғында басталып, ал совет өкіметі тұсында
Бүкіл Қара теңіз жағалауын археологиялық «Клондайк» деуге болады.